Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін капиталистік дүниеде іс жүзінде АҚШ –қа бәсекелесетін еш ел қалмады, өйткені Германия мен Жапонияның экономикасы қирап жатты, ал жеңген державалар – Ұлыбритания мен Франция – соғыстан әлсіреп шықты. Ядролық монополия қосымша күш- қуаты ерекше зор болды.
Алайда бертінгі ондаған жылдар ішінде экономика , техника мен технология саласында АҚШ –табұрын болған орасан зор артықшылық ғайып болды. Енді ол көптеген салаларда байыпты бақталастарға кезігіп отыр (Жапония, Германия және т.б.).
Қазіргі заманғы американ экономикасына өндіріс пен капиталдың барынша шоғырлануы тән. Аса ірі американ монополиялары – сипаты тұрғысынан трансұлттық монополиялар. Олар көптеген шетелдерде қарекет жасайды. Бұл орайда монополиялар мемлекетпен белсенді түрде бітісе ұштасып, мемлекеттік – монополистік капитализм дамып отыр. Мемлекет ғылым көп қолданылатын ең жаңа өнеркәсіп салаларын көтермелеп, болашағы бар ғылыми зерттеулерді қаржыландырады (әсіресе АҚШ – тың әскери ведомствосы – Пентагон бағытында).
Кемел дамыған кез келген елдегі секілді АҚШ – тың экономикалық “ келбеті” өнеркәсіпке орайлас. Өнеркәсіп өнімінің құны ауыл шаруашылығы 10 есе асып түседі.
Елдің мұнаймен және табиғи газбен жақсы қамтамасыз етілуі (Техас, Аляска, Луизиана, Калифорния және т.б. штаттары) себептібұл салалар АҚШ тың отын – энергетика балансында жетекші орын (шамамен 700/0) алады.Осының өзінде АҚШ мұнайды Мексикадан, Ұлыбританиядан, Сауд Арабиясынан және басқа елдерден алдырғанды экономикалық тұрғыдан тиімдідеп санайды. Тас көмірдің денін (шамамен 800/0) бұрынғысынша бірегеә Аппалач бассейні береді. ГЭС – тер Батыстың таулы аудандарында неғұрлым мәнді рөл атқарады. Ядролық энергетика қауырт дамып келеді. Жаңа ғасырдың басында оның баланстағы үлесін 25 пайызға жеткізу көзделген.
Индустрияның өзегі металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі болып табылады.
Қара металлургияның географиялық көрінісі бертінге дейін біршама қарапайым болып келді. Ол түгелдей дерлік кокстелетін көмір (Аппалач) мен темір рудасының (Ұлы көлдер өңірі) орналасуына қарай шоғырланды. Мұнда саланың Чикаго, Гэри, Кливленд, Питтсбург секілді орталықтары пайда болды. Алайда импорттық шикізатқа (Канада мен Латын Америкасынан) ойысуға орай қара металлургия Атлантика жағалауына қарай жылжыды (Балтимор, Филадельфия, т.б.)
Түсті металлургия кәсіпорындарының көпшілігі тиісті рудалар өндірілетін жерлерге , ал энергияны көп жұмсайтындары Колумбия және Теннесси өзендерінің энергетикалық кешендеріне жақын шоғырланған.
Жапония мен Батыс Еуропа елдері машина жасау бұйымдарының дүниежүзілік нарығында АҚШ – ты біршама ығыстырғанына қарамастан, машина жасау саласының даму деңгейі қте биік. Мысалы, авиация өнеркәсібі өнімінің экспортында АҚШ-тың үлесі 60 пайыз, газ турбиналары жөнінен 65 пайыз болып отыр. Ел электрон жабдықтардың, медициналық техниканың көптеген түрлерін өндіру жөнінде жетекші орындарда. Шығаратын өнім түрлерінің сан алуан көптігі жөнінен АҚШ – пен теңесетін ел жоқ.
АҚШ өнеркәсібінің ұлттық саласы – автомобиль жасау. Нақ осында өнеркәсіпті Солтүстік жерінде XIX- XX ғасырлар межесінде Форд дүние жүзінде тұңғыш рет автомобильдерді көптеп шығаруды ұйымдастырды. Бұл орайда ол қыруар қолайлы факторларды пайдаланды (қара металлургияның дамығандығы, өнім өткізетін сыйымды нарық, жақсы қатынас жолдары және т.б.). АҚШ автомобиль жасау саласының астанасы – Детройтта аса ірі автомобиль концерндері “ Дженерал – моторстың” , “ Форд – моторстың” көптеген зауыттары мен штаб- пәтерлері орналасқан.
Ең жаңа машина жасау салалары ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстар орталықтарына (ҒЗКЖО), білікті еңбек пен тұтынушыға бағдар ұстайды. Атлантика жағалауы, Көлдер бойы және Калифорния мегаполисі ұшақ және ракета жасау жөнінде елде бірінші орын алады.
АҚШ – дүниежүзілік химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі жағынан болсын, шығарылатын өнім түрлерінің көптігі жөнінде де ең алда. Химия өндірісі негізінен Солтүстік штаттарында және Мексика шығанағы жағалауындағы штаттарда (мұнай, табиғи газ және күкірт мол Техас және Луизиана штаттарында) шоғырланған.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі барлық штаттарда орналасқан және барынша дамыған.
Ауыл шаруашылығы – бастауыш негізі капиталистік ферма болып табылатын сала; бұл саланың ерекшелігі капиталистік қатынастар әбден кемелденген, анық тауарлы сипатта, еңбек өндіргіштігі мен техникалық жарақталуы жағынан деңгейі биік , алуан түрлі өнімді өте көп мөлшерде шығарады. Азық – түліктік және малға берілетін астық, бұршақ, мақта түсімі, ет және басқа да бірқатар өнімдер шығару жөнінен АҚШ капиталистік елдердің арасында бірінші орын алады, ол шетелдерге азық – түлікті ең көп экспорттайтын елдердің бірі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінде мал шаруашылығының өнімдері көрінеу басым (шамамен жалпы құнының үштен екісі), дегенмен егіншілік пен мал шаруашылығының ара салмағы әр штатта әр түрлі.
Әр түлікті мал шаруашылығы барлық жерде дамыған. Елдің көптеген аудандарында қуатты, техникалық жағынан жақсы жарақталған агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасқан.
Егіншілік тауарлы дақылдарға (жеміс, көкөніс, шитті мақта, темекі және т.б.) бағытталған бірқатар оңтүстік штаттарда ол мал шаруашылығынан гөрі тауарлы өнімді мол береді. Елдің шығыс, неғұрлым ылғалды бөлігінде жер қорында егістік алқаптар мен орман – тоғай, ал құрғақшылық Батыста жайылымдар басым. Егістік жерлердің үлесі прериялар, өңірінде, АҚШ – тық орталық бөлігінің Ішкі жазықтарында айрықша басым, мұнда егістіктер (әсіресе Айова штатында) 90 пайызға таулы штаттарда кей өңірлерде фермер жерлерінің 90 пайызына дейіні жайылым болып келеді.
АҚШ- тағы басты дәнді дақылдар – жүгері мен бидай; сондай –ақ күріш, күтім талғамайтын сорго және т.б. өсіріледі. Бидай жер –жердің бәрінде өсіріледі, дегенмен негізгі аудан – Канадамен шекарадан басталып Ұлы жазықтар бойымен Техастың орталық бөлігіне дейін созылып жатқан бидай белдеуі.Жүгері мал азығы үшін Айова Иллинойс, Индиана штатындағы прериялардың құнарлы топырағында өсіріледі. Шитті мақта алқаптары Оңтүстікте, қант құрағы Мексика шығанағының жағалауы мен Гавайда, темекі Виргиния, Кентукки штаттарында өсіріледі.
2.Аумағының ұлан – ғайыр болуы және өндіргіш күштердің биік деңгейге көтеріліп дамуы нәтижесінде АҚШ – та көліктің барлық түрлері кемелденіп дамыған. Бұрынғы уақытта басым болған темір жол көлігін бүгінде басқа көліктер, әсіресе автомобиль көлігі қатты ығыстырған. Автомобиль – американ өмір салтының ажырағысыз атрибуты (қалааралық жолаушы тасымалының 90 пайызына жуығы жеке меншіктегі автомашиналармен атқарылатынын айтса да жеткілікті болар, 1 пайыздан кемірегі келеді). Құбыр желілері көбейе түсуде.
Теңіз көлігінің маңыздылығы да төмендеген емес, өйткені АҚШ – тың сыртқы сауда тасымалының басым бөлігін кейде шағын елдердің “ қолайлы туын” көтеріп жүзіп жүретін (Либерия, Панама және т.б.) кемерлер тасиды. АҚШ – тың ең ірі теңіз порттары – Нью- Йорк, Бостон, Филадельфия, Балтимор, Жаңа Орлеан, Хьюстон, Лос- Анжелес, Сан –Франциско, Сиэтл, Анкориндж, Гонолулу және т.б.
Елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарында Миссисипи – Ұлы көлдер су жолы маңызды рөл атқарады.
Жолаушы тасымалында (әсіресе халықаралық тасымалдарда) авиация көлігінің орны айрықша. АҚШ азаматтық авиациясының ұшақтар паркі – дүние жүзіндегі ең үлкен парк.
АҚШ барлық континенттердің мемекеттерімен сыртқы экономикалық қарым – қатынас жасайды. Халықаралық қарым – қатынастарда “ жылылық” орнауына орай, егемен ел болғанымыздан бері АҚШ пен Қазақстан арасында өзара тиімді байланыс жолға қойылған.
Бақылау сұрақтары:
АҚШ- тың экономикалық –географиялық және геосаяси жағдайының басты белгілерін атаңдар.
АҚШ – тың табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылық мамандануына қалай әсер етеді?
АҚШ минералды ресурстың қандай түрлеріне бай? Олардың басты таралу аудандарын атаңдар.
АҚШ аумағының агроклиматтық және жер ресурстары ауыл шаруашылығының қандай салаларын өркендетуге мүмкіндік береді?
АҚШ энергетикалық ресурстың қандай түрлерімен қамтамасыз етілген?
АҚШ қандай экономикалық аудандарға бөлінеді? Олардың басты ерекешіліктерін атаңдар.
АҚШ қандай экономикалық аудандарға бөлінеді?
Лекция № 27
Тақырыбы: Канаданың шаруашылық географиясы
(1 сағат)
Жоспар:
1. Шаруашылығының негізгі даму бағыттары
2. Сыртқы экономикалық байланыстары
Лекцияның мақсаты: Американың жоғары дамыған елі Канаданың дүниежүзілік шаруашылық географиясындағы алатын орнын түсіндіру.
Лекция мәтіні:
Канада. Қазіргі Канада – кемел дамыған мемлекет, АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания,Франция және Италиямен бірге дүние жүзінің жетекші индустриялық державаларының “ жетілігіне” кіреді. Капиталистік ел болғандықтан, Канада тарихи қысқа мерзім ішінде тиімді нарықтық экономика құра алды, бұған көбіне себепші болған жағдайлар: 1) халқы онша көп болмай, табиғи ресурстардың мол болғандығы; 2) иммиграцияның көтермеленуі; 3) шетел (әсіресе американ) капиталының көптеп тартылуы; 4) елдегі қоғамдық өмірдің демократияландырылуы.
Канада экономикасының өзіне тән ерекшелігі өндіруші салалардың және шикізатты бастапқы өңдеу салаларының үлкен рөл атқаратындығы. Канада никельді, мырышты, әктасты, калий тұздарын және және газет қағазын көп өндіретін ел. Ол алтын, күміс, кобальт, темір рудасын, мыс өндіру жөнінде де алдыңғы орындарда. Шикізат пен жартылай фабрикаттардың дүниежүзілік нарығына Канада өндіруші өнеркәсіптің бүкіл өнімінің 80 пайызына жуығын шығарады. Бұл орайда Канада тауларын өткізетін аса маңызды нарық АҚШ болып табылады( экспорттың 70 пайызынан астамы).
Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында машина жасау мен металлургия отандық мол шикізатқа және біршама арзан электр энергиясына негізделген (тек үш зауыттың өздері ғана аллюминийді Батыс Еуропа елдеріндегі осы сала кәсіпорындарының барлығынан көп қорытып шығарады). Машина жасау саласы алуан түрлі бұйымдар автомобильдер, локомотивтер, тракторлар, компьютерлер және т.б. жасайды.
Елдің индустриялық ұйытқысы болып табылатын екі орталық провинция- Онтарио мен Квебек өңдеу өнеркәсібі өнімінің төрттен үшін береді. Оңтүстіктегі далалық Альберта провинциясы отын- энергетикалық ресурстардың басты қоймасы, осында мұнайдың негізінде елдің мұнай- химия өнеркәсібінің негізі қалыптастырылып жатыр. Тынық мұхит жағалауындағы Британ Колумбиясы провинциясы – Канаданың ағаш өнеркәсібі кешенінің орталығы.
Канаданың ауыл шаруашылығы – мол тауарлы, көп салалы, техникалық жағынан жақсы жарақталған, жалдамалы еңбек кеңінен қолданылатын сала. Фермерлердің кірістерінде мал шаруашылығының үлесіне 60 пайызына жуығы, бау – бақшаны қоса егіншіліктің үлесіне 40 пайызына жуығы келеді.
Елдің егіншілігінде жетекші сала дәнді дақылдар, ең алдымен бидай өсіру; бидай Канаданың ауыл шаруашылық экспортының құрылымында басты орын алады( бұл дақылдың дүниежүзілік экспортының 20 пайызына жуығы). Елдің негізгі астықты үш провинциясы Манитоба, Альберта және Саскачеван провинциялары. Бидайдан басқа сұлы, арпа, зығыр, картоп, көкөніс, жеміс және т.б. өсіріледі.
Аумағы ұлан- байтақ, халық сирек қоныстанған, экономикасы бытыай орналасқан Канада үшін көліктің ерекше маңызды мәні бар. Мұнда оның барлық түрлері дамыған. Елдің бұл тұрғыдағы ерекшелігі құбыр қатынасы жақсы дамыған және Ұлы көлдер мен Әу. Лварентий өзенінің су жүйесі үлкен рөл атқарады. Теңіз және авиация көлігі де дамыған.
Ішкі айырмашылықтары. Бұрынғы уақытта Канаданың ұлан – байтақ аумағының таңдап- таңдап отарлануы, сондай –ақ бұл елдің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оның өндіргіш күштерінің аумақтық дамуына себепші болады. Сондықтан онда: 1) ерте игерілген кемел дамыған аудандар, 2) жаңадан игерілген аудандар, 3) онша игерілмеген аудандар сараланады.
Ерте игерілген аудандар Атлантика жағалауынан Көлбойы мен далалық провинциялар арқылы Тынық мұхитқа қарай жетіп, елдің оңтүстігін алып жатыр. Бұл орайда саяси және экономикалық орталықтағы екі Онтарио және Квебек провинцияларында жасалады. Онтарио – Канаданың ең канадалық провинциясы, ағылшын- канадалықтардың тірегі. Мұнда АҚШ капиталымен бәсекелестік күрес жүргізуші Канада ұлттық буржуазиясының позициялары ерекше күшті. Квебек провинциясы елдегі тұрғындарының басым болып табылатын берден – бір провинция. Осы индустриялық ядроның шеңберінде елдің ең ірі өнеркәсіп орталықтары – Монреаль мен Торонто орналасқан.
Жаңадан игерілген аудандардың (Солтүстік және Қиыр Батыс) дамуы ең алдымен орасан мол табиғи ресурстардың игерілуімен байланысты. Ақыр соңында Канадада шаруашылық айналымға іс – жүзінде әлі қамтылмаған аумақтар аз емес. Бұл ең алдымен Арктиканың Солтүстік- Батыс аумақтары – елдің жетуі ең қиын әрі климаты қатал өңірлері.
Бақылау сұрақтары:
АҚШ пен Канадада ауыл шаруашылығы мамандануы сипатының шығыстан батысқа қарай өзгеретіні неліктен?
Канадананың мемлекеттік құрылымы қандай? Ел құрамындағы әкімшілік бірліктерді атаңдар.
Канада жерінде табиғат ресурстарының қандай түрлері кездеседі?
Канаданың оңтүстік-шығыс бөлігінде халықтың жиі орналасуын немен түсіндіруге болады?
Канада экономикасының басты салаларын атаңдар. Олар дүниежүзілік нарықта қандай өнімдерімен әйгілі?
Лекция № 28
Тақырыбы: Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылық географиясы
(1 сағат)
Жоспар:
1. Шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
2. Сыртқы экономикалық байланыстары
3. Бразилияның шаруашылық географиясы
Лекцияның мақсаты: Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшелігін, сыртқы экономикалық байланыстарын және дүниежүзілік шаруашылық географиясындағы алатын орнын түсіндіру.
Лекция мәтіні:
1.Латын Америкасы елдерінің экономикалық дамуының өзіне тән сипаты соңғы ондаған жылдар ішінде ұлттық табыстарында ауыл шаруашылығы үлесінің біртіндеп азаюы және өнеркәсіптің үлес салмағының артуы болып отыр. Көптеген елдердің жүргізіп отырған индустрияландыру саясатының шеңберінде аймақта қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі секілді және басқа жаңа салалар іс жүзінде жаңадан құрылды.
Алайда аймақ елдерінің өнеркәсіптік тұрғыдан дамуы біркелкі болған жоқ. Бүгінде аймақтың индустриялық тұрғыдан бетке шығар елдері- Аргентина, Бразилия, Мексика, сондай –ақ Чили, Венессуэла, Колумбия және Перу. Бұлардың арасында “ үлкен үштік “ – Аргентина, Бразилия, Мексика сараланады; бұларда Латын Америкасының өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне дерлігі шоғырланған, өздерінде тұтынылатын өнеркәсіп өнімінің қазірдің өзінде 90 пайыздан астамын ішкі өндіріс есебінен қамтамасыз етіп отыр.
Аймақ экономикасында негізгі өнеркәсіп салаларының бірі –кен өндіру өнеркәсібі. Оның өнімінің құнының құрылымында шамамен 80 пайызы отынға (негізінен мұнай), ал қалған шамамен 20 пайызы кен –руда шикізатына келеді. Кен өндіру өнеркәсібінде жетекші орындарды өндірілетін ресурстарының түрлері мол Мексика, Венесуэла, Бразилия және Аргентина алып отыр.
Аймақтың континенттік елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың неғұрлым дамушы саласы соңғы ондаған жылдар ішінде ұқсатушы өнеркәсіп болуға айналды. Осының өзінде оның өнімінде дәстүрлі салалар – тоқыма, тамақ, сондай –ақ былғары – аяқкиім және тігін өнеркәсібі салаларының үлесі едәуір азайып, осымен бірге өндірістік мақсаттағы тауарлар өндіретін кейбір базалық салалардың үлес салмағы арта түсуде. Әсіресе химия және мұнай ұқсату, қара металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі қарқынды дамыды. Бүгінде Бразилия, Аргентина, Мексика (жаңа индустриялы елдер қатарында аталатын елдер) дүниежүзілік нарықта өз автомобильдерімен, электроникасымен, химия өнеркәсібі бұйымдарымен кеңінен мәлім болып отыр. Осы және аймақтың басқа кейбір елдерінің ұқсатушы өнеркәсіптің осы заманғы салаларын дамытудағы күрт ілгерілеуі ішкі нарықтың едәуір ауқымды болуына, табиғи және адам ресурстарымен жақсы қамтамасыз болуға, шетелдік техникалық тәжірибенің біліктілікпен қолданылуына негізделген.
Ал Орталық Америка мен Кариб бассейні елдеріне, сондай- ақ Боливияға, Парагвайға және басқа кейбір елдерге келсек, онда бұларда өнеркәсіп өндірісінің құрылымында әлі де болса дәстүрлі өнеркәсіп салалары, ең алдымен тамақ өнеркәсібі басым. Латын Америкасының көптеген елдерінде анық байқалатын экспорттық бағытта (ет қасаптап сақтау- Аргентина, Уругвай, Бразилия; қант- Бразилияда, Перуде, Мексикада, Кариб бассейні елдерінде және т.б.).
2.Латын Америкасы елдері өнеркәсібінің орналасуы көбінесе моноцентрлік құрылыммен сипатталады: мұндайда өнеркәсіп өндірісінде бір орталық басым болады. Бұл әсіресе Аргентина, Уругвай, Мексика, Венесуэла, Чили секілді елдерде анық байқалады. Барлық елдерде дерлік негізгі өнеркәсіптік ұйытқылар елдің өнеркәсіп өнімінің 50- ден 80 пайызға дейіні өндірілетін астаналық орталықтар болып табылады. Латын Америкасы экономикасының сыртқы экономикаға бағытталуы сыртқа тасып әкететін порттарда экспорттық экономиканың жекелеген “ шоғырларының” құрылуына алып келді. Кейде астаналар мен сыртқа тауар әкетілетін басты порттар бір қала болып шығады ( Буэнос- Айрес, Монтевидео, Лима және т.б.).
3.Бразилияның шаруашылық географиясы
Жерінің ауданы- 8,5 млн км2
Халқы – 182 млн адам
Астанасы – Бразилия
Мемлекет құрылымы- федерациялық мемлекет
Мемлекет басшысы – президент
Заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс
Мемлекеттік тілі – португал тілі
Ұлттық валютасы – реал
Әкімшілік – аумақтық бірлігі – штаттар және федералдық округ.
Бразилия экономикалық қуаты, ресурстық және әлеуметтік- экономикалық даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық және дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. ХХ ғасырдың соңына қарай жиынтық ішкі өнімнің көлемі жөнінен Бразилия дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа енді. Ұлттық жиынтық өнімнің құрылымында да өзгерістер болды.
Ел экономикасының дамуында төрт сала – болат балқыту, автомобиль жасау, қызмет көрсету және мұнай химиясы шешуші рөл атқарады.
Елде қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары қарқынмен дамыды.
Бразилияның энергия балансында су энергиясы және мұнай мен газ басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90 пайыздан астамы осы отынмен жұмыс істейді. Елдің мұнай кәсіпшіліктері ішкі сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салада негізгі мұнай кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салад Петробраз мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші орын алады.
Елдегі электр энергиясының 96 пайызы су электр станцияларында өндіріледі. Әсіресе Парана және Сан – Франциску өзендері алабының энергетикалық қоры неғұрлым толық пайдаланылған. Қазіргі кезде Амазонка алабының қорларын пайдалану нәтижесінде Бразилия алюминий өндіруден дүние жүзінде төртінші орынға шықты. Оңтүстік – Шығыста шоғырланған алюминий өндірісі, негізінен, АҚШ пен Канада қаржысы мен бірлескен кәсіпорындары елеулі орын алады.
Елдің машина жасау өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 30 пайздан астамын береді. Шетелдерден әкелінген тетіктерді құрастыру негізінде пайда болған автомобиль жасау кәсіпорындарында қазіргі кезде қажетті бөлшектердің барлығы жасалады. Қазіргі кезде Бразилия жылына 2,3 млн автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан дүние жүзінде бесінші орынға шықты.Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген –ду – Бразилия», «Дженерал моторс», «Форд –Виллис», «Крайслер –ду – Бразил» жетекші орын алады. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап елде күрделі әскери техника өндірісі жолға қойылған. Машина жасау өнеркәсібі электрондық және есептеу құралдарына деген сұраныстың 80 пайыздан астамын, ақпарат құралдарына сұраныстың жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Машина жасау Сан- Паулу – және Рио- де Жанейро агломерацияларында шоғырланған.
Ел экспортқа темір кенін, машина жасау өнеркәсібінің өнімдерін, бұршақ пен ұн өнімдерін кофе, какао, қант, жеміс шырындарын, боксит шығарса, мұнай, құрал – жабдықтар мен көмірді және т.б. шеттен сатып алады. Жалпы алғанда импорт көлемі экспорттан басым болғандықтан сыртқы саудаға кері сальдо тән. Бразилияның басты сауда әріптестері – ЕО елдері мен АҚШ, Латын Америкасы және Азия елдері. Елдің сыртқа қарызы көп болғанымен, қаржы күйзелісінен құтқару мақсатында халықаралық ұйымдар Бразилияға қомақты қаржы бөлуде.
Бақылау сұрақтары:
1.Қай кезеңде Латын Америкасы елдерінің көпшілігі тәуелсіздік алды және оның басты себептерін атаңыз
2. Латын Америкасы қандай елдердің отарлары бар?
3. Латын Америкасының шаруашылығының қалыптасуына және дамуына қандай факторлар әсер еткен.
4. Аймақтың басты ауыл шаруашылығы дақылдары қандай?
5. Бразилияның әлеуметтік – экономикалық дамуына табиғат жағдайлары мен ресурстары қалай әсер етеді?
6. Бразилия мен Мексиканың әлеуметтік – экономикалық дамуында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
Лекция № 29
Тақырыбы: Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылық географиясы
(1 сағат)
Жоспар:
1. Шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
2. Сыртқы байланыстары мен ішкі айырмашылықтары
3.Солтүстік Африка елдерінің шаруашылық географиясы
4.Батыс Африка елдерінің шаруашылық географиясы
5.Орталық (Экваторлық) Африка елдерінің шаруашылық географиясы
6. Шығыс Африка елдерінің шаруашылық географиясы
7.Оңтүстік Африка елдерінің шаруашылық географиясы
Лекцияның мақсаты:Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылығын, даму ерекшелігі мен сыртқы және ішкі айырмашылықтарын студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні:
1.Африка елдері экономикалық және әлеуметтік даму дәрежесі жөнінен өзге аймақтағы елдерден әлдеқайда артта қалған (ОАР-дан басқасы). Басты эканомикалы көрсеткіштері бойынша Африканың көптеген елдері халықаралық аутсайдер (ағылшын тілінде ovtsider-бөтен,жат) жағдайында қалып отыр. Қазіргі таңдағы адамзат басына ауртпалық әкеліп отырған жағдайлардың барлығы дерлік Африка үшін шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады.
Африка елдеріне дамушы елдердің сипатты белгілері тән болып келеді, әсіресе ХХ ғасырдың 60-70 жылдары аймақтық экономикалық және әлеуметтік дамуының кейбір бағыттары өте жоғары деңгейге көтерілді. Бірақ 1980-1990 жылдары экономикалық дамудың жылдамдығы кенет төмендеп, әлеуметтік дамуының жағдай ерекше нашарлады, тіпті терең дағдарыстық сипатқа ауысты. Азық –түлік өндіру мен оны халықтық тұтынуы арасындағы алшақтық артып, ол өз тарапынан астық импортының өсуіне себепші болды. Оның үстіне Африканы бұрын болып шарпып, тікелей 200 млн –ға жуық адамды қамтыды.
Сонымен қатар шетелдік қаржыгерлердің борыш қыспағы да күшейе түсті. Африка елдері экономикасының бір жақты аграрлы- шикізаттық бағытта дамуы және осы негізде ауыл шаруашылығының нашар дамуы, аймақ елдерінің әлеуметтік- экономикалық артта қалуының басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген елдерде бұл бір жақтылық бір ғана дақыл түрін өндіруге маманданудан айқын көрінеді. Бір дақыл түріне мамнданудың нәтижесінде ондаған елдер экспортқа шығаратын бір- екі тауардың дүниежүзілік сұранымына тәуелді болып қалуда. Сондықтан да бір дақылды елдер көп салалы шаруашылық құруға тырысуда, біақ әзірше бұл жолда аз ғана елдер табысқа жетуде.
Өңдеуші өнеркәсіп нашар дамығанымен, көптеген елдер кен өнеркәсібінің жақсы жолға қойылуымен ерекшеленеді. Көлік жүйесі де елдер арасындағы және олардың ішкі аудандарымен байланысты өз дәрежесінде жүзеге асыра алмай отыр. Білікті мамандар, техникалық қажеттілік және ұлттық қаржы – қаражат жетіспейді.Осы шаралар нәтижесінде елдердің даму қарқыны біршама жеделдеп, шаруашылықтық салалық және аумақтық құрылымы қайта қарастырыла бастады.
Африка елдерінде соңғы жылдары тау кен өнеркәсібі зор табыстарға қол жеткізді. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африка дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындарды да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды; Нигер уран; ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленеді.Замбия мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бұл елді қызыл металл елі деп атайды. Сонымен қатар Конго мен Боствана алмас өндіру мен оны сыртқа шығарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка елдеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау –кен өнеркәсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын айқындайды. Бірақ та кен өндіру өнеркәсіптерінің көпшілік бөлігі шетел қаржыгерлерінің қолында шоғырланған.
Соңғы жылдары Африка елдерінде өңдеуші өнеркәсіп қарқынды дамуда. Бұл сала, ең алдымен жергілікті минералды шикізатқа негізделеді. Ең күшті дамыған сала – түсті металлургия, олар негізінен кен өндіретін өнеркәіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы және тазартылған мыс өндіретін (Замбия, Заир), металдық алюминий өндіру (Камерун, Египет), полиметалл кендерін байыту (Конго) кәсіпорындары жатады. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жөнелтіледі. Қара металлургия кәсіпорындары, керісінше өз қажеттерін өтейтін өнімді ған өндіреді. Машина жасау тек кейбір елдерде ғана бар, аз ғана кәсіпорындар сырттан әкелінген бөлшектерден автокөлік, велосипед, трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын құрастырады. Химия өнеркәсібі Солтүстік және батыс Африканың көптеген елдерінде (Ливия, Алжир, Нигерияда мұнай айыру) мұнай кендерінің ашылуымен байланысты қарқынды дамуда. Сонымен қатар бұл аймақтарда азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едәуір мол кездесетініне қарамастан отын – энергетика өнеркәсібі (мұнайдан басқасы) нашар дамыған. Әсіресе электр энергиясын өндіруден артта қалып отыр.
Жеңіл өнеркәсіп салалары арасынан тоқыма өнеркәсібінің алатын орны ерекше. Солтүстік Африка елдері өздерінің мақта матасына деген тұтыну талабын толығымен қанағаттандырылып, мақтадан иірілген жіптері мен тігін өнімдерін (Египет, Марокко, Тунис) сыртқа шығарады. Тамақ өнеркәсібі салаларынан май шығару (зәйтүн, жержаңғақ, пальма майы), ұн тарту, қант және шарап жасау өнеркәсібі көзге түседі.
2.Африка елдеріндегі сыртқы сауда айналымының ¾ -і Еуропаның жоғары дамыған елдеріне және АҚШ пен Жапонияның үлесіне тиеді. Ал мемлекетаралық байланыстарды кеңейтуде Африкалық бірлік ұйымы ерекше орын алады. Бұл ұйым Африканың дамушы елдерін өзара байланыстыратын жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастарды қалыптастырумен айналысады. Африка елдері үшін сыртқы экономикалық байланыстардың орны ерекше маңызды. Өйткені олардың экономикасы сыртқа шығаруға арналған шикізаттық және ауыл шаруашылығы өнімдеріне негізделеді. Мысалы, мұнайды Нигерия, Ливия, Алжир; мысты Замбия, Заир; темір кенін Либерия мен Мавритания; марганец пен уран кенін Габон; фосфоритті Марокко тұрақты түрде сыртқа шығарады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттағы үлесі жылдан –жылға төмендеуде. Дегенмен көптеген елдер әлі де халықаралық нарықтағы орнын жоғалтқан жоқ. Египет, Судан, Сад, Мали, Танзания – мақта, Эпиопия, Ангола, Руанда, Бурунди, Уганда, Кения –кофе, Кот-д-Ивуар, Гана, Нигерия – какао бұршағын; Сенегал, Гамбия, Судан –жержаңғақ; Тунис, Марокко – зәйтүн майын экспортқа шығарады. Сонымен қатар Африка елдері цитрус өнімдерін, жүзім шарабын, темекі, тропиктік ағаш сүректерін де сыртқа шығаруға маманданған.
Африка елдері тарихи кезеңдерден бері және қазіргі экономикалық – географиялық жағдайларына сәйкес бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы ұқсас белгілеріне қарай топтастырылған бірнеше елдер жиынтығынан құралады. Аймақтар арасындағы шекаралар шартты түрде жүргізілген.
3.Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауында орналасқан елдерді топтастырады. Олардың экономикалық –географиялық жағдайлары өте тиімді. Еуропа, Азия, Аустралияға баратын маңызды теңіз жолдары бойында орналасуы, бұл елдердің жағалауларында ірі қалалардың пайда болуына және дамуына жағдай жасады. Ежелден – ақ сауда байланыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Солтүстік Африка – ежелгі өркениет бесігі, теңіз жағалауындағы көптеген қалалардың негізі Ежелгі Рим және Карфаген қоныстарынан басталады.VI- XII ғасырларда арабтардың отарлауы халықтың ұлттық құрамына. Оның мәдениетіне, діні мен өмір салтына зор ықпал етті. Солтүстік Африканы қазір де Араб Африкасы деп атайды, өйткені негізгі халқы арабтар; сондай –ақ берберлер мен туарегтер, француздар да көптеп тұрады.
Солтүстік Африка жерінің көпшілігі шөлдер болып табылады. Сондықтан да аймақтағы ең басты мәселе – тұрмыс пен өндірісті, ауыл шаруашылығын қажетті тұщы сумен қамтамасыз ету. Аймақтағы негізгі ірі өзен – Нілдің бойында кезінде кеңестер Одағы көмегімен салынған Асуан бөгеті арқасында көптеген шөлді аудандарды суландыруға мүмкіндік туды. Соңғы кезде Алжир Сахарасы мен Ливия шөлінен табылған тұщы су қорларының да маңызы артып отыр.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан бидай, арпа, жүгері, сондай –ақ ұзын талшықты мақта, зәйтүн, жүзім, цитрус өнімдері мен құрма пальмасы өсіріледі. Қой мен түйе өсіру мал шаруашылығының ең кең тараған саласы болып табылады.
Өндіріс ошақтары негізінен Жерорта теңізі жағалауында шоғырланған. Ірі орталықтары – Каир, Александрия, Алжир, Тунис, Рабат, Касабланка қалалары. Әсіресе Нілдің атырауы ерекше көзге түседі.
Ал неғұрлым ішкі аудандардағы өндіріс орталықтары мұнай мен газдың (Алжир, Ливия), фосфориттің (Марокко) ірі кен орындарының ашылуымен байланысты қалыптасқан. Бұл аймаққа кіретін елдер Африкадағы экономикалық жағынан біршама дамыған, халықаралық еңбек бөлінісінде өзіндік елеулі үлесі бар елдер қатарына жатады.
4.Батыс Африка жиырмаға жуық елді қамтитын, әр түрлі ресурстарға бай аймақ. Оның жер қойнауында темір рудасының, марганецтің, бокситтің, қалайының, алтынның, алмастың және басқа пайдалы қазбалардың мол қорлары бар.
Аймақтың өзіне тән бір ерекшелігі саяси жағынан бытыраңқы және ала –құла. Мысалы, мұнда халқының саны жөнінен Африканың ең ірі елі Нигерия және аралдағы Кабо – Верде сияқты кішкентай ғана ел бар. Этностық құрамының күрделілігі, халықтарының алуан тілде сөйлейтіні және жекелеген этностық топтардың шағын болуы аймақ елдерінің арасындағы қарым – қатынасты қиындатып отыр.
Континенттің басқа да аймақтарындағы сияқты Батыс Африканың экономикасында ауыл шаруашылығы басты рөл атқарады. Бұл орайда жалпы Африкаға тән монодақылдық мұнда ерекше айқын көрінеді. Дүниежүзілік жағдайда какао- бұршағын өндіруде Ганаға қоса Кот-д Ивуар мен Нигерия, жер жаңғағын өсірумен Сенегалға қоса Нигер мен Гамбия, пальма жаңғағының денін және пальма майын өндірумен Нигерия және басқалар шұғылданады.
Батыс Африканың көптеген елдері үшін кен өндіру өнеркәсібінің де тар өрісті мамандануы тән (темір рудасының кен орындары Мавританияда, Либерияда, боксит – Гвинеяда, уран – Нигерде және т.б.). Бұл аймақ елдерінің арасында кен өндіру өнеркәсібі Нигерияда дамыған, соңғы жылдары ол мұнайды экспортқа көп шығарушы елдердің қатарына қосылды.
Батыс Африкада өндірілген минерал шикізаттың басым көпшілігі сыртқа тасып әкетіледі, ал жергілікті ұқсатушы өнеркәсіп енді ғана қалыптасып келеді. Қазір мұнда қара және түсті металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларын құру, заманға лайық көлік құралдарын дамыту мәселелері күн тәртібіне қойылып отыр.
5.Орталық (Экваторлық) Африка елдеріне атынас сәйкес материктің ортасында орналасқан елдер кіреді. Атлант мұхитының Гвинея шығанағы жағалауындағы орны елдерінің сыртқы байланыстарды дамытуына ертеден –ақ жағдай жасаған. Жағалаудағы Еуропа отаршыларының алғашқы сауда орындары – факториялар, бүгінде үлкен порттарға айналған. Ал аймақтағы кейібр елдер материктің әлдеқайда қолайсыз, ішкі аудандарында орналасқан. Олардың сыртқы байланыстары көршілес елдер порттары мен әуежолдары арқылы жүзеге асырылады.
Орталық Африка минералды және су ресурстарына аса бай аудан болып есептеледі. Мұнда әлемге әйгілі мыс белдеуі орналасқан, сондай –ақ кобальт, қорғасын, мырыш, марганец, темір және уран кендерінің де қоры кездеседі. Аймақ қойнауы алтын мен алмасқа да аса бай болып келеді. Соңғы жылдары Гвинея шығанағы қайраңдарынан мұнайдың ірі кен орындары ашылды.
Отаршылық кезеңінде аса қуатты құлдыраған экономика, елдер тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қайта жанданады. Бұрынғы ескі өндіріс негізінде кен өндіруден бастап, жоғары сапалы металл жасап шығаратын толық циклді өнеркәсіп орындары пайда болды. Бірақ көптеген елдер әлі де тек шикізат өндіріп, оны сыртқа шығарумен шектеліп отыр. Габон, Конго, Экваторлық африка сияқты елдер сыртқа аса бағалы тропиктік ағаш сүрегін шығарумен айналысады.
Ауыл шаруашылығы сыртқа шығаруға бағытталған кофе, какао, шай, темекі, каучук, мақта, жержаңғақ, банан, тропиктік жемістер өсіруге маманданған.
6.Шығыс Африка жерінің қойнауы бай аймақтар қатарына қосылмайды. Континенттің бұл бөлігінің елдері кейбір өнім түрлерін көп өндіруші және дүниежүзілік нарыққа жеткізуші елдер болып табылады. Эфиопия, Кения Уганда және басқалары кофе, Кения- шай, Танзания, Уганда, Кения сизаль мен мақта, Сомали, Джибути тірідей мал жөнелтуші елдер ретінде танылған.
Басқа да аймақтардағы секілді шығыс Африка елдерінде егіншілік пен мал шаруашылығының өнімдерін бастама ұқсататын кәсіпорындары бірталай. Алайда ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының мүлдем жоқтығы көзге ұрады.
Континенттің нақ жүрегінде орналасқан Экваторлық (Орталық) Африка – дүние жүзінің ең бай минерал – шикізат қоймаларының бірі. Мұнда кеңінен мәлім мыс белдеуі бар (Заирдың оңтүстік –шығысы мен Замбияның іргелес ауданы); мұнда мыс рудасымен қатар кобальт, қорғасынғ мырыш және басқа да металл рудалары алынады. Экваторлық Африканың жер қойнауында сондай –ақ темір рудасы (Габон, Замбия), марганец (Габон, Заир), қалайы, алмас, уран рудалары (Заир) бар. Соңғы жылдары аймақ өңірінде мұнай кен орындары ашылып, өндірілуде (Габон, Конго).
Отаршылардан Орталық Африка елдеріне мұраға мешеу экономика қалды, тек Заир мен Замбияда ғана түсті металлургия болды. Тәуелсіздік жылдарында мұнда руда қазып шығарудан бастап жоғары сапалы металдар қорытуға дейін толық өндіріс циклы құрылды. Қазба шикізат өндіру бүгінде аймақтың басқа елдерінде де дамып келеді. Тропиктік ағаш сүрегін дайындаудың да маңызды экспорттық мәні бар( Габон, Конго, Экваторлық Гвинея).
Ауыл шаруашылығы кофе мен какао, пиретрум (эфирлі) мен шай, темекі мен каучук, мақта мен арахис, банан мен жесім сияқты дақылдарды өсіруге маманданған. Жекелеген елдерде ауылшаруашылық өінімі – сыртқа шығарылатын негізгі өнім.
7.Оңтүстік Африкада алуан түрлі табиғи ресурстар молынан бар, олардың арасында минерал ресурстар байлығы ерекше. Кен өндіру өнеркәсібі (алтын, хромиттер, темір рудасы, полиметалдар, көмір және басқа да пайдалы қазбалар өндіру) дамуының дәрежесі Оңтүстік Африка Республикасы мен Зимбабведе жоғары; бұларда қазбалы шикізатты ұқсату жөніндегі кәсіпорындар басқа көрші елдердің бәріндегіден кеңінен дамыған.
ОАР - өнеркәсібі дамыған бірден -бір ел. Оның үлесіне бүкіл континенттегі ЖІӨ- нің шамамен 25 пайызы және өнеркәсіп өндірісі көлемінің 40 пайызы келеді. Оның шаруашылық бейнесі ең алдымен кен өндіру өнеркәсібіне қарап анықталады (дүниежүзінде алтын өндіру жөнінен бірінші, алмас өндіруден- екінші, уран жентегін өндіру жөнінен үшінші орын). Машина жасау мен металлургия кемел дамыған. Ауыл шаруашылығының тауарлы өнімі негізінен ақ нәсілді фермерлердің шаруашылықтарында өндіріледі, ал африкалықтар көбіне заттық шаруашылық жүргізеді.
Африканың оңтүстігіндегі елдердің көпшіліндегі тұтынылатын және экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы дақылдары негізінен сол континенттің басқа елдеріндегідей дақылдар. Мұнда тропиктік аймақтармен салыстырғанда жүгері мен бидайдың рөлі ғана біршама жоғары.
Аймақ елдерінің тағы бір айырмашылығы сол, жекелеген елдер (Зимбабве, Ботсвана, Лесото, Свазиленд және т.б.) мал шаруашылығы өнімдерін: жүн мен қаракөл елтірісі, тірі мал, тері өнімдерін өндіру мен шетке шығаруға маманданған.
Әлеуметтік – экономикалық тұрғыда Оңтүстік Африка континенттің басқа қай аймағынан болсын іштей анағұрлым әркелкі.
Сонымен, дамушы елдер тәуелсіздік алған жылдарда артта қалушылықты жою бағытында айтарлықтай күш жігер жұмсап келе жатқанына қарамастан. Африка дүние жүзілік шаруашылықтың перифериясы болып отыр: мұнда экономиканың отарлық салалық және аумақтық құрылымы сақталған. Шаруашылық және саяси ынтымақты нығайту – континент елдерінің басты міндеттерінің бірі.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африканың қайсы елдері дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындарды алып отыр.
2. Сыртқа шығаруға арналған шикізаттық және ауыл шаруашылығы өнімдеріне негізделген елдерді ата.
3. Солтүстік Африка елдерінің өндіріс ошақтары және ірі орталықтары
4. Батыс Африканың көптеген елдері үшін кен өндіру өнеркәсібінің де тар өрісті мамандануы тән елдер.
5. Орталық (экваторлық) елдердің сыртқа аса бағалы тропиктік ағаш сүрегін шығарумен айналысатын елдері.
6. Зимбабве, Ботсвана, Лесото, Свазиленд және т.б. елдері қандай өнімдерді өндіреді және шетке шығаруға маманданған
Лекция № 30
Тақырыбы: Аустралия және Мұхиттық аралдары елдерінің шаруашылық географиясы.
(1сағат)
Жоспар:
1. Аустралияның өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп түрлері
2 .Мұхиттық аралдары елдерінің шаруашылық географиясы
Лекцияның мақсаты: Аустралия мен Мұхиттық аралдардағы елдердің шаруашылық географиясының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орнын түсіндіру.
Лекция мәтіні:
1. Көптеген экономикалық көрсеткіштер жөнінен (ең алдымен ЖІӨ көлемі және оның жан басына шаққандағы мөлшері жөнінен) Австралия дүние жүзінің неғұрлым дамыған елдерінің қатарында. Оның экономикасының жедел өсуіне себепші болған жағдайлар: 1) бытыраңқы аумақтардың біртұтас мемлекет болып бірігуі; 2) шетел капиталының көп келуі (ағылшындар бұл жерге капиталистік қатынастарды, дағдылар мен дәстүрлерді, жұмыс қолын әкелді); 3) халық саны аз, жер ресурстарының ұлан – ғайыр көп болуы; 4) минерал шикізаттың молдығы және т.б.
Австралияның экономикасында шетел капиталы орасан зор рөл атқарады, бұл орайда іске қосылған шетел капиталының дені (70 пайызына жуығы) Ұлыбритания мен АҚШ –қа келеді. Соңғы жылдары Жапония мен Германияның – капиталы белсенділік көрсетіп отыр.
Австралия экономикасының салалық құрылымы тұтас алғанда әлемнің дамыған елдеріндегідей. Сонымен қатар мұнда шикізаттық салалардың үлес салмағы көтеріңкі. Соғыстан кейінгі кезеңде индустриялану процесі мен шаруашылық құрылымының едәуір күрделіленгеніне қарамастан ол көп жағдайда қазірге дейін экспорттық- шикізаттық бағыттылығын сақтап отыр. Бұл орайда эскпортта кен өндіру өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының өнімі басым. Австралияның мысалы шикізаттық мамандану бұл әлі артта қалушылықтың белгісі емес екенін көрсетеді.
Кен өндіру өнеркәсібі – шаруашылықтың ежелгі салаларының бірі (кезінде алтын өндіру елдің отарлануына түрткі болған болатын) – қазір жастық шағы қайта оралғандай болып отыр. Көптеген минерал ресурстарды (темір рудасы, көмір, боксит, рутил, цирконий және т.б.) өндіру жөнінен ел дүние жүзінің жетекші мемлекеттерімен қатарлас. Елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Брокен –Хилл қаласы Австралияның бүкіл кен-зауыт саласының өзінше бір астанасы. Қала өзінің полиметалл және темір руда өнеркәсібімен әйгілі. Көмір Жаңа Оңтүстік Уэльс және Квинсленд штаттарында өндіріледі.
Кен өндіру өнеркәсібіндей емес, өңдеуші өнеркәсіп салалары (металлургия мен тамақ өнеркәсібі салаларын қоспағанда) негізінен ішкі нарыққа жұмыс істейді. Бұл орайда ел осы салалардағы өндірістік қуаттардың көлемі, кәсіпорындардың техникалық жарақталуы және т.б. жөнінен жетекші индустриялық державалардан қалыңқы. Қара және түсті металлургияның негізгі орталықтары – Ньюкасл және Порт – Пири қалалары. Машина жасау кең көлемде тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана дамыды. Автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, электр приборларын, радиоэлектроника бұйымдарын және т.б. шығару салалары дамып отыр. Бұл салалардың кәсіпорындары негізінен жетекші өнеркәсіп орталықтарының төңірегінде – Сиднейде, Мельбурнде, Аделаидада, Бриссбенде орналасқан. Соғыстан кейінгі кезеңде химия өнеркәсібінің дамуына қозғау салынды да, ол өнім шығарып отыр. Австралияның өзіне тән ерекшелік тамақ (әсіресе ет) өнеркәсібінің барынша дамуы болып табылады, оның өнімі едәуір мөлшерде экспортқа шығарылады.
2.Мұхит аралдары елдері – бұл Тынық мұхиттағы , көбіне оның оңтүстік – батыс және орталық бөліктеріндегі үлкенді – кішілі аралдардың жиынтығы. Оларды, әдетте, үш топқа бөледі: Меланезия (Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония, Жаңа Гебридтер, Сүлеймен, Фиджи аралдары, Бисмарк архипелагы), Полинезия (Маркиз аралдары, Туамоту, Шығыс және Батыс Самоа, Тонга, Тувалу, Гавай, Жаңа Зеландия және т.б.), Микронезия (Маршалл, Каролин, Мариан аралдары, Гилберт аралдары, Науру және т.б.).
Мұхит аралдары елдері – дүние жүзінің табиғаты ғажап, тарихы қызғылықты, төлтума мәдениеті бар ерекше аймақ. Алайда аралдарды мекендеушілердің өмірі әжептеуір күрделі және бірқатар жағдайларда дауылдарға , су тасқындарына және т.б. қарсы күреспен өтеді.
Саяси тұрғыдан Мұхит аралдары елдері бүгінде жиырмадан астам егемен мемлекеттер және тәуелді аймақтар болып отыр. Бұл орайда Гавай аралдары – Полинезияның бір бөлігі – АҚШ – тың 50- ші штатына айналдырылған, ал жергілікті халық қазіргі көп ұлтты тұрғындардың арасына сіңіп кеткен. Мұхит аралдарының өзге елдерінен Жаңа Зеландия да өте – мөте өзгеше; мұнда халықтың 90 пайызына жуығы еуропадан шыққандардың ұрпақтары.
Мұхит аралдарын нәсілдік, тілдік және тарихи – мәдени тұрғыдан бір – бірінен көп өзгешіліктері бар алуан түрлі көптеген халықтар мекендейді. Халықтың жартысына жуығы байырғы тұрғындар, қалғандары келімсек адамдар. Бірқатар көрсеткіштер бойынша (сауаттылық деңгейі, өмірдің орташа ұзақтығы, дәрігерлермен қамтылуы және т.б.). Мұхит аралдары елдері көптеген дамушы елдерден, әсіресе африкалық елдерден алда. Аралдар тұрғындарының көпшілік бөлігі ауыл тұрғындары (Папуа – Жаңа Гвинеяда 80 0/0, Вануатуда 750/0 және т.б.). Сондықтан тауарлық өнімнің негізгі бөлігін (кокос жаңғақтары мен олардың кептірілген ішкі бөліктері- копра, кофе, какао, дәдеуіштер) ауыл шаруашылығы беретіні таңданарлық емес. Бұлар экспорттық түсімнің де емес. Бұлар экспорттық түсімнің де негізгі бөлігін береді. Кейбір аралдарда (Папуа – Жаңа Гвинеяда, Сүлеймен аралдарында, Фиджиде, Батыс Самоада) бағалы ағаш сүрегін дайындау – келешігі мол салалардың бірі.
Минерал ресурстарды айтқанда, олардың қорлары көп мемлекеттер – Папуа- Жаңа Гвинея (мыс рудасы мен алтын) және Науру (фосфориттер). Алайда – наурулықтардың дүние жүзіндегі ең ауқатты ұлттардың біріне айналуына себепші болған, бұл елдегі мол фосфорит қорлары 90 – жылдардың ортасынан бері қарай сарқылуға айналды. Бертінгі ондаған жылдарда Мұхит аралдарда елдерінде негізінен австралиялық фирмалардың көмегімен өңдеуші өнеркәсіптің жеңіл, тамақ, ағаш ұқсату, металл ұқсату секілді салалардың кәсіпорындары салынды. Олардың көпшілігі ішкі нарыққа бағдарланған.
Мұхит аралдарын қоршаған теңіздер мен мұхиттардың суында биологиялық ресурстар мол. Теңіз түптеріндегі минерал ресурстар да едәуір. Алайда олардың ауқымды түрде игерілуі әлі алдағы іс. Ал бірегей рекреациялық қарым қазірдің өзінде белсене пайдаланыла бастады (Фиджи, Папуа – Жаңа Гвинея және т.б.).
Әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері жөнінен мұхит аралдары мемлекеттері бірінен – бірі едәуір ерекше. Ең дамығаны Жаңа Зеландия болса, неғұрлым қалыңқылары Сүлеймен аралдары, Тувалу, Кирибати және т.б. Дүние жүзінің дамыған экономикалық орталықтарынан және бір – бірінен шалғайлығы аралдық мемлекеттердің жедел өркендеуі жолында елеулі бөгет болған күйінде қалып отыр.
Бақылау сұрақтары:
Мұхит аралдарындағы халықтардың нәсілдік, тілдік және тарихи – мәдени тұрғыдан бір – бірінен көп өзгешіліктері бар алуан түрлі болуының себептері.
Саяси тұрғыдан Мұхит аралдары елдерінде бүгінде қанша егемен мемлекеттер және тәуелді аймақтар алып жатыр.
Әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлері жөнінен мұхит аралдары мемлекеттерінің ішіндегі ең дамығандары.
Аустралияның шаруашылығының ежелгі салаларының бірін атаңыз
Аустралияның қара және түсті металлургиясының негізгі орталықтары
Аустралияның өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп түрлері
10. Семинар сабақтарының жоспары (22)
№
|
Сабақтың тақырыбы, мазмұны
|
Сағат саны
|
Бақылау түрі
|
Әдебиеттер
тізімі
|
1
|
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері
1.Дүниежүзілік шаруашылық және оның құрылымы туралы ұғым.
2.Дүниежүзілік шаруашылық қашан, қай ғасырда пайда болды ?
|
1
|
Ауызша бақылау
|
1,2,6,13
|
2
|
Халықаралық еңбек бөлінісі
1.Халықаралық еңбек бөлінісі.
2.Географиялық немесе аумақтық еңбек бөлінісі.
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,6,13
|
3
|
Ғылыми – техникалық революция және өндіргіш күштердің орналасуы
1.ҒТР –дің негізгі сипаттары.
2.ҒТР –нің негізгі мазмұны. 3.Өндіргіш күштердің орналасуы.
|
1
|
Реферат
|
1,2,5,6,14
|
4
|
Энергетика
1.Дүниежүзінің отын – энергетика балансы.
2.Мұнай өнеркәсібі.
3.Көмір өнеркәсібі.
4.Электр энергетикасы.
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,13,14
|
5
|
Өңдеуші өнеркәсіп
1.Металлургия.
2. Машина жасау.
3.Химия өнеркәсібі.
|
1
|
Реферат
|
1,2,6,,13,14
|
6
|
Ауыл шаруашылығы
1.Ауыл шаруашылығының маңызы, ішкі салалық құрылымы, салааралық байланыстар.
2.Аграрлық қатынастар.
3.Егіншілік.
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,13,14
|
7
|
Көлік
1.Құрлық көлігі.
2.Теңіз және өзен көлігі.
3.Авиация көлігі.
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,6,17
|
8
|
Халықаралық экономикалық байланыстар
1.Халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрлері
2.Сыртқы сауда
|
1
|
Глоссарий
|
1,2,6,14
|
9
|
Дамыған елдердің шаруашылық географиясы
1.Дүние жүзіндегі бірінші географиялық орталық
2. Екінші географиялық орталық
3. Үшінші географиялық орталық
|
1
|
Ауызша бақылау
|
1,2,5,6,14
|
10
|
Дамушы елдердің шаруашылық географиясы
1.Шаруашылығының жалпы сипаттамасы
2.Өнеркәсіп түрлері
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
1,2,6,10,11
|
11
|
Еуропа елдерінің шаруашылығы
1.Шаруашылығының жалпы сипаттамасы.
2.Өнеркәсіп түрлері
|
1
|
Бақылау сұрақтары
|
1,2,6,10,11
|
12
|
Германия жәнеҰлыбританияның шаруашылық географиясы
1.Өңдеуші өнеркәсіп түрлері. 2.Өндіруші өнеркәсіп түрлері. 3.Сыртқы экономикалық байланыстары.
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,10,11
|
13
|
Франция және Италияның шаруашылық географиясы
1.Өнеркәсіп салалары
2.Сыртқы экономикалық байланыстары
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,10,11
|
14
|
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің шаруашылық географиясы
1.Батыс Еуропа аймағындағы орны
2.Дүниежүзілік шаруашылықтағы орны
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,10,11
|
15
|
Шығыс Еуропа елдерінің шаруашылық географиясы
1.Өнеркәсіп түрлері.
2.Ішкі экономикалық айырмашылықтары
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,10,11
|
16
|
Шетелдік Азия елдерінің шаруашылық географиясы
1.Шаруашылығының негізгі даму бағыттары.
2. Аймақтардың шаруашылық мамандану салалары
|
1
|
Бақылау сұрақтары
|
1,2,6,10,11
|
17
|
Азияның жетекші елі Жапонияның шаруашылық географиясы
1.Шаруашылығының қалыптасу кезеңдері мен жалпы сипаттамасы
2.Сыртқы байланыстары
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,10,11
|
18
|
Американың жоғары дамыған елі АҚШ –тың шаруашылық географиясы
1.Шаруашылығының негізгі даму бағыттары.
2.Сыртқы экономикалық байланыстары
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,8,10
|
19
|
Канаданың шаруашылық географиясы
1.Шаруашылығының негізгі даму бағыттары.
2.Сыртқы байланыстары
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,2,6,8,13,14
|
20
|
Латын Америкасының дамушы елдерінің шаруашылық географиясы. Бразилияның
1.Шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
2.Сыртқы экономикалық байланыстары
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,6,8,13,14
|
21
|
Африканың дамушы елдерінің шаруашылық географиясы.
1.Шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
2.Сыртқы байланыстары мен ішкі айырмашылықтары
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,6,8,13,14
|
22
|
Аустралия Одағының және Мұхит аралдары елдері шаруашылығы
шаруашылық географиясы
1.Шаруашылығының салалық құрамы
2.Өңдеуші өнеркәсіп түрлері
3.Өндіруші өнеркәсіп түрлері
|
1
|
Картамен жұмыс
Тест
|
1,6,8,13,14
|
|
Барлығы:
|
22
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |