Мақсаты:
|
Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты осы рухта тәрбиелеу, рухани құндылықтарымызды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі мыңызды мәселе. Бұл антологияны шығарудың басты мақсаты - өлкенің ақын-жазушыларының бай әдеби мұраларын жүйелеу, жинақталған түрде олардың таңдамалы шығармала рын оқырмандарға ұсыну, өскелең ұрпақты халықтың рухани мұрасына тарту болып табылады. оқу мәдениетін дамыту мен қолдау, тарихи және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас, ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандар қызығушылығын арттыру.
|
Зал безендірілген. Күй ойнап тұрады. «Сарыарқа самалы» атты көрме - панорама ұйымдастырылған. Экранда қаламыздың қаламгерлері жайлы слайд көрсетіліп тұрады. Кітапханашылар кітапхана қонақтарын қарсы алып, отырғызады.
|
1 жүргізуші:
|
Туған жерім,
Сарыарқа құтты мекенім
Алыс кетсем, аңсап саған жетемін.
Шежірелі, сырға толы тарихыңды
Бәрін оқып, жырға қосып өтемін.
- Құрметті қонақтар, жастар, әдебиет сүйер қауым! «Қаламгер» әдеби бірлестігінің аясында өткізіліп отырған «Сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағының тұсаукесеріне қош келіпсіздер!
-Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен кімде-кімді тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел лебінің өзі есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сағым ойнаған сары даланың самал желі ғана емес,табиғатының өзі керемет. Сонау Сарыарқадай сары даладан талай ғұлама талай ақын жазушыларымыз дүниеге келді. Елбасымыздың қолдаған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Қарағанды облысының ақын-жазушыларының шығармаларының антологиясы 100 томдық болып жарық көруі республикалық дәре жедегі үлкен оқиға болды. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қарағанды қаласына 80 жыл дығына орай Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақ тау, өскелең ұрпақты осы рухта тәрбиелеу, рухани құндылықтарымызды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі мыңызды мәселе. Біздің облыс еліміздің өнері мен мәдениетінің де ұлы тұлғаларын тудырған асқақ аймақ. Бұл топырақта аруақты Бұқар жырау, Қаздауысты Қазыбек би, Әсет Найманбайұлы, Мәди Бәпиұлы,Тайжан, Шашубай, Нарманбет, Қасым Аманжолов, Әлжаппар Әбішев сынды халқымыздың біртуар азамматтары дүниеге келді. Ағайынның аты озғанша ауылдастың тайы озсын деген халықпыз. Бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған Балқаштың жағасында әдебиет әлеміне поэзия әлемінде жанашыр ағаларымыздың шығармалары да осы антологияға енген болатын. Сол ағаларымызды ортаға шақырайық.
|
Жүргізуші:
Әбіл аға
|
Тумасынан тектілікті иеленген ақын Әбіл Жұмақожаұлы бүгінде болашақтағы өз ескерткішінің тұғырын қалап жүрген жандардың бірегейі. Жыр құрауда жанын шүберекке түйіп құдіретті қалам мен қағазға жүрегімен жүгінетін ол ешқашан шаршы топта тосылып көрген емес. Ақын шалқып жүрген шабытын арқалап, бойына біткен дарынын дамытып, қарымын қалыңдатып келеді. Ақында азаматтық үн басым. Заман туралы, біздің өмір сүріп отырған қоғамымыз туралы шаттана да шабыттана жыр толғап келген! Балқаш өңіріне өзінің ақындығымен, тума талантымен, шығармашылық өнерімен аты шыққан дарынды азамат, белгілі ақын Әбіл Жұмақожаұлы Кәріпбайтегі келіп отыр.Ақын ағамыздың осы Сарыарқа кітапханасының сериясымен жарық көріп отырған замана жинағына жазушы сатирик Базарбай Әлеуханов, Айтпай Кәріппектегінің жинақтарымен бірге Әбіл ағамыздың өлеңдері енген болатын.
|
Жүргізуші:___-__Осы_өлеңдер_ішінен_Кәусар_жастар_ұйымының_мүшесі_жас_ақын_Нұрсұлтан_Әбіл_ағайдың_өлең_оқиды'>Жүргізуші:
|
- Осы өлеңдер ішінен Кәусар жастар ұйымының мүшесі жас ақын Нұрсұлтан Әбіл ағайдың өлең оқиды
|
сұрақ:
1.Әбіл аға Нұрсұлтан қояды
2.Ербол Ерболат
|
1. «Ойлан Қазақ» Алладан ақыл сұрап жүрдім еріп», деген өлеңдеріңізде қоғамға болашақ жастарға қобалжылушылық бар себебін айтсаңыз?
2.Әбіл аға жанұяңызда өзіңіздің ақындық жолдарыңызды жалғастырған балаларыңыз бар ма?
|
Жүргізуші:
Жанболат Башар
|
Мен қазақ ұлымын,
Ұлы дала болған менің тұғырым.
Ғасырлардың дауылымен алысып,
Сахарада өтті менің ғұмырым – деп тебірене жырлаған ардақты ақын ағамыз аймаққа белгілі қаламгер «Үкілі үміт», «Далам менің – кием менің», «Көкше көлдің самалы», «Самғау», «Үркер туғанда», «Пешене», «Шандоз», Қос боз.» атты шығармалар жинағының авторы. Қазақ әдебиетінің шығармашылық мәртебесін көркейту жолында өзінің саналы өмірін түгелдей руханиятқа арнаған біздің қаламыздың «Балқаш өңірі» газетінің редакторы қызметін атқарған казір құрметтң демалыста, ақын-жазушы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі «Қаламгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Ол киелі сөз өнерін жанына серік етіп, туған тілімізді қырғыштай қорғап келе жатқан ұлт жанды азаматтардың бірі Жанболат Башарұлыңың шығармалары жинаққа енген әңгіме хикаяттарға ауыл өмірінің тыныс тіршілігі адалдық пен зұлымдық арасындағы күрес махаббат тақырыбы аркау болған.
|
Сұрақ:
|
1.Бірінші сұрақты өзім қойып кетеин Аға осы облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағының тұсаукесеріне өзіңіз барып қайттыңыз сол туралы әсеріңіз?
|
Оқырмандар сұрағы Өміртай Ажар
|
2.Осы кітабіңізге енген әңгіме хикаяттарыңыздың ішінде «Қос боз» аңызы ның шығу тарихын айтып берсеңіз?
3.Құрметті демалысқа шықтыңыз,құтты болсын қандай жоспарларыңыз бар?
|
Жүргізуші:__Нұрдос_Кәрім__Маратұлы'>Жүргізуші:__Шалова_Береке_Галиевна'>Жүргізуші:
Шалова Береке Галиевна
|
Директор ТОО «Редакция газеты «Северное Прибалхашье». 31 год работы в балхашской журналистике. Прошла путь от рядового корреспондента до редактора. Начала свой трудовой путь на Балхашской студии телевидения в 1984 году (редактор отдела информации, редактор детско-молодежных передач, редактор коммерческого отдела). С 1995 года работала в городской газете «Балхашский рабочий».С 2002 по 2007 годы собственный корреспондент областной газеты «Индустриальная Караганда» по Балхашскому региону. С 2007 по настоящее время редактор городской газеты «Северное Прибалхашье». Депутат городского маслихата второго созыва (1999 – 2004гг).
|
Жүргізуші:
Нұрдос Кәрім
Маратұлы
|
Ақын сол сырын қағаз бетіне өлең жолдары арқылы оқырмандарына ішкі жан сырын шертеді. Ақын Нұрдос Кәрімов – 1985 жылы 6 маусымда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нұркен ауылында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. «Ақтоғайдан-Алашқа» атты эссе жинағының авторы. Қалалық, облыстық жыр мүшайраларының жеңімпазы. Бүгінде «Балқаш өңірі» газетінің редакторы меңгеруісінің қызметін атқарып жүр және «Айлапат» журналының редакторының орынбасары қызметін атқарады.
|
Жүргізуші:
Сұрақ
|
1.Қазіргі жумысыңыз жауапкершілікті талап ететінін бәріміз түсінеміз,жұмыс пен шығармашылықты қатар алып жүру сізге қиынға соқпай ма?
2.Өзіңізге өлеңдеріңіздің ішінде жаныңызға жақыны қай өлеңіңіз? айып етпесеңіз оқып берсеңіз?
|
Ән:
|
Сонымен бүгінгі кеште ән де, жыр да, арнау да айтылса ол ақын жазушыларымызға деген сый құрмет болар. Ендеше келесі кезекті әнге берсек.
|
Ән: «Сарыарқа»
|
Жүргізуші:
Бағдат Мүбарак
|
Ақыннның поэзиясында заман қоғам, адамгершілік, ауыл келбеті, парасаттылық, інкәрлік, жеке орындауларда бар жырларын жан жақты тақырыпты қамту мен оқырман жүрегіне жол табу.
|
Жүргізуші:
таныстырамын
|
Ақын шығармашылығының бір тармағы – махаббат тақырыбы. Өмір қуаныш-қайғысымен, бейнет-зейнетімен қымбат. Ал махаббат мұңымен қымбат, тойымен емес ойымен қадірлі Ақынның сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне тоқтала берсек әр өлеңдерінде жылылық лебі, адамгершілік туы желбіреп, оқырман қауымға байсалды пікір, тұжырымды ой салады Сол акындарымыздың бірі Бағдат Мүбарәк Қара өлеңнің бесігі ,қара қазақтың несібі болған Қарағанды облысының бір топ ақындарының жаухар жырлары топтастырылған Сөз патшасы жыр сүйер оқырманға жүректерін билеп алары сөзсіз.Бағдаттың Қаршадай қыз, Баспана, Асқартау. Жауап атты өлеңдеріңіз енген болатын.
|
Сұрақ:
|
Әңгіменің Әлқисасын туған жер өскен ортадан бастасақ, жинаққа енген өлеңдеріңізден бір өлең оқып берсеңіз.
|
Жүргізуші:
|
Құрметті қонақтар бүгінгі осы қаламгер ағаларымызға қаламдас достары, тілектес, ниеттес әріптестер келіп отыр енді сөз кезегін сол кісілерге берсек
|
Жүргізуші:
|
Осымен. Сарыарқа самалы атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағының тұсаукесерінің сценарийі аяқтай отырып, жыр сүйер қауым, әсіресе жастар, ақынның өлең-жырларын оқи отырып, ұлылыққа жол ашып, жандарыңызға рухани байлық алады деген ниеттеміз.
Сыйлық тапсыру.
Бәріңізге де рахмет!
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
|