Болмас жерден мін тауып,
Ұйқасын да күзейді.
Автор келсе «тіл тауып».
Басын сосын «түзейді».
«деген екен...»
31-32 бет
ЕКІ АҚЫН ЖӘНЕ БЕЛЬГЕР
Қазақстанның Россияға қосылуының 250 жылдығы сол заманның саясатымен ұлан-асыр той боп өтті ғой. Тойдың басы Қазақстан астанасында басталып, соңы Мәскеудегі ойын-сауық, мәжілістермен аяқталғаны мәлім. Сол Мәскеудегі тойға Қазақстанның жүзге тарта өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысады. Бірнеше күн тойлап, бастары аздап шыңылдап, Ғафу Қайырбеков пен Сырбай Мәуленов бірде таң атпай «Москва» мейманханасының алдында таза ауа жұтып тұрса, мейманханадан қазақстандық атақты неміс жазушысы Герольд Бельгер шығып келе жатыр екен дейді. Герольд Ғафекең мен Сырағаңның көзіне оттай басылып, екеуі оның қолынан шап беріп ұстай алыпты да, қайым ұйқыспен былайша өлеңдете жөнеліпті:
Ғафу:
Немістің бір ақыны Бельгер еді,
Сырбай:
О бастан жомарттығы белгілі еді,
Ғафу:
Үш тілдің басын қосқан қайран сабаз,
Сырбай:
Еңбегін жалпақ жатқан ел біледі,
Ғафу:
Мәскеуге келе қалған сапар екен,
Сырбай:
Біз десе соға қалған ер жүрегі,
Ғафу:
Болса да орыс-қазақ туыстық қой,
Сырбай:
Немістен ішер кезек енді келді.
Қазақ тілінің құдіретін де, дәмін де, мәртебесін де жақсы білетін Герольд Бельгер риза болып, екі ағасын қолтықтап бөлмесіне қарай жетектей жөнеліпті.
«деген екен...»
32-33 бет
ӘТТЕҢ, ТЕМІР БОЛМАҒАНДА...
Көрнекті жазушы Дулат Исабеков республикалық теледидарға бас директор болып тағайындалады. Бар өмірі газет-журнал редакциялары төңірегінде өткен, теледидар дейтіннен хабары шамалы Дулатқа ол жерге бастық болу оңайға соқпайды. Бірақ бастықтың аты бастық қой, қызметкерлерге пікір айту керек, ортаға ұсыныс тастау керек, жайы келсе ескертпелерде жасаған жақсы, қысқасы «бұл саладан түк білмеуші едім» деп қол қусырып отыра бермей, оларға бағыт-бағдар, жөн сілтеу міндет. Осы оймен Дулат та қызметіне білек сыбанып кірісіп кетеді. Құдай тағала пендесін қолдайын десе қолында екен ғой, бастық болған алғашқы күндері-ақ Дулатқа өз қызметкерлеріне қатаң ескертулер жасаудың, тереңнен әңгіме қозғаудың реті келе келіпті.
Әдетте «Уақыт» ақпарат бағдарламасынан кейін республика теледидары көрермен назарына көркем кинофильм ұсынушы еді ғой. Бірде кешкілік сол «Уақыт» пен кинофильм аралығында экран үш минут бойы бос тұрып қалады. Ертесінде таң атпай Дулат қызметкерелерін шақырып алып, осы жәйтті қатаң ескертіп, кезекшілікте болғандарға ұрыса бастайды:
Бұл барып тұрған жауапсыздық! – дейді ашуланып. Бұған кім кінәлі, сол кісіні маған шақырыңдар!
Жаңа бастықтың айбынынан ығып, шеткерірек отырған қызметкердің біреуі:
«Томсон» қызып қалып... – деп ақтала бергенде, Дулат оның сөзін кілт бөліп жібереді:
Жұмыс уақытында қызып жүрген ол кім? Ондай пиәншікті бүгіннен бастап жұмыстан қуу керек! – дейді екпінінбаса алмай.
Дулат Исабекович, онысіз қуа алмайсыз... – дейді топ ортадан тағы біреу күмілжіп.
Неге қуа алмаймын?! Көк тіреген қолдауы бар болса да қарамаймын, қуып шығам, - дейді Дулат та намысқа тырысып.
Қуа алмайсыз...
Қуамын!
Қуа алмайсыз дегенім... ол – темір ғой, аппарат, Дулат Исабекович... Сол қызып кетіп, суытқанша экран үш мүйнет бос қалған еді...
Сонда Дулат өкінгендей басын шайқапты да:
Қап, бәлемді... ол оңбаған, темір болмағанда көресіні көрсетер ем! – деген екен.
«деген екен...»
33-34 бет
МҰҒАЛІМНІҢ МІНЕЗІ
Алпысыншы жылдардың ішінде ақын Сырбай Мәуленов Ұзақбай деген кісімен ұзақ уақыт бойы таныс дос болып жүреді. Ұзекеңнің өзі әзілкеш болғанымен, кей-кейде оның өзіне әзіл атй қалсаң – қыз сияқты қысылып, ұялып қалатын қызық мінезі бар екен. Ұзекеңнің сондай мінезін жақсы білетін Сырағаң бірде өлеңмен ол кісіге мынандай мінездеме жазыпты:
Достарыңызбен бөлісу: |