Катиондарды талдаудың аммикатты-фосфатты жүйесі. - І топқа топтық реагенттері жоқ K+, Na+, NH4+ жатады.
- ІІ топқа Mg2+, Mn2+, Fe2+, Fe3+, AI3+, Cr3+, Bi3+ катиондары жатады. Бұлар топтық реагент аммоний гидрофосфатымен (NH4)2HPO4 күшті аммиакты ортада тұнбаға түседі. Сірке қышылының бұл фосфаттарға қатынасына қарай ІІ топ екіге бөлінеді: 1). Ba2+, Ca2+, Sr2+, Mg2+, Mn2+, Fe2+ - фосфоттары сірке қышқылында еритіндер. 2). Fe3+, Al3+, Cr3+, Bi3+ - фосфаттары сірке қышқылында ерімейтіндер.
- ІІІ топқа Cu2+, Hg2+, Cd2+, Co2+, Ni2+, Zn2+ жатады. Бұлардың фосфаттары аммиакты еріп, [Me(NH3)n]2+ - типті аммиакаттар түзеді.
- ІV топқа Sn2+, Sn4+, Sb3+, Sb5+, As3+, As5+ жатады. Қалайы мен сурьма иондары қыздырған кезде азот қышқылымен метақалайы Н2SnO3 және HSbO3 қышқылдарының тұнбаларын түзеді. Мышьяк қосылыстары азот қышқылымен қыздырған мышьяк қышқылына Н3AsO4 дейін тотығады.
- V топқа Ag+, Pb2+, Hg22+ тұз қышқылымен аз еритін хлоридтер түрінде тұнба беретін катиондар жатады.
- Ерекшелігі: анықталатын катиондар санымен салыстырғанда аммиакты-фосфатты жүйелік талдау қышқылдық-негіздік жүйемен бірдей, бірақ анықтау әдісіне қарай күрделілеу және эксперимент жасаушы талдау жылдамдығын артыратын даралап анықтау реакцияларының санымен де шектеулі.
Достарыңызбен бөлісу: |