ІІ аналит. топ: сілтілік жер металдар жатады: Ba2+, Sr2+, Ca2+; топтық реагенті – (NH4)2CO3 -мен аммиакты-буфер ерітіндісі NH4OH және NH4CI қатысында суда ерімейтін карбонаттар МеСО3↓ түрінде тұнбаға түседі. ІІ топ аммоний сульфидімен және күкіртті сутекпен H2S тұнбаға түспейді.
ІІІ аналит. топқа: АІ3+, Cr3+, Fe3+, Fe2+, Ni2+, Co2+, Mn2+, Zn2+ және т.б. Топ реагенті (NH4)2S. Бетарап және сілтілік ерітінділері (рН=7 – 9) аммоний сульфидімен суда ерімейтін сульфидтер және гидроксидтер түрінде тұнба түзеді. ІІІ аналит. топ екі қосымша топқа бөлінеді. Бірінші қосымша топ АІ3+, Cr3+ топ реагентімен аммиакты-буферлі ерітіндіде гидроксидтер түрінде тұнбаға түседі. Ал басқасы – топ реагентімен сульфид түрінде тұнбаға түседі. ІІІ топ қышқыл ортада сульфидтер түзбейді.