Лекция: 30 сағат Семинар: 22 сағат СӨЖ: 128 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)


«Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша



бет2/7
Дата14.04.2017
өлшемі2,95 Mb.
#13867
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

«Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша


5В011600- «География» мамандықтары студенттері үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Силлабус)

Оқу түрі: сыртқы

Курс: 5

Кредит саны: 4

Лекция: 30 сағат

Семинар: 22 сағат

СӨЖ: 128 сағат


Барлық сағат саны: 180 сағат

Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)

Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)

Барлық балл саны: 100

Жетісай, 2010

Құрастырған: аға оқытушы: Исмайлова К.Б.



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

«Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша

5В011600 - «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №26 23.01.2008 ж. бұйрығымен бекітілген. Қ.Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік бағдарламасы негізінде жасалды.

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған


Хаттама № 1 «____» ____. 20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к.доцент ______ Апашева С
Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған
Хаттама № 1 «___» ___. 20____ ж.
Әдістемелік бюро төрағасы:__________Исламова М

Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 2010ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы __________п.ғ.д. профессор Мусабекова Г.Т.

Мазмұны


  1. Алғы сөз …….………………………..................................................

  2. Жалпы мәліметтер ……………………..............................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме..........................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………....................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………............................

  8. Оқу сағаттарының тақырып

бойынша бөліну кестесі .……….........................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны ..........................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары .......................................................

  3. СӨЖ жоспары ................................................

  4. Студенттердің білімін бақылау түрлері: .............................................

а) Бақылау сұрақтары

13. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі .........



  1. Алғы сөз


Оқу әдістемелік кешен «Дүниежүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша 011600 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


2. Жалпы мәліметтер:

Лектор: аға оқытушы Исмайлова Кулайым Бердалықызы

“Химия және география” кафедрасы

Кафедрада болу уақыты: 900- 1800



Өткізу уақыты және орны



Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Исмайлова К.Б.





Уақыты __________

Ауд ______




Уақыты _______

Ауд ________



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3.Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі

Пәннің мақсаты: Дүние жүзінің шаруашылық географиясы – жалпы дүние жүзінің, сонымен қатар оның жеке аймақтары мен елдерінің халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым. Адам мен қоғамның өзара іс- әрекетін, адамзаттың ғаламдық проблемаларын және халықаралық қатынастарды қамти отырып, дүние жүзілік саясат пен экономикадағы – ТМД елдері мен Қазақстанның орны мен ролін салыстыру арқылы, бұл пән қазіргі кезеңдегі әлемнің жалпы даму сипатын дұрыс ұғынуға көмектеседі. Дүние жүзілік әлеуметтік- экономикалық мәселелерді географиялық тұрғыда қарастыру барысында осы заманғы әлемдік өмірімен өте тығыз байланыстағы, әрі география пәндерін тәмамдайтын курс болуы себепті- «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» бүкіл осы ғылым жүйесінің негізгі желісі және қорытындылаушы бөлігі болып табылады.

Пәннің міндеті:Аталмыш оқу курсын оқып- тыңдауда студенттің білімі мен біліктілігне қойылатын талаптар

  • Әлемнің және оның жеке аймақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасу кезеңдері;

  • Геосаясат және геоэкономиксы мәселелері. Аймақтар мен елдердің геосаяси, экономикалық және транспорттық географиялық жағдайларының жәй- күйі;

  • Дүние жүзінің және оның аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстары. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері;

  • Әлем халықтарының ұдайы өсу және таралып орналасу заңдылықтары, жекелеген аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс- салты. Демографиялық мәселелер;

  • ҒТР кезеңіндегі дүние жүзілік шаруашылық және географиялық еңбек бөлінісі. Аймақтар мен жекелеген елдердің территориялық және салалық шаруашылық құрылымы. Дамыған және дамушы елдер;

  • Адамзаттың ғаламдық және аймақтық проблемалары, олардың туындауының басты себеп- салдары,

  • Халықаралық экономикалық қатынастар. Аймақтық және мемлекетаралық интеграция. Халықаралық ұйымдар мен экономикалық одақтар.

«Топырақ географиясы» пәні топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын үйретеді.
4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері



Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Географиялық қабық

Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы



2

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы




5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Кредит

саны


Курс

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Бақылау

Жұмысы


Қорытынды бақылау

Аудиториялық сабақтар

Аудидориядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

СӨЖ

4

5

180

30

22

128

+

емтихан


6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар,СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проб-лемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. Студентке арналған ережелер (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелін-еді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
    8.Оқу сағаттарының тақырып

бойынша бөліну кестесі



Лекцияның тақырыбы


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

СӨЖ

№ 1 тарау. Дүние жүзінің шаруашылық географиясына кіріспе

1

Кіріспе.

1




4

2

Дүние жүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері

1

1

4

3

Халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылық

1

1

4

4

Ғылыми – техникалық революция және өндіргіш күштердің орналасуы

1

1

4

5

Энергетика

1

1

4

6

Өңдеуші өнеркәсіп

1

1

4

7

Ауыл шаруашылығы

1




4

8

Көлік

1

1

4

9

Халықаралық экономикалық байланыстар

1

1

4

№ 2 тарау Еуропа елдерінің шаруашылығы

10

Дамыған елдердің шаруашылық географиясы

1

1

4

11

Дамушы елдердің шаруашылық географиясы

1

1

4

12

Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы

1

1

5

13

Германияның шаруашылық географиясы


1




4

14

Ұлыбританияның шаруашылық географиясы

1

1

4

15

Францияның шаруашылық географиясы

1




4

16

Италияның шаруашылық географиясы

1

1

4

17

Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің шаруашылық географиясы

1




5

18

Солтүстік Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы Орта Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы. Нидерландының шаруашылық географиясы.

1

1

5

19

Оңтүстік Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы

Испанияның шаруашылық географиясы



1




5

20

Шығыс Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы

1

1

5

№ 3 тарау. Шетелдік Азия елдерінің шаруашылығы

21

Шетелдік Азия елдерінің шаруашылық географиясы

1

1

4

22

Үндістанның шаруашылық географиясы

1

1

4

23

Азияның жетекші елі Жапонияның шаруашылық географиясы

1




4

24

Азияның жетекші дамушы елі- Қытайдың шаруашылық географиясы

1

1

4

25

Азиядағы жаңа индустриялды ел Корея Республикасының шаруашылық географиясы

1




4

№ 4 тарау Американың жоғары дамыған және Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылығы

26

Американың жоғары дамыған елі АҚШ –тың шаруашылық географиясы

1

1

4

27

Канаданың шаруашылық географиясы

1




4

28

Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылық географиясы

1

1

5

№ 5 тарау Африканың дамушы елдерінің шаруашылығы

29

Африканың дамушы елдерінің шаруашылық географиясы

1

1

5

№6 тарау Аустралия және мұхиттық аралдардағы елдердің шаруашылығы

30

Аустралия және Мұхиттық аралдары елдерінің шаруашылық географиясы

1

1

5




Барлығы:

30

22

128


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Химия және биология» факультеті
«Химия және география» кафедрасы

«Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша


05011600 - «География» мамандықтарының студенттері үшін


Лекцияның Қысқаша курсы

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

Лекция №1

Тақырыбы: Кіріспе

(1сағат)

Жоспар:

1. Курстың – географиядағы алатын орны мен маңызы, пәнаралық байланысы.

2. Дүние жүзінің шаруашылық географиясының географиядағы алатын орны.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге осы курстың географияда алатын орнын толық түсіндіру

Лекция мәтіні:

1.Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз өзара байланысты ұлттық шаруашылықтар жүйесі; оның негізі халықаралық еңбек бөлінісі, әр түрлі экономикалық және саяси қатынастар болып табылады.Мұның өзі барлық елдерді қамтиды, оның әр текті және іштей қайшылықты болатыны да сондықтан.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының тарихи маңызы бар. Әр алуан елдер , аймақтар мен тұтас бір континенттер арасында жүйелі сауда – қаржылық және өндірістік байланыстардың қалыптасуы олардың ғасырлар бойы ұлттық – шаруашылық тұрғыдан оқшаулануын жойды,ал бұл оқшаулану болса, дүние жүзіндегі әлеуметтік – экономикалық прогресті тежеп келген болатын.

Оның құрылу процесі капитализмнің дамуының мануфактуралық кезеңінде – ақ (XVI-XVIII ғғ.) басталғанымен, XIX- XX ғасырлардың межесінде, Еуропа елдерінде ірі машиналы индустрияның дамуы нәтижесінде аяқталды. Бұл индустрия орасан көп шикізат тасып әкелуді және шапшаң көбейген қалалар халқына азық- түлік жеткізуді керек еткен еді. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуының шарты көліктің, континентаралық кең байланыстардың,дүниежүзілік рыноктың қауырт дамуы болды. Отарлық жүйенің пайда болуы толып жатқан отар елдердің империалистік державалардың аграрлық- шикізаттық шылауына айналуына әкеліп соқты.

2.Ресейдегі Қазан төңкерісінің салдарынан дүниежүзілік шаруашылық екі негізгі құрылымға айналды; бұл құрылым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттері социалистік экспериментті жүзеге асыруға кіріскен кезде одан әрі орнықты. Алайда Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдеріндегі соңғы жылдардағы оқиғалар дүниежүзілік экономикалық қатынастарға әлеуметтік бөгеттер қоюға болмайтынын көрсетті. Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты, біртұтас қана бола алады.

Шығыс пен Батыс елдерінің араларындағы экономикалық байланыстар бірден – бір сан салалы бола түсуде. Мұның өзі – сауда, бірлескен кәсіпорындар салу, ғылыми – техникалық және басқа да алуан түрлі қарым – қатынастар. Бұл қарым – қатынастар әрі өзара тиімді.

Батыс өз өнімдерін өткізетін ауқымды нарыққа ие болды, ал Шығыс болса дүниежүзілік нарықта кейде өте тапшы тауарлары үшін орныөте валюта және жаңа технология алып отыр.Деңгейлері әр түрлі елдер арасындағы экономикалық, ғылыми – техникалық, мәдени және басқадай байланыстар дүние жүзінде жаңа қарым –қатынастың іргетасын қалайды, халықаралық шиеленісті бәсеңдетеді. Шығыс және Батыс елдерінің экономикасы арасында аспас асу жоқ. Оларда айырмашылықтар қатар (меншік түрлерінің әр түрлі арақатынасы, өмір игіліктерін бөлу механизмінің әркелкілігі және т.б.) ұқсас нышандар да көп болып шықты. Ешбір экономика тауар айырбасын оларды өндіруге жұмсалған еңбектің мөлшеріне сәйкес реттеп отыратын құн заңын ілікке алмай қоймайды. Банктер, пайда және т.б. ортақ категориялар болып табылады. Мұның бәрі әлеуметтік, ұлттық немесе таптық негізіне қарамастан адамның жаратылысы бірдей екендігінің айғағы. Сондықтан да адамзат қоғамы өзінің өмірлік қарекеті үшін ең жақсы, мінсіз экономикалық мәдениетті елемеушілік қай елді болсын артта қалдырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы, әлбетте, өте күрделі. Оның құрамында экономикалық және саяси арқаулармен байланысқан көптеген ұлттық шаруашылықтар мен мемлекетаралық шаруашылық бірлестіктер бар.

Дүниежүзілік шаруашылықты оның салалық құрылымы тұрғысынан сипаттауға болады. Бұл орайда ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және т.б. салаларға бөлінеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не?

  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының тарихи маңызы

  3. Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы


Лекция №2

Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері

(1сағат)

Жоспар:

1. Дүниежүзілік шаруашылық және оның құрылымы туралы ұғым

2. Дүниежүзілік шаруашылық қашан, қай ғасырда пайда болды?

Лекцияның мақсаты:Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымымен және даму тарихымен студенттерді таныстыру

Лекция мәтіні:

1.Дүниежүзілік шаруашылық – халықаралық экономикалық қатынастардың обьективті негізі және маңызды бөлігі. Халықаралық экономикалық қатынастар (ең алдымен сауда – саттық қатынастары) дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Мысалы, Ұлы Жібек жолын, Еуропа мен Солтүстік Африка, Еуропа мен Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда қатынастарын атасақ та жеткілікті. Бұл қатынастар мемлекетаралық, аймақаралық сипатта болды. Ал, дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастардың да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады. Халықаралық экономикалық қатынастар өзінің дамуы үшін дүниежүзілік шаруашылыққа “қарыздар” деп те айтуға болады.

Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасып, орнығуы оны өз заңдары, қызмет ету нысандары, ішкі механизмдері бар дербес құбылысқа айналдырды.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктың экономикалық обьективті заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір – біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм.

Өзінің қалыптасу және даму жолдарында дүниежүзілік шаруашылық ұзақ “ тар жол, тайғақ кешулерден” өтті. Мысалы, Рим империясының өзі сол кездегі дүниежүзілік шаруашылықтың сипатында болды, - деп есептейтін зерттеушілер бар.

2.Тағы бір ғалымдар дүниежүзілік шаруашылықтың қызметі ұлы географиялық жаңалықтар ашу ғасырларында (XV-XVIғғ.) басталғанын дәлелдейді. Шынында XV-XVI ғасырлардағы ұлы географиялық жаңалықтарды ашу кезеңі асыл тастардың, хош иісті дәмдердің, бағалы металдардың, құлдардың халықаралық саудасын жандандырып, дамытты. Бірақ,ол замандардағы дүниежүзілік шаруашылық алыпсатарлар капиталы шеңберімен шектелген болатын. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық капитализмнің өзінің монополистік кезеңіне аяқ басқан шағында қалыптаса бастады.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Әрине мұндай “ саясат “ қатаң “ текетірестіктерді” туғызып, дүниежүзілік шаруашылықты тұрақсыздандырды. Бұл қайшылықтар, тарихтан белгілі, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себепші болды. Өткір қайшылықтар дамыған және дамушы елдердің арасында да молынан кездесті. ХХ ғасырдың ортасына қарай дүниежүзілік шаруашылық капиталистік және социалистік болып қақ жарылды. Әлемдік экономикалық жүйеде капиталистік шаруашылық басым позицияларды иемденді. Мысалы, 90- жылдардың басында халықаралық саудадағы олардың үлесі 9/10 болды. 80 – жылдары халықаралық экономикалық айырбаста капиталистік елдердің жиынтық жалпы өнімінің 1/5 өз тұтынушыларын тапты. Ал, бұрынғы социалистік елдерде дүниежүзілік ұлттық табыстың 1/3 өндірілді, соның ішінде өзара экономикалық көмек кеңесі елдерінде ¼ өндірілген болатын.

Үстіміздегі ғасырдың 60 –жылдарында дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер келіп қосылды. 70 –жылдардың ортасына қарай олардың қатарынан, “ жаңа индустриалды елдер” – “төрт жолбарыс” – Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур суырылып алға шығып, дүниежүзілік қауымдастыққа дамудың ерен қарқынын паш етті.

Латын Америкасы елдерінің ішінде өнеркәсібі жедел дамып келе жатқан мемлекеттерге Бразилия, Аргентина және Мексика жатады.

КСРО ыдырап, Шығыс Еуропа елдерінде болып өткен “ барқыт революциялардан” кейін дүниежүзілік шаруашылық біртұтас мәнге ие бола бастады.

Құрылу мен қалыптасу үстіндегі бүкіл дүниежүзілік шаруашылық өз құрамына экономикалық өсу деңгейлері бірдей емес- өнеркәсібі дамыған, дамушы және экономикалық жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдерді біріктіріп отыр. Қаншалықты қайшылықты және әрқилы болса да ХХ ғасырға қарағанда ХХI ғасырдың табалдырығында дүниежүзілік шаруашылық мейлінше біртұтас, үйлестірілген, динамикалық қозғалыстағы шаруашылық болып көрінеді.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктың және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген, интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.



Бақылау сұрақтары:

  1. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу және даму жолдары

2. Қай ғасырларда дүниежүзілік шаруашылық мейлінше біртұтас, үйлестірілген, динамикалық қозғалыстағы шаруашылық болып көрінеді.

3. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер келіп қосылған уақыты


Лекция №3

Тақырыбы: Халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылық

(1 сағат)

Жоспар:

1. Халықаралық еңбек бөлінісі.

2. Географиялық немесе аумақтық еңбек бөлінісі.

Лекцияның мақсаты:Студенттерге халықаралық еңбек бөлінісінің дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны туралы түсінік беру.

Лекция мәтіні:

1.Қоғам дамуының бастапқы кезінде еңбек бөлінісінің қарапайым түрі еңбектің еркектер мен әйелдер арасында, ересектер мен бала – шаға, қарттардың арасында бөлінуі болды.

Өндіргіш күштер дами келе бұл бөлініс қоғмдық еңбек бөлінісіне айналды. Бұл ұғым – анағұрлым ауқымды ұғым. Ол қоғам ішіндегі болсын, сондай –ақ экономиканың салалары арасындағы, жекелеген кәсіпорындар және тіпті жекелеген адамдар арасындағы болсын еңбек бөлінісін қамтиды.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің ажырағысыз бір бөлігі географиялық (немесе аумақтық) еңбек бөлінісі болып табылады. Мұның өзі аумақтардың мамандануы және олардың арасындағы арнаулы өнімдермен және қызмет түрлерімен алмасу процесі болады.

2.Географиялық еңбек бөлінісінің ең жоғары түрі – халықаралық еңбек бөлінісі, яғни жекелеген елдердің шаруашылығының өздері айырбастайтын белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандануы.

Мұндай маманданудың пайда болуы үшін белгілі бір жағдайлар болуы қажет. Біріншіден , халықаралық еңбек бөлінісіне қатысушы елдің ең болмағанда біраз мемлекеттер алдында тиісті өнімді өндіруде қайсыбір артықшылық жағдайы (мысалы, табиғи ресурстардың молдығы) болуға тиіс; екіншіден, сол өнімді қажетсінетін елдер болуы керек: үшіншіден, өнімді сататын жерге жеткізуге кететін шығын оны өндіруші ел үшін тиімдіболуға тиіс.

Халықаралық еңбек бөлінісі тарихи тұрғыда қалыптасты. Оның жекелеген элементтері ең ежелгі замандарда болды. Рим империясы Карфаген, араб халифаттары және басқа да мемлекеттер тауар айырбастауды кеңінен жүргізді. Алайда қоғамдық еңбек бөлінісі тарих тұңғиығындағы сол бір кезде халықаралық еңбек бөлінісінің дамыған түрлерінің қалыптасуына негіз боларлықтай дәрежеге әлі жетпеді. Әлем картасындағы “ ақтаңдақтар” жойыла келе, көліктің, сауда мен капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына орай ғана халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты.

Көптеген елдердің шаруашылық бейнесі олардың халықаралық тұрғыда мамандануына қарай анықталды. Мысалы, Жапония дүние жүзінде автомобильдерді, теңіз кемелерін, радиоэлектроника мен робот жасау саласының өнімдерін экспортқа ең көп шығаратын ел (70 –ші жылдарда жапондарға тән “ Электроника елдің мұнайы болмақ” деген ұран болды). Болгария агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері мен көтергіш-көлік жабдықтарын

шығаруға маманданған. Дамушы елдердің бірі – Замбия- дүние жүзінде мыс рудасы мен кесектелген мысты экспортқа ең көп шығаратын ел.Қай мемлекеттің болсын халықаралық еңбек бөлінісіне қамтылу дәрежесі ең алдымен оның өндіргіш күштерінің даму деңгейіне байланысты. Сондықтан индустриясы дамыған елдер қазіргі халықаралық еңбек бөлінісінде, әсіресе қымбат тұратын, “ мәртебелі” өнім – машиналар мен жабдықтар, ұзақ пайдаланылатын тауарлар шығаруда алдыңғы орындарды алады. Ал Азияның, Африканың, Латын Америкасының көптеген жас елдеріне келетін болсақ, онда олардың халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі негізінен өнеркәсібі дамыған елдерді ресурстармен жабдықтау есебінен көтеріледі. Олардың шикізат беруге отарлық заманда мамандануы қазір де сақталып отыр.

Кейбір елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуына географиялық факторлар да едәуір әсер етеді. Мысалы, Ұлыбритания өткен заманда көбіне басты- басты теңіз жолдарының торабында орналасқан жағдайы арқасында “ дүние жүзінің фабрикасы” болды, өнеркәсіп революциясының нәтижесін пайдаланып, капитализмнің отанына айналды. Кейбір өнім түрлері ресурстық негізі мол белгілі бір елге не ауданға “ орнығады”. Таяу Шығыстың нақ сол мұнай – газ ресурстары бұл өңірдің әлемінің ең ірі отын- энергетика базасына айналуына жағдай жасады.

Алайда географиялық жағдайы да, табиғи ресурстары да халықаралықеңбек бөлінісінің тек бастама факторлары ғана болады. Бұл орайдаәлеуметтік – экономикалық жағдайлар шешуші рөл атқарады.

Халықаралық еңбек бөлінісі дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуы жағдайында прогресті ғана емес, болмай қоймайтын да процесс. Ол шаруашылық өмірдің интернационалдануының обьективтілік негізі әрі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің іргетасы болып қызмет етеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қоғамдық еңбек бөлінісінің ажырағысыз бір бөлігі

  2. Географиялық еңбек бөлінісінің ең жоғары түрі

  3. Халықаралық еңбек бөлінісінің тарихи тұрғыдан қалыптасуы

  4. Елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуына географиялық факторлардың едәуір әсері

4 лекция

Тақырыбы: Ғылыми – техникалық революция (ҒТР) және өндіргіш күштердің орналасуы

(1 сағат)

Жоспар:

1. ҒТР – дің сипаттары

2. ҒТР – дің негізгі мазмұны

3.Өндіргіш күштердің орналасуы



Лекцияның мақсаты: ҒТР – дің ең басты әрі айқындаушы нышаны ғылымның ерекше қауырт дамуы, оның тікелей өндіргіш күшке айналуы болып табылатынын студенттерге меңгерту.

Лекция мәтіні:

1. Адамзат өркениетінің дамуына ілесетін ғылыми – техникалық прогрестен өзгеше ғылыми – техникалық революция дегеніміз ғылым мен техниканың дамуында қоғамның өндіргіш күштерін түбірімен өзгертетін сапалық күрт ілгерілеу болатын уақыт кезеңі.

Ғылыми – техникалық революцияның (ҒТР) басталуы шамамен ХХ ғасырдың орта тұсы. Оны сипаттайтын нышандар өте – мөте сан алуан және ҒТР – дің барлық құрамдастарына: ғылымға, техника мен технологияға, өндіріске, басқаруға қатысты. Олардың маңызды – маңызды екеуін атап айтайық.

ҒТР – дің ең басты әрі айқындаушы нышаны ғылымның ерекше қауырт дамуы, оның тікелей өндіргіш күшке айналуы болып табылады. Қазіргі заманғы ғылыми ашылыстар индустриясына, техниканы дамытудың қуатты көтермелеушісіне айналды. « Ғылым - өндіріс» және «білім – ғылым - өндіріс» жүйесі пайда болды.

Білімнің нағыз заманға лайық жүйесі болмайынша «үлкен ғылымның « болмайтыны айдан анық. Мысалы, Жапонияның ҒТР жетістіктен өнеркәсіпке енгізудегі жалпы әлем таныған табыстары білім беру жүйесінің тамаша ұйымдастырылуымен, бұл жүйеге көп қаржы жұмсалуымен тікелей байланысты. Бұл елде ірі- ірі ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық талдамалар (ҒЗТКТ) жүргізетін 450 университет бар.

ҒЗТКТ –ге жұмсалатын қаражат ҒТР дәуірінде өте – мөте маңызды экономикалық көрсеткішке айналып келеді. Мұндай қаражаттың дені (85 пайызы) өнеркәсібі дамыған басты –басты елдерге келеді: АҚШ, Жапония, ГФР, Франция және Ұлыбритания. Бұл орайда АҚШ – та ҒЗТКТ – ге жұмсалатын қаражаттарының бәрін қосқандағыға шамалас және Ресейдің мұндай қаражатынан бірнеше есе асып түседі. Өндірістің техникалық деңгейінің бірқатар көрсеткіштерінің Батыстың дамыған елдерінде анағұрлым жоғары болуының себебі осы. Қазақстанның экономикасын ҒТР талаптарының деңгейіне көтеру үшін ғылым мен техниканың дамуын жеделдету тұрғысында шешуші шаралар қолдану қажет болатыны сондықтан.

2.Қазіргі ғылыми – техникалық революцияның аса маңызды екінші нышаны өндірістің техникалық базасындағы түбірлі өзгерістер болып табылады. Бұл орайда электронды – есептеу техникасы мен роботтардың кеңінен қолданылуы, мүлдем жаңа химиялық материалдардың шығуы, энергияның жаңа түрлері мен негіздерінің ( атомдық, термоядролық энергия) ашылып, пайдаланылуы туралы айтылып отыр. Ақыр соңында бұл еңбектің күрделілігі мен нәтижелілілігін күрт арттырады, ал мұның өзі жоғары білікті жұмыс күшін талап етеді.

Өткен ғасырдағы өнеркәсіптік революцияның бастама « буыны» бу машинасы болса, қазіргі ҒТР – дің бастама «буыны» ЭЕМ болып отыр. Егер ең қуатты ЭЕМ – дердің саны дүние жүзінде жүздеп саналатын болса, жеке компьютерлердің саны ондаған миллионға жетіп отыр. ЭЕМ – дер жасауда АҚШ алда (олардың шамамен 50 пайызы Батыстың дамыған елдері мен Жапонияда жасалады). ЭЕМ – дерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын жасауда бұл елдің үлес салмағы одан да жоғары. Экономикалық ЭЕМ – дермен жарақталуы жөнінен біздің еліміздің жетістіктері әлі ауыз толтырылып айтуға келмейді.

« Микроэлектрондық революция» қазіргі заманғы дүниеде еңбек ең көп жұмсалатын әрі қауіпті өндірістерде пайдаланылатын роботтарды көптеп қолданудан айқын көрініп отыр. Роботтар жасау жөнінен дүние жүзінде барлық елдерден Жапония алда келеді.

ЭЕМ -дер мен роботтар жүйесінің осы заманғы лайық станоктардың, сондай –ақ көлік –тиеу – түсіру құрылғыларының қосылып ұштасуы икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) деп аталатындарды құрайды. Мұндай жүйелер « адам жоқ» зауыттарда еңбектің өндіргіштігін ондаған есе арттырады. Дүние жүзінде мұндай ИӨЖ – дер саны әзірше көп емес, бірақ болашақ осыларда.

Техниканың революциялық жаңаруымен қатарласа технология өзгеріп жатыр. Қасиеттері күн ілгері белгілі заттар, химиялық синтездің энергиясы, аса жоғары температуралар мен жоғары қысымда жүзеге асатын процестер, лазерлік техника кеңінен пайдаланылуда.

ҒТР дәуірінде қазіргі заманғы өндірісті басқару проблемасы ерекше маңызды болып отыр. Ол адам айтқысыз күрделіленіп, арнаулы даярлықты керек ететін болды.

Белгілі бір елдегі ҒТР – дің жайы қандай екенін әдетте өнімді өнеркәсіптік өндіруде ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлесі қандай екеніне қарап ажыратады. Мұндай өнімдерді прибор жасау, электро – техникалық машина жасау, авиағарыштық өнеркәсіп және т.б. салалар шығарады.

Ғылым көп пайдаланылған өнім дамыған елдердің сыртқы саудасында барған сайын үлкен рөл атқарып келеді. Бұл орайда осы өнім экспортының 90 пайызынан астамы АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания елдерінің үлесінде. Еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі экспортымызданақ осы ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлес салмағын арттыру.

ҒТР – дің ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымында елеулі өзгерістер болып жатыр. Әлемнің жетекші елдерінің ғасырлар бойы күш – қуатының тірегі болып келген кейбір салалардың рөлдері төмендеп барады, ал ғылым көп пайдаланылатын өнімдер шығаратын жоғары технологиялық енді бір салаларөрлей дамуда.

Дүниежүзілік шаруашылықтың ХХ ғасырдың аяғында қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік, табиғи, саяси және басқа да факторлардың нәтижесі. ҒТР дәуірінде олардың әрекетінің сипаты едәуір өзгеріп келеді.

Мысалы, XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы кезіндегі өнеркәсіптің орналасуына ресурстық факторлар – минерал – шикізат базаларының орналасуының ықпалы күшті болды. Мидленд және Англияның басқа да көмір бассейндері XIX ғасырдағы өнеркәсіптік революцияның ұйытқысы болды. Орал, Кузбасс – Ресейдің индустриялануының алғашқы базалары. ҒТР дәуірінде өнеркәсіптің минерал – шикізат базаларына мұндай «байлануы» анағұрлым сирек. Ол былай тұрсын, өнеркәсібі дамыған елдердің сырттан әкелінетін арзан шикізатты пайдалануға көшуі бұл елдердің көмірлі және темірлі көптеген аудандарын жұтатып, оларда жұмыссыздық көбейді.

Тосыннан қарағанда оғаш көрінетін болсада, ҒТР дәуірінде қауырт дамып отырған көптеген елдердің өз шикізат базалары жоқ. Мұны Жапонияның мысалы айқын көрсетеді: шикізат пен отынның 90 пайызын импорттан алатынына, ол соған қарамастан жоғары индустриялы ел болып отыр. Басқа мемлекеттерде өнеркәсіптің дені шикізат пен отын базаларынан заманға сай индустриялық құрылым қалыптасқан жаңа аудандарға ойысты (АҚШ – тың Солтүстік – Шығысынан Калифорнияға, ГФР – де Рурдан елдің оңтүстігіне және т.б.)

Өндіруші өнеркәсіп дамыған елдердің жаңа ресурстары аудандарында ғана өндірістің негізгі күйінде қалды (Канаданың солтүстік және батыс аудандары, АҚШ – та Аляска, Австралияның солтүстік өңірі, Дүниежүзілік мұхиттың қайраңды аймақтары).

Дамушы елдерде жағдай басқаша; бұларда минерал – шикізат ресурстары индустрияландырудың аса маңызды факторы күйінде қалуының үстіне шаруашылықтың орналасуына шешуші ықпалы болып отыр. Экономикалық дербестікке жету жолында мол ресурстарды Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер ғана дұрыс пайдалана алды.

Қазіргі дүние жүзінде өндірістің орналасуының аса маңызды факторларының бірі ғылым мен білім орталықтарына қарай ойысу болып отыр. Ең алдымен бұл фактор ғылым көп пайдаланылатын салалардың географиясына әсер етуде. Білім беру – ғылым - өндіріс тізбесі дамыған елдердің көптеген жетекші аудандары мен орталықтарына тән жағдай болуға айналды. Мысалы, Жапонияда 80- ші жылдарда арнаулы технополистер – ғылым қалалары құрыла бастады да, оларға ғылым неғұрлым көп пайдаланылатынбағыттар: авиағарыштық техника, ЭЕМ дайындау мен жасап шығару, роботтар жасау және т.б. іріктеліп орналастырылды. АҚШ – та мұндай технополис – Калифорниядағы Силикон – Велли ( Кремний жазығы).

Мұнымен тікелей байланысты тағы бір фактор – білікті жұмыс күшіне ойысу. Қазір қай озық елге болса да қарапайым еңбек ресурстары ғана емес, заманғы сай техниканы басқара алатын білімді, жоғары білікті адамдар керек. Осыған орай Батыс елдерінде өндіргіш күштерді орналастыруға біліктіліктегі айырмашылық пен жұмыс күшінің құны едәуір әсер етәп отыр. Ұқсатушы өнеркәсіптің «бірінші қабаттарын» монополиялар арзан жұмыс күшін пайдалану үшін бірден – бірге үшінші елдерге көшіруде.

3. ҒТР дәуірінде өндіргіш күштердің орналасуының басқа факторлары мән – маңызын жойған жоқ. Бұлар : тұтыну факторы, энергетика факторы, көлік факторы және т.б. Жекелеген елдер мен аудандардың географиялық орын жағдайы да одан әрі маңызды болып отыр. Мысалы, Еуропадан және Таяу Шығыстан Жапонияға баратын аса маңызды теңіз жолдарының бойында орналаспаған болса Сингапурдың, Корея Республикасының , Гонконгтың «жаңа индустриялы елдер» қатарына қосылуы екіталай болар еді.

Экология факторы жаңа фактор болып отыр. Жетекші индустриялы елдерде шаруашылық обьектілерін салған кезде бұл фактор міндетті түрде есепке алынады. Экологияға немқұрайды қараушыларға заңдарда қатаң шаралар қолдану көзделген.

Дүниежүзілік шаруашылықтың қазіргі кезеңде дамуы өндіріс пен халықтың аумақтық тұрғыда барынша шоғырлануына әкеліп отыр. Бір жағынан, мұның өзі шаруашылықтың дамуына біршама тиімді еді: аумақ үнемделетін, ортақ инфрақұрылым пайдаланылатын, кәсіп – орындары кооперациялау, ірі қалаларда ғылыммен байланыс үшін қолайлы болатын. Екінші жағынан, өндіріс пен халықтың шоғырлануының шекті мөлшері сақталмаса, мұның өзі экологиялық ортаның нашарлануына, көлік қарбаластығына, сумен жабдықтаудағы және т.б. қиыншылықтарға апарып соғады. Мехико, Сан – Пауло, Нью- Йорк және басқа да көптеген өнеркәсіпті аудандардың бақылаусыз өсуі шетелдерді қандай алаңдатып отырса, мұндай проблемалар туындамас үшін біздің елмізде де күн ілгері алдын алу шаралары қолданылуға тиіс екені түсінікті.

Осы себептен де көптеген елдердің үкіметтері үлкен қалалар мен өнеркәсіп орталықтарын «тарқатып» сейілтуге күш салуда.

Сонымен , қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық көрінісі ғылыми – техникалық революцияның ықпалымен өзгеріп отыр. Жер шарында өндірістен «бос» аумақтар барған сайын аз қалып отыр, өндіріс одан әрі шоғырлана түсуде: өндіргіш күштердің орналастыруда жаңа факторлардың – экологиялық фактордың, ғылым орталықтарына қарай ойысу және т.б. факторлардың рөлі күшейе түсуде.



Бақылау сұрақтары:

  1. ҒТР – дің ең басты әрі айқындаушы нышаны

  2. Қазіргі ғылыми – техникалық революцияның аса маңызды екінші нышаны

  3. XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы кезіндегі өнеркәсіптің орналасуына ресурстық факторлардың орналасуының ықпалы


Лекция №5

Тақырыбы: Энергетика

(1 сағат)

Жоспар:

1. Дүниежүзінің отын – энергетика балансы

2.Мұнай өнеркәсібі

3. Газ өнеркәсібі

4.Көмір өнеркәсібі

Лекцияның мақсаты:Дүниежүзілік шаруашылықта дүниежүзінің отын – энергетика балансының алатын орнын студенттерге түсіндіру және меңгерту.

Лекция мәтіні:

1.Энергетика дегеніміз отын өнеркәсібі, энергетика салаларының, сондай –ақ отын мен энергияны жеткізу құралдарының жиынтығы.

Мұның өзі осы заманғы шаруашылықтың, экономикадағы барлық прогресті процестердің негізі. Өнеркәсіп салаларының көпшілігімен салыстырғанда энергетика озық қарқынмен дамыды, өйткені ҒТР дәуірінде өндіріске энергияның пайдаланылуы шапшаң артты. ХХ ғасырдың өзінде ғана дүние жүзінде энергияның пайдаланылуы 15 есе артты.

1960 жылы Мұнай экспорттаушы елдердің (ОПЕК) құрылып оның мүшелері мұнай өндіруді өз қолдарына алды. ОПЕК – ке Алжир, Эквадор, Габон, Катар, Индонезия,Ирак, Иран, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, Венесуэла, БАӘ кіреді. Жылу электр станцияларында мұнай (мазут) орнына көмір мен табиғи газ қолданылды да, бағалы химиялық шикізат ретіндегі мұнай үнемделетін болды.

2.Мұнай өнеркәсібі. Мұнайдың дүниежүзілік ресурстарының географиясының басты ерекшелігі оның басым бөлігі дамушы елдерге, ең алдымен Таяу Шығыс елдеріне келеді. Мұнай өндіру жөнінде АҚШ, Сауд Арабиясы, Ресей жетекші орындарды алып отыр. ҚХР – де мұнай өндіру ұлғайып келеді.

Ресейде мұнай өндіретін негізгі аудан Батыс Сібір болып отыр (өндірілетін мұнайдың үштен екісі). Мұнай құбырлары желісі (80 мың км – ден астам) өндіру мен тұтыну аудандарын жалғастырады. Мұнай өндірудің бірден – бірге табиғи жағдайлары қатал, көліктің жетуі қиын өңірлерге жылжуына байланысты оны өндіруге жұмсалатын шығындар едәуір өсуде.

АҚШ- та мұнай Оңтүстікте, ал соңғы жылдары Аляска қайраңында өндіріледі.

Мұнайды өндіретін және тұтынатын негізгі аудандардың арасында аумақтық алшақтықтың сақталуы мұнайдың алысқа орасан көп тасылуына әкеліп соғып отыр. Ол дүниежүзілік теңіз көлігінің нөмірі бірінші жүгі болып келеді. Мұнай тамысалдаудың негізгі бағыттары Парсы шығанағындағы аса ірі мұнай порттарынан басталып,Батыс Еуропа мен Жапонияға қарай ағылады. Ең ірі танкерлер алыс жолмен Африканы айналып өтіп, Суэц каналы арқылы мұнай тасымалдайды. Мұнай жүк тасқындарының енді біразы Орталық Америка елдерінен ( Венесуэла, Мексика) АҚШ – қа, батыс Еуропаға бағыт алады. АҚШ мұнаймен Аляскадан Канада арқылы да жабдықталады.

Шығыс Еуропа елдерін мұнаймен жабдықтауда Ресей басты рөл атқарады.

3.Газ өнеркәсібі. Табиғи газ өндіру үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында ғана дамыды. Ресей мен АҚШ –қа өндірілетін дүниежүзілік газ көлемінің шамамен жартысы келеді. Өзге елдер бұлардан анағұрлым артта (Канада, Нидерланды т.б.).

Газ ішкі халықаралық магистралдық газ құбырлары жүйесі арқылы тасылады. Ресей газының дені өндірілетін Батыс Сібірден ол Ресейдің еуропалық бөлігіне, Украинаға, Белорусьқа, Шығыс және Батыс Еуропаға тасылады.

АҚШ – та газ құбырлары желісінің негізгі бағыты Оңтүстіктен Солтүстік – Шығысқа қарай. Нидерландыдан газ Батыс Еуропаның басқа елдеріне жіберіледі. Кейбір газ құбырлары теңіз түбі арқылы төселген Солтүстік теңіз қайраңы кен орындарынан Ұлыбританияға, норвегияға, ГФР – ге, Алжирден Сицилияға аралына (Италия) тартылған.

Газ тасымалдаудың енді бір әдісі оны сұйық күйінде газ тасушы арнайы кемелермен тасу болып отыр. Ол экспорт порттарында оны қайтадан қалыпты газға айналдыратын қымбат қондырғылар салуды талап етеді. Газды осылай теңізбен таситын тұрақты “ тізбектер” (Таяу Шығыс – Жапония, Австралия – Жааония) қалыптастырылуда.

Газды ең көп экспорттайтын ел Ресей, одан соң Нидерланды, Канада (АҚШ – қа экспорт) және Норвегия келеді. Газды негізгі импорттаушы ел – Жапония.

4.Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзінің көмір өнеркәсібі біршама шапшаң дамып келеді. Мұның өзі энергетикалық жағдайдың шиеленісуімен байланысты. Көмір өндіретін негізгі елдер : ҚХР, АҚШ, Ресей және Польша.

ҚХР – де көмірдің дені елдің шығыс аудандарында өндіріледі. АҚШ – та басты көмір бассейні – Аппалачи, мұнда көмір ең жақсы жағдайда өндіріледі (60 пайызы ашық әдіспен алынады) Ресейде көмірдің дені шығыс аудандарда (Кузнецк және Иркутск бассейнедері)

Дүниежүзілік нарықта көмірдің бәсекелестік қабілетінде оның өзіндік құны аса маңызды рөл атқарады, мұның өзі ашық қазып алу мүмкіндігіне көмір қабаттарының қалыңдығы мен орналасу тереңдігіне байланысты. Көмірді экспортқа шығарушы өндіру жағдайлары жақсы елдер: Австралия, АҚШ, ОАР.

Бақылау сұрақтары:


  1. ОПЕК -ке мүше елдерді ата?

  2. Ресейде мұнай өндіретін негізгі аудан

  3. Табиғи газ өндірудің қарқынды дамыған уақыты

  4. Көмір өндіретін негізгі елдер

Лекция № 6

Тақырыбы: Өңдеуші өнеркәсіп

(1 сағат)

Жоспар:

1. Металлургия

2. Машина жасау

3. Химия өнеркәсібі



Лекцияның мақсаты: Ұқсатушы өнеркәсіп салаларының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны жайында түсінік беру.

Лекция мәтіні:

1.Ұқсатушы өнеркәсіп салаларына металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу, цемент, жеңіл, тамақ өнеркәсібі және басқа да көптеген салалар жатады. Бұлардың негізгі түрлерін қарастырайық.

Металлургия адамзатты конструкциялық материалдарымен – қара және түсті металдармен қамтамасыз етеді. Пластмассалардың бәсекелесуі күшейгеніне қарамастан, болат дүниежүзілік экономикада негізгі конструкциялық материал ретінде қалып отыр.

Дүниежүзілік болат өндірісі жыл сайын шамамен 800 млн. тонна мөлшерінде. Бұл орайда осы мөлшердің 80 пайызына жуығы дамыған елдердің, 20 пайызы дамушы елдердің үлесіне келеді. Болатты көп өндіретін елдер – Жапония (100 млн. тоннадан астам), АҚШ, Ресей, Украина, ҚХР, Германия.

Батыстың дамыған елдерінде қара металлургияның дамуының соңғы жылдарға тән ерекшелігі болатты өндіру мен тұтынудың азаюы болып табылады. Тосыннан қарағанда мұндай оғаш беталыстың үш себебі бар. Біріншіден, дүние жүзінде өнімге жұмсалатын металдың жалпы азаюының пргресті процесі жүріп жатыр. Екіншіден, металдарды пластмассалар пәрменді түрде ығыстыруда. Үшіншіден, қара металлургияның біразы онша таза өндіріс болмағандықтан, қазірден – ақ үшінші дүние елдеріне көшірілді.

Ресейде де өнім жасауға металдың жұмсалуын азайту бағыты көзделіп отыр. Алайда ондағы машина жасауда металл емес конструкциялық материалдардың үлесі АҚШ – тағыдан аз. Металл сынықтарын пайдалану деңгейі де төмен.

Соңғы жылдары дүниежүзілік темір руда базасының географиясы көп өзгерді. Дамушы елдерден келетін бай руданың пайдаланылуы (60 пайызына дейіні – темір) және жергілікті жұмыс күшінің арзан болуы Батыс Еуропаның темір рудасы бассейндерінің біразында өндірудің тоқтатылуына әкеліп тіреді.

Руда шикізатының негізгі экспортшылары – Бразилия, Үндістан, Либерия, Австралия, ОАР. Шығыс Еуропа елдеріне темір рудасын ең көп жіберетін ел – Ресей.

Импорттық руданың ағыл – тегіл әкелінуі батыс Еуропаның көптеген елдері мен Жапонияда теңіз жағасындағы металлургияны дамытты. Батыстың дамыған елдерінен АҚШ пен Германия ғана қара металлургияның ішкі орталықтары басым. АҚШ – та олар Ұлы көлдерге жақын орналасқан (Чикаго, Детройт, Янгстаун ауданы). Әйтсе де теңіз жағасындағы металлургия да дамып отыр (Атлант жағалауындағы Балтимор, Тынық мұхит жағалауындағы Лос – Анжелес маңы). Германияда Рур және Саар металлургия аудандары алда.

Шикізат пен кокс импортынан тәуелсіз лдерде (Ресей, Украина, Қытай, Қазақстан, т.б.) және темір рудасы базалары маңында не олардың арасында орналсқан. Металл өндірушілер арасында Польша да елеулі орын алады.

Қара металлургия дамушы елдерде шапшаң қарқынмен дамып келеді. Металды көп өндірушілер қатарына Бразилия (Франция мен Ұлыбританияның алдына шықты), Үндістан, Корея Республикасы және т.б. қосылды.

Дүние жүзінің түсті металлургиясы жылына 40 млн. тоннаға жуық әр түрлі металдар өндіреді. Бұл ең алдымен алюминий (17 млн. т.), ол қазіргі заманда алуан түрлі салаларда: автомобиль жасауда, жеңіл констуркциялық материалдар өндіруде және басқа да көптеген шаруашылық салаларында көп қолданылады.

Алюминий өнеркәсібі аумақтық жағынан бір – бірінен бөлінген өндірістік буындарын құралады. Бұлардың біріншісі – глинозем (алюминий тотығы) алу, мұның географиясы ішінара боксит өндіретін елдерге қарай ойысады. Энергия көп жұмсалатын екінші буын- алюминий өндіру – көбіне дамушы елдердегі арзан электр энергиясы көздеріне жақындауға бейім.

Боксит өндіретін негізгі елдер – Австралия, Гвинея, Ямайка, Ресей, Бразилия, глинозем өндіру жөнінен – Австралия, Ресей, АҚШ, Ямайка. Ал алюминий қорыту жөнінен алда келе жатқандар реті мүлдем басқаша: АҚШ, Жапония, Ресей, Канада, Германия. Бұл елдердің бәрінде өндіріс ірі ГЭС – тер аудандарында немесе қуатты шоғырланған. Жерде жүргізіледі.

Ауыр түсті металдрдың рудаларында металл өте аз болады. Мысалы, өндіретін рудадағы мыстың мөлшері 0,5 – тен 3,5 пайызға дейін, осының өзінде барған сайын жұтаң рудалар ұқсатылатын болды. Рудаларды байыту және қара мыс өндіру іс жүзінде руда өндіретін елдердің бәрінде ұйымдастырылатын себебі осы.

Мыс рудалары қорының дені Чилиде, АҚШ – та, Замбияда, Қазақстанда шоғырланған. Мысты тазартып қорытуға электр энергиясы көп кетеді, сондықтан қара мыстың біразы дамушы елдерге жіберіледі. Тазартылған мысты көп өндіретін елдер – АҚШ, Ресей, Жапония, Германия, Қазақстан.

Металды өндіруші елдер мен қорытушы елдер арасындағы айырым қорғасын қорытып шығаруда да көрінеді. Руда өндіру жөнінен мұнда Австралия, АҚШ, Канада, Қазақстан, Ресей, одаг әрі Перу, Мексика алдыңғы қатарда. Алайда металды көп қорытып шығарушы елдердің арасында дамушы елдер жоқ десе болғандай: АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Ресей, Қазақстан.

2.Машина жасау дүние жүзілік өнеркәсіптің ең күрделі және көп тармақты саласы. Машиналар мен жабдықтарға, приборлар мен өндірістік мақсаттағы аспаптарға қоса бұл сала тұрмыс және мәдениет тұрғысындағы алуан түрлі бұйымдарды шығарады. Жасайтын бұйымдарына байланысты машина жасау энергеткалық, көлік, ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын, өнеркәсіптің көптеген салалары үшін тенологиялық жабдықтар жасайтын, станок жасайтын көптеген салалар болып бөлінеді.

Дүние жүзінің машина жасау саласының басты бір саласы – автомобиль жасау.

3. Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі қай елдің болса да экономикасының қаншалық жаңғырғанын оның ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін пайдалануы қалай екенін айнытпай көрсететін индикатор болып табылады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Руда шикізатының негізгі экспортшылары

  2. Боксит өндіретін негізгі елдер

  3. Машина жасау дүние жүзілік өнеркәсіптің ең күрделі және көп тармақты саласы

4. Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінің дамуы

Лекция №7

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы

(1-сағат)

Жоспар:

1. Ауыл шаруашылығының маңызы, ішкі салалық құрылымы, салааралық байланыстар.

2. Аграрлық қатынастар

3. Егіншілік



Лекцияның мақсаты: Ауыл шаруашылығының маңызы, ішкі салалық құрылымы, салааралық байланыстарын студенттерге түсіндіру және меңгерту.

Лекция мәтіні:

1. Ауыл шаруашылығы – адамның өмірлік қарекетінің ең ежелгі бір саласы, оның түп тамыры ғасырлар мен мыңдаған жылдар тереңінен басталады. Ауыл шаруашылығының маңызы зор екенін бүгінде онымен жер шарының еңбеккер халқының жартысына жуығы шұғылданатынынан – ақ білуге болады. Әрине, бұл цифрдің сыртында елдер бойынша үлкен айырмашылықтар бар екені анық. Мысалы, Батыс Еуропа мемлекеттерінде ауыл шаруашылығында халықтың орта есеппен 9 пайызы, АҚШ – та -7, Канадада -6 пайызы, Ресейде -14 пайызы жұмыс істейді. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш едәуір көп, кейде 70-80 пайызға жетеді. Бұл көрсеткішті талдағанда, оның ең алдымен ауыл шаруашылығы жұмыстарының механикаландырылуы деңгейіне, сондай –ақ ауыл шаруашылығының мамандануына, табиғи жағдайларға байланысты екенін көруге болады.

Қай елдің болсын ауыл шаруашылығы өзара байланысты ірі – ірі екі саладан – егіншілік пен мал шаруашылығынан құралады. Бұл екі саланың ара қатынасы еңбектің не капиталдың қаншалық жұмсалатынына, жергілікті табиғи жағдайлардың сипатына қарай әр елде әр түрлі болады. Дүние жүзінің жоғары дамыған елдерінде (АҚШ, Германия, Франция және т.б.) агротехника мен ғылымның ең жаңа жетістіктері молынан қолданылатын жағдайда мал шаруашылығы өнімі егіншілік өнімінен басым.

Осындай жағдай кейбір дамушы елдерде де бар (ең алдымен Таяу және Орта Шығыс елдерінде), алайда мұндағы себеп басқаша: климаттың тым құрғақшылығы мен топырақтың құнарсыздығы егіншіліктің дамуын шектейді. Азаттық алған елдердің басым көпшілігінде егіншілік біршама басым.

Егіншілік пен мал шаруашылығы бір – бірімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығы өнімін ұқсататын және оған өндіріс құралдарын жасап беретін өнеркәсіп салаларымен де ауыл шаруашылығының байланысы мықты. Салалардың бұлайша өзара байланыса ұштасуын агроөнеркәсіптік кешен деп атайды. (АӨК). Құрамы әр алуан, күш – қуаты әр түрлі мұндай кешендер әлемнің дамыған елдерінде кеңінен тараған, ал дамушы елдерде олар әдетте әлі жаңадан қалыптасып отыр.

Өнеркәсібі дамыған елдерде жер қорының дені жеке меншік ірі жер иелерінің – жалдамалы еңбекті пайдаланатын фермерлер мен компаниялардың қолында. Мемлекеттің өзі ірі жер иеленуші болып шығады. Мысалы, АҚШ – та барлық жердің төрттен біріндейі мемлекет иелегінде. Жер қорының бір бөлігі шіркеудің иелегінде, алайда шіркеу жерлерінің үлес мөлшері үздіксіз азайып келеді.

2.Дамушы елдерде аграрлық қатынастардың көрінісі барынша ала –құла. Мысалы, Латын Америкасында жер қорының бір бөлігі – латифундиялар, яғни помещиктік шаруашылықтардың негізі болып табылатын ұлан – ғайыр жеке меншік жер иелктері. Азия мен Африка елдерінің көпшілінде жергілікті және шетел капиталының меншігіндегі ірі – ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар, феодалдық және жартылай феодалдық сипаттағы, тіпті рулық – тайпалық қатынастардың қалдықтары бар шаруашылықтар көп. Бұл орайда түп тамыры ежелгі заманда жатқан қауымдық жер иелену (яғни , жер шаруалар ұжымына – қауымға тиесілі) айрықша атап айтуға лайық.

Дамушы елдердің ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың даму процесі феодалдық қатынастардың біртіндеп ыдырауынан және оның тауарлылығының артуынан көрініп отыр. Мұнда фермер шаруашылықтары нығаюда, тропиктік және субтропиктік дақылдар өндіретін, феодалдық қатынастардың қалдықтары ауырлатқан тауарлық кәсіпорындар – плантациялар дамуда.

Батыс елдеріндегі ауыл шаруашылығының қазіргі дамуының өзіне тән бір ерекшелігі – жер ірі – ірі меншіктілердің иелігіне жинақталған. Күйзелген ұсақ жер иелері өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жұмысшыларының қатарына қосылып отырады.

3.Дүние жүзінің егістік алаңының шамамен жартысын (0,7 млрд. гектардан астам) дәнді дақылдар алады. Дәнді дақылдар картоппен қатар адамзаттың негізгі тағамдық қоры. Дәнді дақылдың алуан түрлері тамақ өнеркәсібінің көптеген салалары үшін (ұн, жарма тарту және т.б), сондай –ақ құрама жем, спирт, т.б.шығаратын салалар үшін шикізат болады.

Көптеген дәнді дақылдардың ішінде (бидай, күріш, жүгері, арпа, тары, сорго, сұлы , қарабидай, чумиза) дүние жүзінде ең маңыздылары – бидай, күріш, жүгері. Егер бидай көбіне далалық дақыл болса (Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның далалары мен орманды далалары, Солтүстік Американың прериялары, Аргентина Пампасы, Австралия далалары(, күріш – муссондық климаттың негізгі дақылы; ол әр кезде дерлік қолдан суарылып өсіріледі (Азияның Африканың, Латын Америкасының тропик және субтропик аудандары). Осының өзінде бидай егістігі күріш өсірілетін танаптардан екі есеге жуық артық болғанымен, бұл екі дақылдың түсімі шамамен бірдей. Өйткені көптеген елдер –ҚХР, Жапония, Индонезия, Египет және басқалары – күріштен жылына екі рет өнім алады.

Жүгері астық ретінде ғана пайдаланылып қоймайды, согбығы піскен кезде сүрлемге салынады да, осы себепті көп жерде өсіріледі. АҚШ –та, Аргентинада, Еуропа елдерінде жүгері көбіне мал азығы, ал дамушы елдерде тамаққа пайдаланылады.

Техникалық дақылдар әр түрлі өнеркәсіп салалары үшін шикізат алу мақсатында өсіріледі. Неғұрлым маңыздылары майлы дақылдар (күнбағыс, жер жаңғақ, соя, рапс, күнжіт және т.б.), қант жасалатындар (қант борығы мен қант қызылшасы), талшықты дақылдар (мақта, зығыр, т.т), крахмал алынатын дақылдар (картоп, батат, ямс, т.т). Дүние жүзінің ауыл шаруашылығында сондай – ақ шай, кофе, какао, цитрустық жемістер маңызды.

Техникалық дақылдар өсірілетін аймақтар барынша әр түрлі. Мысалы, кофе, какао, пальмалар,қант қызылшасы, зығыр қоңыржай белдеуде өсіріледі. Осының өзінде техникалық дақылдар табиғи және экономикалық жағдайлары ең жақсы аудандарда өсіріледі, мұның өзі бұл дақылдардың тауарлылығы жоғары болғандықтан.

Дүние жүзіндегі егіншіліктің едәуір бөлігі – суармалы егіншілік. Егіншіліктің бұл интенсивті түрі көбіне шөл, шөлейт қуаңшылық аймақтарда, сондай –ақ вегетацияның кейбір кезеңдерінде ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмейтін өңірлерде жүргізіледі. Дүние жүзіндегі ең ірі суару жүйелері – Қытайда, Үндістанда, Египетте. Кейбір елдерде іс жүзінде тек суармалы егіншілікті ғана жүргізуге болады (Кувейт, БАЭ және т.б.).

ҒТР ықпалы дүние жүзінің ауыл шаруашылығында жасыл революция деп аталатынды жүзеге асыруға жағдай жасады. Мұның мәнісі – тыңайтқыштарды, жаңа техниканы, суаруды кеңінен қолданылып, түсімі мол сорттарды енгізе отырып ауыл шаруашылығын интенсивтендіру.

Мал шаруашылығы Еуропаның Солтүстік Американың өнеркәсібі дамыған елдерінің көпшілігінің, Австралия мен Жаңа Зеландияның сондай –ақ Шығыс Еуропаның кейбір елдерінің ауыл шаруашылығының жетекші саласы- осы мал шаруашылығы. Бұл елдерде ол интенсивті сипатта, ал дамушы елдерде оның өнімділігі аз және экстенсивті сипатта болып келеді.

Қазіргі заманғы мал шаруашылығы өте -мөте әр алуан: оған мүйізді ірі қара мал, шошқа, қой- ешкі, буйвол, жылқы, есек, қашыр және басқа да кейбір сүтқоректі жануарлар өсіру, содай –ақ құс өсіру, омарта шаруашылығы, жібек құртын өсіру қамтылады.

Жер шарында мүйізді ірі қара мал өсіру неғұрлым біркелкі тараған, алайда бұл малдар бәрінен гөрі Азия мен Америка елдерінде ерекше көп. Қазіргі уақытта дүниежүзілік ет өнімінің үштен біріне жуығын беріп отырған шошқа шаруашылығының географиясы да ұлан – байтақ аудандардың діни дәстүрлердің ықпалы себепті іс жүзінде шошқа шаруашылығы жоқ. Шошқаның саны жөнінен Қытай дүние жүзінде бірінші орын алады. Далалы, шөлейт өңірлерде, сондай –ақ таулы аймақтарда дамыған қой шаруашылығының да дүниежүзілік маңызы зор, саны жөнінен дүние жүзінеде Австралия бірінші орында.

Ауыл шаруашылығы – адамзат қарекетінің өмірлік маңызы барт саласы. Адамның ауылшаруашылық жерлерін пайдалануының түрлері мен бағыттары әр алуан; олар аграрлық қатынастардың сипатына, өндіргіш күштердің даму деңгейіне, ауыл шаруашылығының өздері дамытатын салаларына еңбек пен капиталдың қаншалықты жұмсалатынына, жергілікті табиғи жағдайлардың ерекшеліктеріне және т.б. жағдайларға байланысты.



Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығының өзара байланысты салаларын ата

2. Дамушы елдердің ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың даму процесі

3. Қазіргі заманғы мал шаруашылығы өте -мөте әр алуандығы

4. Дәнді дақылдардың ішінде дүние жүзінде ең маңыздылары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет