Тақырыбы: Эволюцияның элементарлы факторлары
Жоспары:
1.Элементарлы факторлар туралы түсінік.
2.Мутация процесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау.
3.Генетикалық камбинаторика және оның эволюциядағы ролі
4.Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы ролі
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3
2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961
3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969
4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981
5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959
6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981
7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980
Қосымша:
8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974
9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969
10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976
11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977
12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.
Лекция мәтіні:
1.Дарвин негізін қалаған эвлюциялық теорияның негізгі қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта жаңадан қолдау тауып дамытылуда.Мутатциялар мен комбинациялар өзгергіштері туралы ілімді терең талдап олардың пайда болуы механизмдері зерттелуде.Табиғи сұрыпталу әсеріне экспериментті жолмен зерттеулер жүргізілуде. Эволюцияның жаңа факторлары айқындала түсуде, олардың қатарына популяциялық толқындар немесе тіршілік толқындарын жатқызуға болады.
2.Табиғи популяциялар мөлшері үнемі ауытқып тұрады: популяциядағы особьтар саны бірде кеміп бірде артумен болады.Бұл процестер бір-біріне азды-көпті ретпен алмастыра алады,сондықтан оларды тіршілік толқыны немесе популяциялық толқын деп атайды. Олар бір жағдайларда жыл маусымдарына байланысты болады. Енді бір жағдайларында толқындар едәуір ұзақ мерзімінен соң байқалып климат жағдайларының немесе азық молшылығының ауытқуына байланысты болып шығады. Кейде популяциялар мөлшерінің өзгеруінен ормандағы өрт, су тасқыны, өте қатты аяз немесе қуаңшылық себепші болып табылады.
3.Бұл толқындар популяциядағы сирек кездесетін гендер мен генотиптер концентрациясын мүлде кездейсоқ және шұғыл өзгертеді.Толқындар бәсеңсіген кезеңде бір қыдыру гендер мен генотиптер толық жойылып кетуі мүмкін, ол кездесоқ және оларды биологиялық құндылығына тәуелсіз жүзеге асырады.Ал басқалары да кездейсоқ қалып қояды сөйтіп популяцияның мөлшері жаңадан артқан кезде өзінің концентрациясы да шұғыл көтеріледі. Мутациялық процесс тәрізді популяциялық толқындар да кездейсоқ бағытсыз тұқым қуалайтын материалды тірілшілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуға жүргізіп береді.
4.Оқшаулану да, яғни особьтардың еркін будандасуына түрлі-түрлі кедергілердің пайда болуы эволюциялық факторларға жатады.Ол бір түрдің саналуан популяцияларының гендік құамында маңызды айырмашылықтар пайда болуына яғни популяциялардың үсті -үстіне оқшаулана түсуіне жеткізеді.
Қарастырылған факторлардың барлығы да эволюциялық процесті белгелі бір жаққа бағыттай алмады. Олар популяциялардағы әртүрлі генотиптердің концентрациясын арттырады немесе кемітеді, сөйтіп табиғи сүрыпталудың тиімділігне әсерін тигізеді. Табиғи сұрыпталу бірден-бір бағыттаушы маңызы бар эволюциялық фактор болып табылады, өйткені ол нақтылы жағдайларына байланысты жүретіндіктен, түрлердің тіршілікке бейімдейді.Табиғи сұрыпталудан жаңа популяциялар, сондай-ақ одан әрі түр тармақтары мен түлер пайда болады.
Лекция №14
Тақырыбы:Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары
Жоспары:
1.Табиғи сұрыптау ұғымы, табиғи сұрыпталудың алғы шарты - особьтардың гетерогенділігі
2.Биогеоценоз – тіршілік үшін күрес аймағы
3.Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3
2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961
3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969
4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981
5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959
6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981
7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980
Қосымша:
8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974
9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969
10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976
11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977
12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.
.
Лекция мәтіні:
1.Табиғи сұрыпталудың творчествалық ролі.Адам көзіне мүлде шалына бермейтін организмдердің ерекшеліктері табиғи сұрыпталуға ұшырайды. Тіршілік үшін күресте аз болса да маңызы бар кез-келген тұқым қуалайтын өзгеріс табиғи сұрыпталуға ілігеді. Демек, табиғи сүрыпталу популяцияға түрге пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістерді толық сақтап жинақтап ортаға басқалардан дажаңа жақсы жетіген және ұрпақ қалдыра алатын особьтар жасау арқылы әсер етеді. Мұндай особьтартіршілік үшін күресте сирегірек иөледі.
Табиғи сұрыпдалу баяу әсер етеді және кез-келген жастағы особьтардың екі жынысына да таралады.
Табиғатта табмғи сұрыпталу творчествалық роль атқарады:бағытсыз тұқымқуалайтын өзгерістерден дәл осы жағдайларда өмір сүруге әлде қайдажетілдірілген жаңа особьтоптарын түзе алатыны ғана сұрыпталады.
Табиғи сұрыпдалу-эволюциялвқ процестің негізін қозғаушы күші.Ол популяциялар санын көбейтіп гендік құрамының алуан түрлілігін арттыруға жеткізетін түрдің кең таралып орналасуы кезінде ойдағыдай өтеді.Мұпдай жағдайларда сұрыпталу мүмкіндіктеріөрістей түседі.Табиғи сұрыпталудың қарқындылығымен бағыты жылдың әр маусымында жыл сайын өзгеріп отырады.Бұлособьтардың биологиясымен тіршілік жағдайларының ауытқуына байланысты жүреді.
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталу әсерлерін салыстыру.Тұқым қуалайтын өзгергішті екі процеске де негіз болып,сұрыпталу,а материал жеткізіп береді. Қолдан сұрыпталу мен табиғи сұрыпталу нәтижесінде жаңа формалар жасалынады; Қолдан сұрыпталу кезінде-тұқымдармен сорттар,ал, табиғисұрыпталу кезінде түрлерпайда болады.Бұлекі процестердің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.Адам қолдан сұрыпталу кезінде особьтары байқалған белгілері бойынша іріктелгенособьтардың организм үшін тіпті зиянды болуы мүмкін.Мәселен шошқалар мен мсүтті сиырлардың ең жақсы тұқымдары адам қамқорлық жасмаған болса, табиғатта өмір сүрмеген де болар еді. Табиғи сұрыпталудың кезінде айналадағы ортажағдайлары сұыптаушы фактор болып табылады.Осыған орай табиғи сұрыпталу тек популяциялар мен түрдің толықпайдасы үшін ғана әсер етеді.
Адамның қажітіне және бегілеген мақсатына бейімделген үй хайуанаттарының тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттары қолдан сұрыпталу нәтижасінде пайда болады.
Адам егіншілікпен және хайуанаттарды қолға үйретумен шұғылданғаннан бері қолдан сұрыпталу жүгізіліп келеді. Табиғи сұрыпталу органикалық дүниенің бүкіл тарихы барысында жерде тіршілік пайда болғаннан бері жүруде . Табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыпталу бір-бірімен тығыз байланысты: жануар тұқымдары мен өсімдіктер сортарына қолдан сұыпталудан басқа табиғи сұрыпталу да әсер етуде.
2.Биогеоценоз – бұл жерде бетінің белгілі бір жеріндегі біркелкі табиғат құбылыстарының (атмосфера, тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің және микроорганизмдер дүниесінің топырақ және гидрологиялық жағдайларының ) жиынтығы, мұны құраушы компоненттер өзара ерекше байланысты, оларға тән өзара зат алмасу және энергия алмасу түрі болады және бұл табиғаттың басқа құбылыстарымен де байланысты .Бұл жиынтық үнемі қозғалыстағы, дамудағы диалектикалық бірліктің ішкі қарама-қарсылығы түрінде болады.
3.Тіршілік үшін күрес түсінігіне Дарвин организмнің қоршаған абиотикалық та, биотикалық та факторлармен арақатынасын кіргізеді. Организмдер арасындағы қатынасты түрішілік және түраралық деп бөлуге болады. Дарвин тіршілік үшін күрестің айқындылығын табиғатты бағдарлап қана қоймай, эксперимент арқылы да көрді және дәлелдеді. Мысалы, бір тәжірибесінде ол өсімдіктер шыдамдылығының температураға байланыстылығын көрсетті. Бұршақтардың 390 көшетінен кейін түнгім суықтан кейін 12-сі ғана тірі қалғанын көрді. 4 күн өткеннен кейін қайта болған түнгі суықтан кейін ол қалған 12-нен 3-еуі ғана аман қалды.
