Әож 598 м 79 ҚЫРҒауыл бағалы, емдік қасиеті бар қҰс тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Дата17.02.2018
өлшемі76,28 Kb.
#37736
ӘОЖ 598

М 79
ҚЫРҒАУЫЛ – БАҒАЛЫ, ЕМДІК ҚАСИЕТІ БАР ҚҰС


Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Абжапарова А.С оқытушы Мұрсал Ә.Д Б–13–5 тобының студенті


Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000 – ға тарта түрлері, Қазақстанда 498 түрі мекендесе, соның ішінде 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Құстар жеріміздің көркі болуымен бірге, халық қажеттілігін өтеуде кәсіптік маңызы да зор. Бірақ мұндай құстардың кейінгі кезде санының күрт азайғаны байқалады.

Осыған орай сирек кездесетін құстардың бірі – қырғауылдың биологиялық сипатын зерттегенімізді оның етті қарнының (бөтеке) халық медицинасында емдік мақсатта қолданылатындығы анықталды. Халық медицинасында осы етті қарынның сары бүрі емге қолданылады. Оның адамның ас қорыту жолдарындағы, бауырдағы, бүйректегі жинақталған қиыршық тасты ерітіп жіберу қабілеті бар. Етті қарынның осы емдік қасиетінің ғылыми негізін ашу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді.[2]

Қырғауыл мен үй тауығы бір отряд тауықтәрізділерге жататындықтан тауықтың да бөтекесі зерттеліп екеуін салыстырдық. Нәтижесінде екеуінің де емдік қаситеті бірдейлігі анықталды. Олай болса сирек кездестін құс болғандықтан қырғауылдың орнына халық медицинасында тауықты пайдалану керектігі ұсынылды. Оның қорын молайту үшін табиғат қорғаушылар қырғауылды қамқорлыққа алып, оның өсіп – өнуіне қолайлы жағдайлар жасау қажет және ол сирек кездесетін құс болғандықтан халық медицинасында тауықты пайдалану керек. Қазіргі кезде халық қажеттілігін өтеуде мұндай маңызы бар құстар саны күрт азайғаны байқалды. Жергілікті жердегі жойылып кету қаупі бар құстарға тырна, дуадақ жатса, сирек кздесетін түрлеріне қызғылт бірқазан, аққұтан, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, бүркіт және қырғауыл жатады. Бау – бақшаларға құстардың қандай түрлерін тарту, жеміс бұтақтарындағы бар құстарды қалай сақтау, олар немен қоректенеді, емдік қасиеті қандай деген сұрақтарға біз құстардың тіршілігін, биологиясын зерттеп білгенде ғана жауап бере аламыз.[4]

Құстардың қорын молайту үшін табиғат қорғаушылары оларды қамқорлыққа алып, өсіп – өнуіне қолайлы жағдай жасаулары қажет.

Анатомиялық құрылысы жағынан құстар өзінің тікелей шыққан тегі бауырмен жорғалаушыларға өте жақын және олардың дене температурасы тұрақты болып, ұшуға бейімделген прогрессивті дамыған бір бұтағы болып табылады.

Құстардың прогрессивті белгілері: біріншіден, бауырмен жорғалаушыларға қарағанда миы үлкен, мінез – қылығы күшті дамыған, өте жақсы жетілген инстинктің болуы. Екіншіден жүрегі 4 бөлікті болады, қолқаның веналық доғасы артрофияға ұшыраған, нәтижесінде қан араласпайды және дененің үнемі жоғары температурасы болуына әсер етеді. Алдыңғы аяқтары ұшуға байланысты қанатқа айналған,жеңіл сопқша келеген денесі қауырсынды, іші ауаға толы жеңіл сүйегі, барлық денесін алып жатқан өкпеден тараған ауа қапшығы, артқы ішектің редукцияға ұшырауы.

