Тақырыбы: І. Жансүгіров балалар әдебиетін жасауға қосқан еңбектері
Жоспары:
І.Жансүгіровтің өскен ортасы
Ақынның өлеңдеріндегі жаратылыс суреттерін тіршілікпен байланыстыра жырлауы
І.Жансүгіровтің еңбек тәрбиесі тақырыбына жазылған әңгімелері
Лекция мақсаты: Балалар әдебиеті саласында Ілияс өз сөзін орындап шыккан жазушы.Ілиястың алғашқы кызметі халык ағарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалман қазақ жастарының басын құрап хат танытып, сауатың ашуды үлкен міндет етіп қояды.
Лекція мәтіні: Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бірінші май күні қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданының бұрынғы төртінші аулында туды. Ілияс шешесінен жастайынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап-ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болыпты. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арапша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп окып, көп жинапты. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияста әкесіндей әрі етікші әрі ұста, әрі әнші, домбырашы болады. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таниды. Осының өзі Илястың әдебиетке қызығуы мен өмірге деген көзқарасының калыптасуына көп көмегін тигізеді. Әкесінен көптеген қызықты әңгі-мелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызады. Айналасындағы болып жатқан неше алуан өмір кұбылыстары да балалық байқағыштық, назарынан тыс қалмағап еді.
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін, Бұмақтың тазалауға тінтіп көзің бар ма деп ашпаған сыр, айтпағап жыр, Құлақты кырға түріп жургсн кезім,— дейді.
Әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен дс қанағаттанбай 1905 жылы жергілікті жердегі Қарағашта ашылған орталау мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап өлең жазумен айналысады. Өз білімін көтеру үшін 1920 жылы Іляс Ташкентке барады. Онда жаңадан ашылған мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына оқуға түседі.
Ілияс Жансүгіров Ташкенттегі мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтынын екі жылдық курсын бітірген соң 1921 жылы Жетісуға кайта оралады. Өз еліне келісімен Қапал уезі, Аксу болысына қарасты Белтоған мектебіне мұғалім болып орналасады. Ілиястың алғашқы қызметі халық ағарту жүмысына араласудан басталған-дықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сондықтан ол «Жалпы жасқа» деген өлеңімен ұран тастап:
Әйел, еркек, жалпы жас! Қатеріл, көрін, қөзінді аш жаңбырлы жазғы жапырақтар, Көркей, көгер, гүлің шаш!..
Оқы, орталас, ұйымдас!
Бірік, бірлес, жас жасы
Жиылатын күн жетті,
Қайтып ұйқың қиылмас!..
деп, ел арасына, қарамағында оқуда жүрген жас өспірімдерге үгіт жүргізеді. Осы идеясын іске асыру үшін мұғалімдік қызметімен қатар, Ілияс батырақтар одағына кіріп, жалшылар арасында үгіт жұмысын одан ары жүргізе береді. Бұл кезде жазылған өлеңдерін көбіне солардың өміріне және жас ұрпақтарға арнады. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бұлбүлдарға», «Жастар ұраны», «Жазғытүрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлеңдері жас өспірімдерді оқуға, өнер білімге шақырды. Сол кездің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястын өленін әнмен шырқап, бүкіл елге тарататын.
Ілияс мүғалім болған кезінде ауылды кеңестепдіру ісіне белсене ат салысады. Ауыл еңбекшілерінің алғашқы ұйымы — жергілікті қосшылар одағьң ұйымдастырады. 1922 жылы қосшылар одағынын шақыруымен Алматыға келеді. Мұнда Алматы облысының қосшылар одағы комитетінің секретары болып орналасады. Сонымен бірге облысшы «Тілші» газетінде істейді. Ілияс 1924 жылы партия қатарына кіреді. Осы жылы ол қазақ ағарту ннститутының директоры болып қызмет атқарзды.
1925 жылы Ілияс Жансүгіров Москвадағы журналистика институтына түседі. Мұнда Ілияс оқуымен қатар, өзінің ақындық творчестволық жұмысының үннен-күнге дамытып, өлеңдерініц көркемдік жағын жеңілдіріп, сапасын арттырады. Жазушы білім жағынан да, ақындық талантымен де енді тек Қазақстан көлемінде ғана емес, Бүкіл Одаққа таныла бастайды. Ілияс журналистика инствтутын 1928 жылы бітіріп шығадьі:
Ілияс Жансүгіровтің әдеби-әлеуметтік қызметі осы кезден бастап кен арна, даңғыл жолға шығады. Ақынның Коммунистік партия туралы, оның дана көсемі Ленин туралы жазылған «Ленин өлді», «Лении тірі», «Қоммуна», «Ұштасқан үш тілек» сияқты әйгілі өлеңдері — осы кезеңнің жемісі. Москвадан кайтып оралғаннан кейін, Ілияс әдеби творчестволық іске беріле кіріседі. Бірнеше жыл республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан») газетінде қызмет атқара жүріп, көптеген өлеңдерін, поэмаларын жазып, жарыққа шығарады. Ақындық әдеби еңбегі өте жоғары бағаланады. Ол 1934—1938 жылдары Қазақстан кеңес Жазушылары одағының председателі қызметін атқарады.
Ілиястың бұл кезде мол еңбек еткендігі соншалық, бас-аяғы он шақты жылдың ішінде ол жиырмадан астам кітабын бастырып шығарды. Ақын бұл тұста коллектив болып біріккен колхозды қазақ аулын, күлазыған қыр суретін өзгерткен алып өндіріс орындарын, кеңестік бес-жылдықтар туғызған толып жатқан жаңалықтарды өз жырының өрнекті арқауы етті. Ілияс Жансүгіров қазақ кеңес поэзиясының ірі ақыны болуымен қатар, проза, драматургия саласында да үлкен енбек еткен жазушы.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің іргесін қалаушылардың бірі болған ірі талант иесі Ілияс Жансүгіров 1938 жылы қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |