ашаршылыққ
а ұшырады. 1926 жылғы санақ
бойынша Қазақстанда 5,8 млн. қазақ болған едi, 1933 жылы 2,5 млн қазақ қалды. 2 млн.
қазақ аштан қырылды. 1,3 млн. қазақ басқа жаққа көшiп кеттi. Сөйтiп қазақ мемлекетi
малының 88 пайызынан, халқының 60 пайызынан айырылып қалды.
Әміршіл-әкімшіл
жүйенің
нұсқауымен Қазақстанның
барлық аймақтарында
ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін
шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай
алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.
Колдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір
жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді.
Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің,
жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал
ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6
млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516
мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы
жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға
кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар
бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372
көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз,
Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш,
Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған
қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп
ұжымдастыру көзінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру
Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының
құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді
арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан
осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас
қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан
айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.
Достарыңызбен бөлісу: |