Табиғатта пайдалы белгісі бар организмдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады. Бұған керісінше, қандай да болса организмге зиянды өзгеріс, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрып кетеді (элиминация) немесе өсіп-өне алмайды.
Элиминация ортаның әртүрлі факторларына байланысты.Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау фактылары дәлел болады.
Лекция №15
Тақырыбы: Табиғи сұраптаудың сандық сипаттамасы: сұрыптаудың коэффициенті, тиімділігі, жылдамдығы
Жоспары:
1.Сұрыптау жылдамдығының популяциядағы особьтардың генетикалық әртүрлілігіне байланыстылығы.
2.Сұрыптаудың қысымы және векторы жайлы ұғым.
3.Сұрыптаудың зерттеу әдістері
.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3
2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961
3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969
4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981
5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959
6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981
7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980
Қосымша:
8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974
9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969
10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976
11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977
12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.
Лекция мәтіні:
1.В.И.Власовтың айтуынша табиғи сұрыптау онтогенездің барлық кезеңінде гаметадан есейген организге дейін жүреді. Популяцияның генетикасын білу түрлі генотиптердің селекциялық бағалығын анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы топтардың бейімділік айырмашылығы С.М.Гершиновтың ұсынысы бойынша сұрыптау коффиценті деп аталады Мыс: рецесивті ген бойынша гомозиготалы болатын өкілдер гендері доминтаты организмдер беретін әрбір 100 ұрпақтың орнына 99 ұрпақ береді делік.Доминтаты гендері бар организмдердің селекциялық бағалығын 100 деп алсақ, онда рецесивті гомозиготалығы 0,99 болады, осы шамаларының айырмашылығы сұрыптаудың коффеценттің S көрсетеді. Айтылып отырған жағдайда S=1.00-0.99=0.01 тең зоотехникалық және ветерникалық генетикада сұрыптаудың маңызы зиянды мутацияларды үт майлығы жоғары басқа, тұқыммен шалыстыру керек. Бұл жұмыс зоотехникті көп ойландырып рецесивті түрлерін құртуда өте жоғары. Талдауға қарағанда рецесивтік мутантты геннің жилігін сұрыптау арқылы жылдам төмендетуге болады. Мыс:метальды генің шоғырлану 0,3 тең 0,2 –ге дейін төмендету үшін екі ұрпақтын өмірі ғана керек. Әртүрлі популяциялардың мутациялардың таралуы миграция арқылы жүру мүмкін. Мал шаруашылығында бұл басқа жерлерден мемлекеттерден мал әкелу әсіресе аталық малдың немесе олардың спермаларын әкеліп пайдалану мен байланысты. Түр популяциядан қүұралады. Егер бір популяциялардың өкілдері басқа популяйияның өкілдерімен мүлде немесе ішінар шағылыспайтын болса, онда мұндай популция оқшаулану процесіне душар болады. Егер оқшаулану ұрпақтар тізбегінің көп қатарында жүрсе сұрыптау факторлары әртүрлі популяцияларда неше түрлі бағыта құызмет етіп популяциялардың жіктеуі болады. Кейінен мұндай популяциялар жаңа түрлердің бастамас ын бюекру мүмкін.Түр ішінде популяциялардың оқшаулануы географиялық, экологиялық және биологиялық факторлардың әсеінен болады. Шағылысу еркіндігін бұзатын биологиялық факторлар қатарына генетикалық және физологиялық факторлар жатады. Оқшауланудың генетикалық факторлары көбінесе миграцияның қалыпты өтуін бұзады.Ол өсімталдығы жоғары болатын,ұрпақ алуына кедергі кетіреді.Оның себептері ониплойда хромосомалық қайта құрулар, ядро, цитоплазмалық сәйкес келу болады. Бұлардың әрқайсыс өкілдердің еркін шағылусын шектеуге және будандардың бедеу болып қалуына, гендердің еркін комбилациялауын тежеуге, яғни өз ішінде зсімталдығы жоғары болатын ұрпақ бере алатын формалардың генетикалық оқшауландыруына әкеліп соғады.
2.Сұрыптудың нәтижелігіне ортаның әсері.
Табиғи және қолдан сұрыптаулар тек қан фенотиппен жүргізіледі.Малдың генотипін тұқымға ауытқалу үшін бағалағанда зоотехник фенотиппен жұмыс істейді. 1-ден ата-бабаларынның,2-нен ұрпақұтарының фенотипімен . Қандай организм болмасын фенотип генотиппен организмнің дамуында оған әсер ететін ортаның ықпалымен құрылады.Организм фенотипінің түгелдей ерекшеліктері ортаның әсеріне ұшыра бермейді мысалы: адамның және малдың қан топтары белгілі қызмет атқаратын белок құрылысы гемоглабин, трансферон, серулаплазмин т.с.генмен анықталады. Бұл ерекшеліктер өмір бойы өзгерісіз болады. Малдың түсіне , жүнінің өзгеруі қоршаған ортаның әсері шшамалы. Түрге тән ерекшеліктерқалыпты жағдайда тек қана генотипттік бақылау мен жүргізіледі. Дегенмен белгілердің басым көпшілігі оның ішінде мал тұқымын асылдандыратын зоотехниктер үшін қажеттер мысалы: сүт мөлшері майлығы тауықтың жұмыртқасы, қойдың жүн өнімдері малдың т.с.с күрделі тұқым қуу қасиеті барлар көбіне қоршаған ортаның ықпалына бағынышты. Генотип организмнің қоршаған ортаның әсер ережесін анықтайды осының нәтижесінде әртүрлі генотипті малдар бір-бірімен әжептәуір аайырмашылығы болуы мүмкін яғни модификациялық өзгергіштік пайда болады.Оның әсерінен фенотипіне қарап малдың тұқымдық бағасын анықтау кейде қиынға соғады бірақ мұндай қиындықтар ортаның жағдайы нәсілдік қасиеттің ықтималдығын бүркеп қарама-қарсы келгенде ғана туады. Мысалы: сүтті тұқымнан тараған сиырларды азықтандыру нашар болса, онда олардың өнімі жабайы тұқымдарының сиырларындай ғана онанда төмен болады. Себебі олардың өнім дәрежесі бұл жағдайда берілген азыққа байланысты. Егер сол сиырлардан мол азықпен жақсы күтімге қойса, онда тұқымнан алынған сиырлар өнімді әлде қайда артық береді. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру үшін оған өте жақсы жағдай жасау ең басты жұмыс болып есептеледі.
3. Сұрыптаудың зерттеу әдістері мыналар -
1.Методикалық қолдан сұрыптау ерте кезден белгілі. Ертедегі гректер мен римдіктер жылқы, ит және басқа жануарлардың таза қанды түрлерін өсіру үшін малды асылдандыру жұмысына үлкен мән берген.
Методикалық сұрыптау әрқашан жаңа тұқымдар мен жаңа сорттар жасайтын творчестволық процесс болып саналады. Осы әдісті қолдана отырып, селекционер мүсінше сияқты, алдын ала ойлаған жоспары бойынша жаңа органикалық формалар жасап шығарады.
2.Санасыз сұрыптау әдісі – бұл селекциялық процестің өте ертедагі түрі. Санасыз сұрыптаудың мәнісі – адам өсімдіктердегі жаңа сорттарын немесе жануарлардың жаңа тұқымдарын шығарам деген ойсыз-ақ өзіне пайдалыларын сақтап, нашарларын жойып жібереді.
Лекция №16
Тақырыбы: Табиғаттағы сұрыптауды популяциялық-экологиялық және популяциялық-морфологиялық зерттеулер арқылы талдау
Жоспары:
1.Сұрыптау әсерінің статистикалық сипаттамасы
2.Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы және дизруптивті, жыныстық сұрыптау.
3.Жеке және топтық сұрыптау
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3
2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961
3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969
4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981
5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959
6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981
7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980
Қосымша:
8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974
9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969
10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976
11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977
Лекция мәтіні:
1.Егер түрге жататын өкілдер қасиеттері әртүрлі болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі болады. Көптеген өкілдердің бірқатарының қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Демек, организмнің тіршілік қабілеттері де әртүрлі. Қандай да болмасын тіршілікке бейімділігі жоғарылау организмдер аман қалып арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Осылай бір организмнің қырылып кетіп, екінші біреулерінің аман қалып арттарынан ұрпақ қалдыруын табиғи сұрыптау деп атаймыз.
Сұрып атауын жабайы организмге қолданудың өзі шартты түрде. Себебі табиғи жағдайда қолдан сұрыптаудай ешкім сұрыптау жүргізбейді. Сұрыптау атауын Дарвин қолдан сұрыптаумен салыстырып қолданған. Мұндай аналогияның мәнісі табиғи сұрыптауда да, қолдан сұрыптау да сұрыптау материалы организмнің ұсақ, жеке өзгергіштіктері болып табылады. Демек, сұраптау нәтижесі біртіндеп жиналады. Сөйте тұра, қолдан сұрыптаудың бір ерекшелігі, оның нәтижесі біртіндеп болса да табиғи сұрыптаумен салыстыра, әлде қайда жылдам жүреді.
2.Табиғи сұрыптаудың түрлері
Р/с
|
Табиғи сұрыптаудың түрлері
|
Ерекшеліктері
|
1
|
Қозғаушы сұрыпталу
|
Қоршаған орта жағдайларының біртіндеп өзгеруі кезінде байқалады. Жеке даралардағы бір белгі ғана бастапқы қалыпты жағдайдан ауытқиды да даралардың фенотипі өзгереді. Осылайша жаңа популяция п.б. Ол өз кезегінде жаңа түрлердің пайда болуларына жол ашады. М: антибиотикттерге төзімді бактерия лардың штамдары сұрыпталады және т.б. Сұрыпталудың бір түрін алғаш рет Дарвин сипаттап жазды.
|
2
|
Тұрақтандырушы сүрыпталу
|
Ұзақ уақыт бойы өзгермеген орта жағдайларында байқалады.Мұндай сұрыптау организмнің Фенотиптік белгілері орта жағдайларына сәйкес келсе және бәсекелес организмдер болмаған жағдайларда жүреді, яғни қалыпты жағдайдан өзгеше өзгерістерді жойып жібереді. Сұрыпталудың бұл түрін 1946 ж Шмальгаузен сипаттап жазды.
|
3
|
Дизруптивті сұрыпталу
|
Сұрыпталудың бұл түрі орта жағдайларына кенеттен күрт өзгеруі кезінде байқалады. Ағылшынша дизрупт- бөліп тастау деген ұғымды білдіреді. Папуляциядағы генотип топтардың бір-бірінен артықшылығы болмайды бұл кезде бірнеше белгінің қалыпты жағдайдан ауытқуы байқалады да түр жекелеген топтарға, жекелеген топтар жеке дараларға бөлінеді.Сұрыптаудың бұл түрі өсімдіктерде жиі кездеседі.
|
4
|
Жыныстық сұрыпталу
|
Шағылысу алдында жануарлардың еркектерінің арасындағы ұрғашы үшін активті таласу немесе ұрғашылардың еркектерді таңдап үйірге түсуі нәтижесінде екінші жыныстық белгілердің сұрыпталуы жыныстық сұрыпталу делінеді.Табиғи сұрыптауының жекеленген түрі ретінде Дарвин жыныстық сұрыптауды өз алдына бөліп көрсетті сұрыптаудың бұл түрі . Жануарлар арасында айқын байқалды Мыс: Құстардың қораздарының көбеюі үшін бәсекеге түсуі бұл кезде жыныстық деморфизм басты роль атқарады әрі организмнің мінез-құлқы да өзгереді (этиология).
|
3. Жеке сұрыптау дегеніміз – бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсысының өзіне ғана тән қандай да бір белгілердің сұрыпталуы.
Топтық сұраптау – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын түрлердің ортақ белгілерінің сұрыпталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |