IV аналит. топ: Cu2+, Cd2+, Hg2+, Bi3+, As3+, As5+, Sb3+, Sb5+, Sn2+, Sn4+. Топ реагенті - H2S күкіртті сутек. H2S – пен қышқыл ортада рН = 0,5 тұз қышқылының қатысында сульфид күйінде тұнбаға түседі. Сульфидтер сұйытылған минералды қышқылдарда және суда ерімейді.
ІV топтардың сульфидтерінің Na2S ерітіндісінде және аммоний полисульфиді ерітіндісінде (NH4)2SX еруіне қарай екіге бөлінеді:
1) мыс топшасы: Cu2+, Cd2+, Hg2+, Bi3+
2) мышьяк топшасы: As3+, As5+, Sb3+, Sb5+, Sn2+, Sn4+ және т.б. Жоғарыда айтылған екінші ерітіндіде мыс топшасы ерімейді, ал мышьяк топшасы биотұздары ериді.
SnS2 + Na2S = Na2SnS3 – натрий тиостаннаты
Sb2S3 + 3Na2S = 2Na3SbS3 – натрий тиостибаты
Тиотұздар суда жақсы ериді сондықтан мыс топшасынан сүзіп бөліп алады.
Катиондарды талдаудың сульфидті жүйесі (жалғасы)
V аналит. топқа: Ag+, Hg22+, Pb2+ және т.б. жатады. Олардың хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда да ерімейді. Топ реагенті 2 н НСІ. Жүйелі анализ жүйесі бойынша анықтайды.
Классикалық сульфидтік талдауды ұзақ уақыттан бері қолданып келгенімен оның бірнеше кемшілігі бар:
ІІІ және ІУ аналит. топ катиондарынының кейбіреулерінің ерігіштігі бір-біріне өте жақын болғандықтан, оларды бөлу толық жүргізілмейді.
ІІІ және ІУ топ катиондары бірігіп тұнбаға түседі. М: Қалайы сульфидімен никель және кобальт сульфидтері.
Кемшілігі: Катиондарды толық талдау үшін уақыт өте көп жұмсалады.
Жұмыс барысында күкіртті сутекті қолданылуы улы болғандықтан арнай бөлмеде және ерекше жағдайда жұмыс жасауды талап етеді.