Лекция №3 Тақырып: «Іш сүзегі. А және в парасүзектері» Анықтамасы. Іш сүзегі



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,84 Kb.
#88199
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция№3 (2)

Клиникалық көріністері. Іш сүзегі кезіндегі жұқпалы ауру процесінің ағымында келесідегідей кезеңдер ажыратылған: жасырын,бастапқы, өршу және реконвалесценция, немесе аурудың нәтижелері.
Жасырын кезең орташа 10-14 күн (7-23 күнге дейін болуы мүмкін). Аурудың типтік түрінде ауру біртіндеп баяу басталады. Күн сайын дене температурасы 1°С жоғарлап (баспалдаққа шыққан сияқты), аурудың 4-5 күндері ол ең жоғарғы шекке жетеді. Ауру жедел басталады.
Аурудың бастапқы кезеңінде науқастарда жалпы сырқатты хал, бүкіл дененің шаршағандай сезімде болуы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, еңбекке қабілеттің төмендеуі, субфебрилитет байқалады. Бастапқы кезең бір аптаға жуық созылады. Дене қызуының көтерілуімен қатар улану нышандары да үдеп, ішкі мүшелер зақымданады: тері жабындылыарының бозаруы күшейіп, бас ауыруы, брадикардия. Іштің қатуы немесе өтуі мүмкін. Бастапқы кезеңге аса тән нышандар: қызба, әлсіздік, бастың айқын ауруы, ұйқының бұзылуы.
Аурудың өршу кезеңінде аурудың барлық нышандық жинақтары дамиды. Өршу кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта. Дене қызуы әрқашан жоғары қалыпта сакталады. Науқастардың көбінде сүзек статусы дамып, розеолдар білінеді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жүрек-тамыр жүйелері, ішектер, тыныс алу мүшелері де зақымға ұшырап, олардың қызметтері де бұзылады.
Аурудың негізгі нышаны - қызба. Өршу кезеңінде дене температурасы 39-40°С. Қызбаның сипаты - тұрақты. Таңертенгі температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1°С аспайды. Сондықтан науқаста қалтырау, тершеңдік белгілері болмайды. Науқас тек қызып жатады.
Айқын интоксикация дамып Status typhosus қалыптасуы мүмкін. Бастың айқын ауруы, үйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды.
Организмнің интоксикациясы дамығын кезде жүрек-қантамыр жүйенің зақымдануы міндетті түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тәң бұзылыстарға салыстырмалы брадикардия, пульстың дискротиясы, гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады.
Негізігі патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп, калың қоңыр түсті жабындымен жамылып, тістердің іздерімен сипатталады.
Аурудың келесі маңызды нышаны метеоризм - іштің кебуі. Науқастарда ішектің парезі дамығаннан соң дәреті тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея даму мүмкін. Оң жақ илео-цекальды аймақта іштің ауру сезімі, шырылдауы анықталады, салыстырмалы перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс туйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия және спленомегалия дамиды.
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне бөртпе жатады, морфологиялық сипаты - розеола (көлемі 2 мм дейін майда дақ). Бөртпенің денеге шығу мерзімі: аурудың 8-10 күндері. Бөртпенің орналасатын жері - қарынның алдыңғы қабырғасы, кеуде. Розеолалардың саны 1-5-10. Пайда болған розеолалар 1-5 күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді.

Іш сүзегінің типтік және атиптік ағымы ажыратылған.


Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және мүшелердің барлық қызметтерінің біртіндеп тұрактануымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет