Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті байланыстарының қайнар көзі
Жоспары:
Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы.
Орыс әдебиеті мен қазақ балалар әдебиетінің өзара байланыстары.
Мысал өлеңдерінің балалар әдебиетіне жақындығы.
Лекция мақсаты:
Мысал өлеңдерде көбіне жануарлар немесе басқа да жансыз нәрселер сөз етілгенімен, олардың бәрі де адамша сөйлеп, адамша көңіл күйін білдіріп, сезініп отырады, яғни мысалдарда адамдар және олардың өз ара қарым-қатынастары бейнеленеді.
Лекция мәтіні: 1 Балалар әдебиеті тарихында XIX ғасырдың алғашқы оныңшы жылдарынан бастап, балалардың оқуына лайықталып,іріктелген ең алдымен И. А. Крыловтың мысал өлеңдері болғаны айтылған. Өйткені И. А. Қрыловтың мысалдарында орыс халқының өмірі шынайы тұрде бейнеленген еді. Оның өзі балалардың
білімін арттырып, ой дүниесін толықтыруда үздік роль атқарған.
И. А. Крылов халық жазушысы болғандықтан, оның мысалдарында халықтың данышпандық ойлары мен көрегендік пікірлері
қамтылған. Сонымен бірге халықтың жауына деген жиіркенішті
көзқарастары суреттелген «Россияда сауатты адамдардың саны
көбейе түскен сайын, Крыловты оқушылардың саны да үздіксіз
арта түседі. Оның мысалдарын Россиядағы білімді және шала
сауатты еословиелер әлдеқашан жаттап алды, бара-бара оны бүкіл орыс халқы оқитынына дау жоқ. Бұл — даңқ, бұл өшпес
атақ!» деген еді В. Г. Белинский. Осы пікірді дұрыс түсіне білген
ЬІбырай Алтынсарин И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкі», «Екі
тышқан», «Қайырымды түлкі» деген мысал өлеңдерін ең бірінші
болып аударып, 1879 жылы «Киргизская хрестотатиясында»
бастырып шығарған еді. Міне, бұл ұлы орыс халқы әдебиеті мен
қазақ халқы әдебиетінің өз ара байланыс қарым-қатынасы, бірін-бірі толықтыру, жетілдіру бағытының алғашқы бастамасы
болатын.
Ыбырай қазақ балаларына арнаған хрестоматиясын даярлау, жазу үстінде ең алдымен И. А. Крыловтың мысалдарын аударуды лайық көруінің мынадай пайдалы жақтары бар еді
Мәселен, Крыловтың Ыбырай аударған «Екі шыбын» мысалында:
Көзіме күні бойы көрінбеп ең, Келесін, сөйле! — деді, — сен қай жақтан? Сонда бұл мұрнын көкке көтереді, Адамсып, маңызданып жетеледі.
Жер жыртып, күні бойы шаршап келем, Мазалап сұрап саған не керегі, —
деп, өгіздің мүйізінде отырған қара шыбын паңдана түседі. Бұл былайша қарағанда тіпті әдемі күлкі. Ал оның мазмұнына, маңызына көз жіберсек, басқаша көріністі байқаймыз. Біреу еңбек етеді; оның еңбегін қанаған екінші біреу оны мақтаныш көретіш" сыналған. Ұлы мысалшы ездерін өмірдің билеп-төстеушісі, көркі мен сәні деп ұғатын үстем тап екілдерін қара шыбын бейнесінде суреттеп әжуалайдын.
Қазақ халкының ұлы ақыны Абай да 1898 жылдары Крыловтан «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа». «Піл мен қанден», «Қарға мен түлкі», «Бақа мен өгіз» деген мысалдарын аударған. Бұл аудармалардың қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына зор мәні болды.
Мысал өлеңдерде көбіне жануарлар немесе басқа да жансыз нәрселер сөз етілгенімен, олардың бәрі де адамша сөйлеп, адамша көңіл күйін білдіріп, сезініп отырады, яғни мысалдарда адамдар және олардың өз ара қарым-қатынастары бейнеленеді. Міне, осылайша өмір құбылыстарын, адам арасындағы қарым-қатынастарды астарлы түрде тұспалдай суреттеуді аллегория дейді. Ал, мысал өлең дегеніміз — тәлім-тәрбие беретін келемі шағын аллегориялық шығарма.
1898 жылы Абай аударған Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңінің әсіресе төменгі класс оқушыларының оқуына жеңіл тиетін және олардың мінез-құлқын тәрбиелеуде ерекше маңызы зор. Мұнда еңбек етуді сүймейтін, тойдуманның еркесіне айналған жалқаулар мен сәнқойларды, тоғышарларды өлтіре сынаған.
Достарыңызбен бөлісу: |