2. Ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына 2004 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулер
Сырдария археологиялық экспедициясы ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласының солтүстік жағындағы биіктігі 3 метр болатын жарқабақты бойлай 1-ші қазба салды. Төбенің солтүстік бөлігін су бұзып кеткен. Сақталған бөлігінің көлемі 100х50 метр болады. Биіктігі 2 метр (1-сурет).
Қазба-1. Жоғарғы хронологиялық кезеңге жататын мәдени қабатын кең көлемде зерттеу мақсатымен көлемі. 5х5 метр қазба салынды, ол 1,5 метр тереңдікке дейін қазылды. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде үш бөлме ашылды (4-сурет).
Бірінші бөлме қазбаның шығыс бөлігін алып жатыр, тік төрт бұрыш, көлемі 3,20х3,40 метр Бөлменің қабырғалары әлемнің төрт жағына бағытталған. Қабырғаларының ені 0,80 метр келетін пахса блоктардан тұрғызылған. Қабырға 1,5 метр биіктікте сақталған. Бөлмеге батыс қабырғаның ортасында орналасқан, ені 0,7 метр есік арқылы кіруге болады. Бөлменің оңтүстік-батыс бөлігінен көлемі 0,84х0,95 метр ошақ ашылды. Биіктігі 0,16 метр, қабырғасының қалыңдығы 0,28 метр, аузының ені 0,25 метр. Ошақ ішіндегі ақ түсті күлдің қалыңдығы 3-5см. Ошақтың солтүстігінде, батыс қабырғаға тақап көлемі 1,20х1,60 метр қойма жасалған. Оның көлемі 21х12х10см. кірпіштерден қаланған. Биіктігі 30см. Бөлме едені мен қабырғалары
Достарыңызбен бөлісу: |