В парасүзегі қоздырғышы – Salmonella paratyphiB. Жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еітері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезінде көрінеді де, өзінің полиморфтығымен көрінеді. Кейбір жағдайларда дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнңефалитке, септикопиемияға айналады. Қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Дерттің қайталануы мүмкін.