Тауықтәрізділер отрядының сипаттаушы белгілері: денесі тығыз – шомбал, топырақта қазуға бейімделген нұқыл тырнақты күшті аяқтары, ұзындығы мықты келген орташа тұмсығы, жоғарға қабырғалары иіліңкіреп келген және қысқа, қомданып келген қанаттары болады. Тауықтәрізділердің бәрі үлпілдек жүнді балапанды құстар, түрлерінің басым көпшілігі ірі. Негізгі тұқымдастары қырғауыл тәрізділер және құр тәрізділер. Қырғауыл тәрізділер тұқымдасы – тауық тәрізділер отрядының ең үлкені.

Қырғауыл құсы сыртқы түр сипаты мен мөлшеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Аталықтарының аяқтарында үлкен өсінді – тепкілер болады және аяқтары қауырсынсыз болады. Аяқтары ұзындау болғандықтан ашық жерлерде жылдам жүгіре алады. Қырғауылдардың бағыттаушы қызметтерін атқаратын құйрық қанаттары, әсіресе аталықтарында ұзын болады. Қырғауылдар қонақтаған жерінен тік ұшып көтеріліп кете алады. Аталығының ұзындығы құйрығымен қоса есептегенде 80 – 90 см – дей болады. Ал аналығының ұзындығы 60 см болады. Басы мен мойыны және бүйірі қанық күлгін , арқасы қызыл, қара дақты болып келетін аталығы сұлу болып көрінеді. Бұл құстар суы мен өсімдігі мол тоғайлы жерлерде мекендейді. Олар егістік далаларындағы қалған дәндерімен және жидектерімен қоректенеді. Көктемге қарай жасыл өсімдіктермен және бунақдене дернәсілдерімен қоректенеді. Кейде шегірткелер олардың қорегінің 80 – 90 % құрайды.[3]

Қырғауыл ауылшаруашылығы зиянкестерімен және арамшөптермен қоректеніп пайда келтіреді. Қыстың аяғы мен көктемнің басында яғни, маусымдық өзгерістерге байланысты көбіне сәуірден мамырға дейін қырғауылдардың қыстық үйірі тарап, ұялау үлескісіне орнығады. Қырғауылдың қоразы көбею мерзімінің алғашқы кезеңінде тоғай не бұта арасынан бір ыңғайлы ашық жерді тауып алып күй ойнағын бастайды. Бұл кезде ол таңертең және кешкісін ерекше дауыспен қанаттарын сабалап дыбыстайды. Әрбір дыбыстау аралығы 6 – 10 минут құрайды. Міне, осындай әдемі түсті әтештерді көргенде мекиендері жүгірі келеді. Қораздардың арасында қақтығыс болып, жеңгендері сол орынды иемденеді. Бір қызығы жас қораздардың ата қораздарға қарағанда мекиендері аз болады да, ал кейбіреулерінде тіпті болмайды. Ал 2 – 3 жасқа келген құйрығы ұзын ата қораздарда мекиендері көп болады. Ұя онша керек емес топырақтарға бұтақтар мен шыбықтардан және өздерінің қанаттарынан тұрады. Ұяға әдетте 10 – 14, кейде 18 – ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқасының түсі ашық қоңырлау, жасылғыш, аздап жылтырлау, ешқандай бедерсіз. Жұмыртқаның мөлшері шамамен 45х36 мм, орташа салмағы 30 -35 гр.Ұя көбіне 20 – 30 см биіктіктегі шөптер арасында салынады. Ұяның көлемі шамамен 20 см, ал тереңдігі 5 – 7 см. Аналығы ұядан қоректену кезінде немесе қауіп төнген жағдайда ғана тұрады. Жұмыртқа басу 21-23 күндерге созылады, ал қолайсыз кездерде 27 күн. Аналығы балапан шығарар алдында өз салмағының 40 пайызына дейін жоғалтып, өте арықтайды. Балапандар жұмыртқадан бірдей және жақсы жетілген ширақ балапан түрінде. Балапандарына тек аналығы ғана қарайды, ал аталығы тек күзде оларға қосылады. Күзде бірнеше қырғауыл үйірінің тобын көруге болады. Балапандардың дамуы 8 кезеңнен тұрады.

1 – ші кезең. Жұмыртқадан шыққан балапандардың 1-3 күннен кейінгі қоршаған орта жағдайларына бейімделуі. Басының денесінен үлкен кезеңі. Бұл кезде дене салмағының кемуі байқалады.

2 – ші кезең. 3-10 күндік тіршілік кезеңі. Бұл кезде жынысы айқындала бастайды. Өзінше тамақтануға бейімделуі, бой мен салмағының артуы. Жыныстық айырмашылық аздап біліне бастайды. Балапан денесі бұл жаста ұрықтық мамықпен қапталған.

3 – ші кезең. Тіршілігінің 11-30 күндігі. Балапандарда жабын бағыттаушы қауырсындар шығып, қанатын жауып өседі, жыныстық айырмашылық дене мөлщерінен айқындала бастайды. Жабын қауырсыны денесін түгел басып, ұрықтық мамық І – реттік қауырсын жамылғысымен ауысады.

4 – ші кезең. Балапан тіршілігінің 31-60 күндігі І – ші реттік қауырсыны ІІ – ші реттік түрге ауысады. Соңынан бағыттаушы қанаттардың өсуі аяқталады. Тәуліктік салмақ қосуы артады.

5 – ші кезең. Балапан тіршілігінің 61-90 күндігі. Бірінші реттік бағыттаушы қауырсын ІІ – ші реттікпен ауысады. Тәуліктік дене салмағын қосу артып, жамылға қауырсындары белсенді түрде ауыса бастайды.

6 – шы кезең. Жас құстың 90-165 күндігі. Дене мөлшері үлкейе түседі, ересек қырғауылға ұқсас бола түседі.

7 – ші кезең. Құстың 165-220 күндігі. Бұл кезеңде олар толық жыныстық айқындалу мен өсуден өтеді. ІІ – ші реттік қауырсындану аяқталады. Жыныстық қалыптасудан өткен аталықта ашық әдемі түрге енеді.

8 – ші кезең. Құс тіршілігінің 221 күндігінен басталады. Бұл кезеңде жыныстық даму аяқталып, 250-300 күннен кейін көбеюге қатыса алады.[1]

Қауырсынның формасы мен түсінің өзгешелігі, сонымен бірге дауыспен үндесуі құстар тіршілігінде, әсіресе жұп құру кезеңінде зор маңызы бар. Бірақ қауырсын қанаттылардың өмірінде басқа да көптеген қызмет атқарады. Алайда қауырсын мәңгілік емес, ол құс үстінде тіршілігінің өн бойында жүре бермейді. Қауырсын оңады, тозады, бүлінеді. Құс әлсін – әлсін қауырсынның өзіне тән қызметін орындау мақсатымен өзгертеді. Қауырсынның міндеті жылдың әр мезгілінде әр түрлі болады. Бұл кезде құстардың жұп құру сәніне тән қауырсынды түрлендіретін түрлі формалар мүлде артық сән – салтанат болып табылады.

Құстардың қауырсынын жаңартуы олардың көбеюге байланысты қым – қуат істерден босаң кезеңінде келіп ұштасады. Жұмыртқа салу, оны басу ақырында балапандарын қоректендіру сияқты мәселелердің барлығы көптеген энергиялық шығынды керек етеді. Балапандар тарағаннан кейін, көптеген құстар үшін Оңтүстік жаққа ұшары алдында ескі қауырсынның жаңаратын нағыз қолайлы кезі басталады. Күйлеу аяқталғаннан кейін, аталықтарда түлеу басталады, ал аналықтары балапандарын жетілдіргеннен кейін түлейді. Түлеу басы мен мойнынан басталып, мамық қауырсындары кейіннен құйрық қауырсындары түлейді. Үлкен құстардың түлеуі 3 айға созылып, қарашада аяқталады. Осы кезеңдерде қырғауылдар 10 шақты құстардан тұратын үйір құрайды. Қыста олар күшті семіріп, бірақ суықтан аза бастайды. Өйткені қысқа қыстыгүні керек қорегін табу қиындайды.[6]

Халық медицинасында қырғауылдың бөтекесі емдік мақсатта пайдаланылады. Құстардың ас қорыту жүйесі, қызметі жағынан сүтқоректі жануарлардың ас қорыту жүйесіне ұқсас болғанымен, олардың өзіне тән морфофункциональдық ерекшеліктері бар. Қырғауылдың етті қарнында әртүрлі қатты заттар (қиыршық тас, шыны т.б) кездеседі. Сондықтан қарында аз ұнтақталып, ақуыздар қорытылады. 2-4 сағат аралығында қарынға өткен ақуыздардың 30-50 % полипитидтерге дейін ыдырайды. Бұл жерде ішектен өткен ферменттердің әсерінен аз мөлшерде 10-15% көмірсулар мен липидтер ыдырайды. Етті қарынның ішкі беті кутикула деп аталатын қатты қабыршақпен қапталып, қарынның арнаулы бездері бөлген секреттің қатуынан пайда болған.

Халық медицинасында осы етті қарынның сары бүрі емге қолданылады. Оның адамның ас қорыту жолдарындағы, бауырдағы, бүйректегі жинақталған қиыршық тастыерітіп жіберу қабілеті бар. Оның ғылыми негізін ашу үшін зерттеу әдісі ұсынылады:

1. Екі қырғауылдың бөтекесін (етті қарнын) жарып, сары қатты бүрін біріншісінде қырып алу;

а) бірінші алынған бүрді қайнатпай кептіру (1 апта)

б) екінші алынған бүрді кептіру;

2. Бірінші кепкен бүрді ұнтақтау, жылы суға араластырып, тас қиыршықтарын немесе шыны салу. (38-40 С термостатқа қою), бақылау. Екінші кепкен бүрді ұнтақтау, жылы суға араластырып, тас қиыршықтарын немесе салу, термостатқа қою, бақылау. Зерттеуге бөтекенің екі жағдайын алу себебіміз, екеуін салыстыру. Бірінші жағдайда қайнатылмаған бөтеке тасты заттарды ертіп жібереді. Ал екінші жағдайда, яғни қайнатып алынған бөтекемен жұмыс жүргізгенде, тасты заттардың ерімеу себебі, ондағы ақуыз заттар, ферментттер денатурацияланып, қызметін жояды. Қырғауылдар мен үй тауықтары бір отрядқа жатқандықтан тауықтың етті қарнының да емдік қасиеті бар.

Қырғауылдардың онсыз да жауы көп. Үлкен құстар, түлкілер, шағалдар және жабайы иттер, жыртқыштар шабуылдап жесе, жұмыртқа мен жас балапандарын қарға мен сауысқандар, ешкіемерлер, жыландар жейді. Қатал қысты күндері көпшілігі аштықтан қырылады. Нәтижесінде қырғауылдардың саны жиі ауытқып, кейінгі кездері азаюда. Оның азаюына браконерлікте қатты әсер етеді.

Құс атаулының бәрі де пайдалы. Тұрғылықты жерде құстарға деген ерекше қамқорлық болуы тиіс. Сондықтан сирек кездесетін қырғауыл түрін сақтау керек.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әлімбаев Р.Ә, Төреходжаев Ж.Н «Құстар тіршілігі» Қайнар баспасы Алматы 1972 жыл

2. Әлиев Ш, Бекенов, Қыдырбаев Х «Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау»

3. Мұханов Б, Мұсақұлов Т, Суворов Н «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» Алматы 1963 жыл

4. Молдабергенов А. «Атамекен - Алматы», «Қазақстан» баспасы 1988 жыл

5. Шаймарданов М «Зоологиядан қазақша – орысша сөздік» Алматы «Мектеп» баспасы 1984 жыл



6. Несіпбаев Т.Т «Жануарлар физиологиясы» Алматы «Қайнар» баспасы 1995 жыл
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет