Лекцияның мәтіні:
Әлеуметтік экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік – пстхологиялық әдістерінің атқаратын роліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерле негізгі элемент – адам(басшы,субьект).
Басшының өндірістегі аса маңызды фупкциясы – шешім қабылдау,ол шешімдерге жеке стильдерықпал жасайды.Мысалы:болжамдардың ұсыныстарына да ,оларды тексеруге де бірдей көңіл бөліп отыратын басшыларсалиқалы түрдегі шешімдер қабылдайды. Болжамдар жасау процесі оларды тексеру мен анықтау жөніндегі іс-қимылдантым басым түсіп жататындарға албырттықшешімдер қабылдау тән.
Енжар шешімнің әзірленуі бақылаушылық іс-қимылдың басым болуымен , ұсынылған болжамды үнемі әсіре тексерумен сипатталады,мұның өзі шешім қабылдау процесінің ұзаққа созылуына әкеп соғады.
Қабылданған шешімдердің тиімділігі олардың обьективтіжағдайда қаншалықты сай келетіндігіне ғана емес,сонымен қатар,олардың орындалуын ұйымдастыруға ,адамдарды іріктеп алуға,бағыныштылар арасында міндеттерді бөлуге,оларға қажетті ресурстар беруге,орындалуын бақылауға байланысты.
Алайда ең жақсы шешім, мейлінше ойластырып ұйымдастыру және орындаушылық еңбекте белсенділік көрсеткен жағдайда ғана тиімді болмақ.Басшы адамның санасына ,оның психикасына әсер ете отырып, адамдарды еңбекке құлшындыра алады.
Адам психологиясын және ұжым дамуының әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарынескермейінше, өз қабілетін толық ашу,жемісті еңбек ету және өндірістік ресурстарды мейлінше тиімді ,пайдалану мүмкін емес тәрізді. Жұмысшыларға “энергетикалық айқындама”тұрғысынан қараған Ф.У.Тейлормен (1856-1915)салыстырғанда,Э.Мэйо (психолог,дәрігер)өнімділікті арттырып, дау-дамайдан арылу үшін адамдардың психологиясына ықпал ету,қатынастарды жолға қою қажет деп санады.
Тейлор стимулды—жазалау және ақшалай көтермелеу стимулдарын білетін.Мейо жұмысшыны жай ғана экономикалық адам деп білген жоқ, ол жұмысшыларды олардың мақсаттары фирманың мақсаттарына сай келеді деп сендірді,ол ақшадан да күштірек стимулдарды;мақтау мен көтермелеуді,өз фирмасы үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеулі көре білді.Мэйоның пікірінше , шебер “адамдық қатынастар” жүйесінде орталық тұлға және мұнда оның техникалық білімінен(Тейлор бойынша)гөрі, оның адамдарға басшылық ету, олармен қатынас жасай білу қабілеті маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |