Бақылау сұрақтары:
1.Балалар әдебиетi дегенiмiз қалай аталады?
2.Жұмбақ айтысу-сөздi үйлестiрiп,ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ
тәрiздi болған" пiкiрiнiң авторы.
3.М.Горький айтқан пiкiр.
4.Ереуiл атқа ер салмай
5.Сүйемiн туған тiлдi,анам тiлiн,
6.Т.Жомартбаевтың "Балаларға жемiс" атты еңбегi қашан жарық көрдi?
7.I.Жансүгiровтың "Өтiрiк"атты еңбегi қашан жарық көрдi?
8.Ы.Алтынсарин еңбегi
9.М.Әуезовтың "Жетiм" атты әңгiмесiнде не айтылады?
10.С.Сейфуллин еңбегi
11."Үлгiлi бала" еңбегiнiң авторы.
12.Аллегория дегенiмiз.
13.1841 жылы Қостанай облысы,Аманқарағай болысы,Затабол ауданында.
17-лекция
Тақырыбы: С.Сейфуллин балалар әдебиетінің негізін салушыларының бірі
Жоспары:
С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің танымдық, тәрбиелік мәні
Шығарма кейіпкерлерінің бейнесін жасау жолдары.
Лекция мақсаты:
Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
Лекция мәтіні: Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысынын Жаңаарқа ауданында шағын дәулетті, орта шаруанын семьясында туды. Сәкеннің ата-анасы ауыл арасына қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен бірге өнерлі кісілер болды. Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
Сәкен бастапқыда ауыл молдасынан оқып, тез-ақ хат танып кетеді. Баласының оқуға алғырлығын, зейінділігін, ой-талабынын күштілігін байқаған Сейфолла Сәкенге орысша білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы оны Успенск (Нілді) мыс заводындағы мектепке береді. Сәкен мұнда үш жылдай оқыды. Онан кейін Ақмоладағы бастауыш орыс мектебіне (приходская школаға) түседі. Мұны бітірген соң, үш кластық училищеде оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілдес бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларымен, сондай-ақ өз халқының әдебиетімен молынан танысуына мүмкіндік береді.
1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп шығады. Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол — Успенск мен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды. Омбы қаласында оқып жүрген кезінде студенттердің «Бірлік» атты әдеби үйірмесіне қатыса жүріп, өзінің алғашқы өлендер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы «Өткен күндер» деғен атпен Қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылыкка танытады.
Сәкен оқытушылар семинариясын бітірісімеп, Ақмола төңірегіндегі бір ауылдық мектепке мүғалім болып орналасады. Бүл кез (1916 жыл) патша өкіметінің майдан жүмысына қазақтан солдат алу жөнінде жарлық шығарып, халықтың оған қарсы наразылығы ұлт-азаттық күресіне ұласқан уақыт болатын. Қазақ қоғамының тантық жігі айқын ашылып, халық ашық күреске шыққан бұл шақта Сәкен түгелдей еңбекші бүқара жағында болады. Ұлт-азаттық күресіне қолынан келген жәрдемін береді. Көтеріліске қатысушылармен байланыс жасап, оларға ауыл арасынан күш-көмек жинау ісіне көмекте-ссді. Көтерілісті қолдаған бірнеше өлеңдерін жазады.
1917 жылғы февраль революциясы тұсында Сәкен Акмола қаласына келіп, алғашқы Совдептерді құру ісіне араласады. «Тіршілік» атты бұқаралық бағыттағы газетті ұйымдастырып, оның бетіне халықтың қас дұшпандары — ел жуандарын, оларды жақтаушыларды әшкерелейді. Сәкеннің «Қел, жігіттер», «Жолдастар», «Жүмыс-керге»
т. б. осы сияқты революциялык мазмұнды өлеңдері осы тұста жазылады. Ол «Бақыт жолына» атты пьеса жазып, еқбекші халыққа Октябрь революциясының жеңісін уағыздайды.
Сәкен Ақмола қаласында Кеңес өкіметін орнатушылардың алдыңғы сапында болады. Ол Акмола уездік Совдепінің президнум мүшесі, оның халық ағарту жөніндегі комиссары болып кызмет істейді. Сэкен 1918 жылы Коммунистік партиянын, қатарына өтеді. Осы жылы жазда контрреволюцияшыл күштердің әлегімен Акмоладағы Кеңес өкіметі уақытша сәтсіздікке үшырайды.
Сәкен Совдептік басқа да мүшелерімен бірге тұтқынға алынады. Әуелі Ақмола түрмесінде, кейін Петропавл, Омбы қалаларынын түрмелерінде, кыстың калшылдаған қатты аязында аш-жалаңащ, кол-аяғы кісепдеулі күйінде атаман Анненковтын азап вагонында болады. Жалынды революционер акын мүның бірде-біріне мойымайды.
Академик жазушы Сәбит Мұкановтың сөзімен айтқанда: «Сәкен таза ғана әдебиетші емес, ол әлеуметшіл, саясатшыл адам. Октябрь революциясын ол жаудан қаламмен ғана қорғаған жоқ, найзамен де қорғады. Ол қазақ аулында бірінші кеңесті құрды, бірінші партия ұясын ашты, бірінші партизан боп жазылды, кеңес өкіметін қорғау жолында бірінші боп жаумен майдандасты, бірінші рет алашорда мен Колчак бандаларының айуандық азабын тартты, қалам мен найзаны жауға бірдей сілтеп, кан майданда жауды жеңісіп, еңбекші бұқараға мәңгілік бостандық әперушінің біреуі болды. Сәкенді бүгінгі күні екбекші елдің ардақтайтын, сыйлайтын, әдебиетке істеген 20 жылдық еңбегін тойлайтын ссбебі — сол. Ол аты ғана ақын емес, революционер, большевик ақын. Ол — еңбекші бүқараның ақыны ғана емес, октябрь майданында жауын жеңіскен батыр»1.
1919 жылы Сәкен Омбыдағы Колчак түрмесінен жолдастарының көмегімен қашып шығып, жасырын атпен бетпақ даланы басып өтіп, Түркістан жаққа барып, ондағы Кеңес өкіметінің жұмысына қатысады. Сәкен айдауда, қуғында жүрген кезінде де өлең жазуын бір токтатқан емес. Ол өлеңдёрінде ақын өзінің халық үшін, оның жарқын келешегі үшін күреске бел буғандығын ашық айтады. Әсіресе осы тұстың туындысы — «Жас казақ марсельезасы» өлеңі қазақ жастарының революцнялық гимніне айналды.
1920 жылы Сәкен Ақмолаға келіп, жаңа құрылған совет өкіметінің оқу-ағарту, баспасөз жұмысын басқарады. Сол жылы ол Қазақстан Орталык Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып сайланады. Қоғамдық қызметпен қатар, жазушылык еңбегі өрлеу үстінде болған Сәкен сол 1920 жылы «Қызыл сұнкарлар» атты әнгілі пьесасын жазады. Сонымен бірге оның кеңес тақырыбына жазған көптеген өлеңдері осы кезде жарық көреді.
Сәкен Сейфуллин қызмет бабында осыншалықты аса жауапты, сан-салалы жұмыстарды атқару үстінде де жазушылық еңбегін әсте доғарған емес. Жиырмасыншы жылдарда Сәкеннің «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экс-пресс» атты өлеңдер жинағы, оның өз өміріне байланысты жазылған «Тар жол, тайғак кешу» атты романы жарық көреді. Бұдан кейінгі жылдарда ол «Жер қазғандар», «Бандыны куған Хамит» повестері мен көптеген әңгімелерін, «Кеңесстан», «Кызыл ат», «Көкшетау», «Маузер» поэмаларын жазды. 1936 жылы Бүкіл Қазақстан жұртшылығы Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің жиырма жылдығын тойлады. Жазушының қазақ кеңес әдебиетіндегі зор еңбегін жоғары бағалаған партия мен үкімет оны «Еңбек Қызыл ту» орденімен наградтады. С. Сейфуллин 1938 жылы қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |