АЛТЫ САҒАТ МАҚТАҒАНДА...
Белгілі журналист, педагог, ғалым, мектеп оқушыларына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының авторы Төлеутай Ақшолақовтың мерей тойы болады. Оған қатысқан қонақтар тарағаннан кейін етжақын адамдардың кейбірі сол үйде қонып қалады. Олардың арасында қазақ журналистикасының ақсақалы, профессор Қалижан Бекхожин, белгілі композитор Садық Кәрімбаев, ақын Мұзафар Әлімбаев болды.
Той-той деп жүріп шаршаған бұлар бастары жастыққа тиісімен ұйықтап кетсе керек. Бір кезде ас үйден күңгірленген, салдырлаған дыбыстар естіледі. Түн ішінде басқаларға ұйқы бермей, қазан-аяқты салдырлатып жүргендер кім болды екен деп, Мұзафар ас үйге барса, Садық Кәрімбаев Төлеутай Ақшолақовты иығынан қапсыра ұстап, төніп тұр екен.
Сөйтсе, композитор үй иесінен жұрт жатқаннан кейін тағы арақ сұрайды. Төлеутай ас үйден іздеп ештеңе таба алмайды. Ал Садық тап та таптың астына алып, өзеурей берсе керек. Олардың үстінен шыққан Мұзафар:
Әу, Сәке, сақалды басыңызбен айқай-шу шығарып сізге не болған? – деп, екеуіне араша түседі.
Сонда Садық:
«деген екен...»
24-25бет
ЕСЕППЕН ӘКЕЛГЕН ӨЛЕҢ
Халық ақыны Омар Шипин (1879-1963) бірде Қостанай облыстық газеті редакциясына келіп, егін орағына орай жазылған екі жүз жолдық өлеңін тапсырады. Ақсақалдың өлеңін қабылдап алып қалған редакция қызметкерлері оның жүз жолын қысқартып, жүз жолын газетке шығарыпты. Омекең келесі жолы редакцияға барған кезде жігіттер:
Ақсақал, ғафу өтінеміз, өлеңіңіздің жүз жолын ғана басуға мүмкіндік болды, - деп кешірім өтінген болады. Сонда Омекең сәл ғана езу тартып:
Сендердіңде қақ жарымын қысқартатын «қасиеттеріңді» біліп, өзім де, есеппен көбірек жазып әкеліп ем... Егер газетке шыққан осы жүз жолдыәкелген болсам, онда сендер елу жолын ғана қалдырарр едіңдер,- деген екен.
«деген екен...»
25 бет
ОЙҒА КЕЛМЕЙТІН СӨЗ
Бір жаққа баруға жиналып жатқан әкесінен Бақытжан Момышұлы: «Қайда барғалы жатырсыз?» - деп сұрағанда Баукең:
Жобсқа барамын, деп жауап қайырады.
Түсінбедім, қайда барамын дедіңіз? – деп қайыра сұраған баласына Баукең: «Е, несі түсініксіз, «Жазушылар одағының бірінші секретары» дегеннің қысқашасы ғой», - деп жауап береді.
Түу, папа-ай! Кісінің ойына келмейтінді айтады екенсіз, - дейді Бақытжан. Сонда Бауккең:
Ойына келгенін ғана айтатын саған теңелер жайым жоқ! – деген екен.
«деген екен...»
26 бет
ХАЛ СҰРАМАЙТЫН СӘБЕҢ
Елді аралаған бір сапарларында әйгілі ақын-жазушылар Иса Байзақов, Сәбит Мұқанов, Қасым Аманжолов үшеуінің жолы Қарағанды жеріне түсіпті. Содан түнімен қонақта болып, үшеуі таңертең Ақтоғайға баруға жиналып жатқанда Сәбеңнің дәу қара сөмкеге арақ-шарап, тамақты нығап салып жатқанын Қасым байқап қалса керек. Машинамен жолға шыққандарына біраз уақыт өтіп, Нұра өзенінен өткенше сыр білдірмей отырған Қасым бір кезде:
Әлгіде мына сөмкеге арақ-шарап салып жатыр еді, шөлден өлеміз бе, бірдеңе десеңші, - деп сыбырлайды Исаның құлағына.
Маужырап отырған Иса селт етіп көзін ашып:
Ел қайда, Есіл қайда, Нұра қайда?
Коньяк, шампан менен сыра қайда?
Бас ауырып, балтырың сыздаса да,
Бұл Сәбең «хал қалай» деп сұрамайды, ә?! – деген екен.
«деген екен...»
26 бет
АҚМОЛА САПАРЫНДА
Елуінші жылдардың басында Сырбай Мәуленов қарағандылық ақын Аллажар Теміржановты қасына ертіп,шығармашылық командировкамен Ақмола қаласына барады. «Күтіп аламын» деп уәде берген ақмолалық жазушы Қабыкен Мұқышев әлдебір себептермен вокзалға келмей қалады. Поездан түскен соң Сырбай мен Аллажар алаңдап, айналаға жалтақтап қарап аз-кем тұрады да:
Ресторанға кіріп, коньяк ішіп, бой жылыта тұрайық. Іздеген Қабыкен бізді сол жерден табар, - деп, екеуі теміржол вокзалының ресторанына қарай тартады. Келсе, ресторанда коньяк түгілі ақ арақ та жоқ екен. Сонда Аллажар өкіне басын шайқап:
Достарыңызбен бөлісу: |