Қазақ ұлттық биі Орындаған: Аманжолова Аружан Тексерген: Серік Гүлсая Бақытжанқызы



Дата27.02.2023
өлшемі5,22 Mb.
#170315
Байланысты:
ырғақ копия

Қазақ ұлттық биі


Орындаған: Аманжолова Аружан
Тексерген: Серік Гүлсая Бақытжанқызы
Қарағанды ‘BOLASHAK’ жоғарғы колледжі
Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте
замананан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады.

Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер садлсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағынаайналғанын айқын аңғарамыз және қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр.

Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер садлсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағынаайналғанын айқын аңғарамыз және қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр.


Қазақ би өнерінің түп-тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алады. Халқымыз ежелгі би өнерін дәстүрлі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан.
 

Қазақстанда би өнері ХХ ғасырдан пайда болып, халықтың рухани байлығына айналған.Қазақтың халық биі- қаражорға. Халық күйі “қаражорғаға” би сонау 1930-жылдардан бері қойылып келе жатыр
Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі. 
Қара жорға – біртұтас желiге құрылған, бірнеше бөлімнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шарудан қолы босаған кездерінде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретінде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейін бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген салу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейін арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұның бәрi би арқылы орындалады. 

Қортынды


Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғанқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.
Қазақ биінің құрылымынан, болмысынан халықтың жан дүниесін, оның таным-түсінігін, табиғатпен байланысын, философиясын көруге болады.
Халықтың көркемдік ойынның бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртынын жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жұйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып , ғасырлар бойы дамытқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет