Лекция №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері


бұрмалаушылықтар  мен  қателiктер



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата29.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#106212
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
4 лекция ККЗТ

бұрмалаушылықтар  мен  қателiктер

  орын  алды.  Кеңес  Одағында  

1920-1940  жылдары  социализм  орнату  мақсатында    жүзеге  асырылған  iрi-iрi  

экономикалық  өзгерiстердiң 

iшiнен  нәтиже  бермегенi  ауыл  шаруашылығын  

ұжымдастыру болды.  Бұл шара сонымен бiрге қазақ халқына  ауыр зардап әкелдi.  Қазақ 

халқы  жанынан,  малынан  айырылып  қалды.  Ұжымдастыру  барысында  жiберiлген 

қателiктер мен бұрмалаушылықтар: 



1.

  Ұжымдастыру    Кеңес  Одағында,  Қазақстанда  халықтың    өз  еркiмен  емес, 

күшпен,  әкiмшiлiк  әдiспен  жүрiлдi.    Колхозға  кiрмегендердi    барлық  жағынан  қыспаққа 

алды, олардың  сайлау  еркiн  жойды,   жер-су, жайылыммен,  салықпен  қысты,    бай,  кулак 

деп  тәркiлеймiз, жер аударамыз деп  қорқытты.  Осылардың салдарынан колхозға күшпен 

кiргендер көп болды, олардың колхозды көркейтуге пайда келтiрмейтiнi белгiлi.  



2.

  Ұжымдастыру  халықты  күшпен    отырықшыландырумен    ұштастырылды.  

Отырықшыландыру  тәрiздi    күрделi  мәселенi  қазақтың  киiз  үйлерiн  бiр  жерге  жинап 

көше-көше   етiп   тiгумен  шешпек  болды.   бiр  жерге топтасқан мал  сол жерлердiң   шөбi 

бiткенде  жаппай қырылды. 

3.

  Ұжымдастыруды  жүргiзгенде  ұжымдасқан  шаруашылықтың  серiктестiк  тәрiздi  

қарапайым  түрiнен  бастап  халықты    бiрiккен    еңбеңкке  үйретiп  оның  артықшылығына 

олардың көзiн жеткiзу қажет едi.  Iс жүзiнде бiрiккен  шаруашылықтың колхоз,  коммуна  

тәрiздi жоғарғы түрлерiн таңдады. 



4.

  Ұжымдастыруды  мемлекетке    ет  дайындау  науқанымен    қоса    жүргiздi.    Ет 

дайындау  мiндетiн  орындамағандар  қатал  жазаланды.  Егiн    екпейтiн    көшпендi 

қазақтардан    астық  салығын  алды.    Аталмыш  қателiктер  қазақ  халқына    ауыр  зардап 

әкелдi. 

 

Ауыл  шаруашылығын,    әсiресе  мал  шаруашылығын    ұжымдастыру  саясаты,  бұл 



саясатты жүзеге асыруда жiберiлген қателiктер мен бұрмалаушылықтар қазақ халқына аса 

ауыр  зардап әкелдi.  Бiрiншiден қазақ халқы малынан  айырылып қалды. 1929 жылғы  40 

млн. малдан 1932 жылы 5-ақ млн.  мал қалды. 

 

Қазақ халқы бұрын соңды  болмаған 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет