Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет77/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Лекцияның мәтіні:
Қазақстан Республикасының нарық қатынастарына өтудегі нақты мүмкіндіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеудегі кездесетін сұрақтарға көп көңіл бөлуге мәжбүр етуде. Мемлекеттік реттеу сұрақтарына басқару жүйесінің негізгі қызметі ретінде атақты батыс экономисі Д. Кейнс еңбектерінен бастап әр түрлі экономист-ғалымдардың бірқатар теориялық зерттеулері жатады. Әлеуметтік – экономикалық дамуды реттеу дүние жүзінің дамыған елдерінің барлығында да қолданылады деп айтуымызға болады.
Реттеу – бұл экономиканың өсуіне жағдай жасауға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік шаралар жүйесі.
Экономикаға мемлекеттің араласуы басқару кадрларының құрылуына, мәліметтер технологиясының дамуына, экономикалық ғылымдардың қолданбалы сипаттама негізінде пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұл жағжайда, Д. Кейнстің көрсетуі бойынша, капитализмнің қарама-қайшылықтарын шиеленістіре түсті.
Нарық экономикасы дамыған алдынғы қатарлы дүние жүзі елдерінің тәжірибелерін зерттей келе, әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекет тарапынан реттеуде пайда болатын қарама-қайшылықтарды жеңілдету мүмкіншілігінің пайда болатынына көз жеткізуге болады. Мұндай реттеу – мемлекеттік кәсіпкерлік, ғылыми жұмыстар мен тәжірибелік- конструкторлық зерттеулерді өткізу, инфрақұрылымды және халық шаруашылығына қажетті қатынастарды құруға байланысты қызметтің негізгі түрлеріне ие болады.
Мемлекеттік реттеу негізінен екі әдіспен жүзеге асады. Оның біріншісі – тура жолмен, яғни әкімшілік-әміршілдік, ал екіншісі – жанама жолмен (салықтар, несиелер, проценттік төлемдер, жеңілдіктер, субсидиялар және т.б.).
Бұрынғы одақ республикаларының өткен жылдарғы тәжірибелерінің зерттеулері негізінде әкімшілік-әміршілдік әдіспен мемлекетті реттеу қажетті нәтижеге жету үшін тиімсіз екенін көрсетті, яғни тура әсер етудің жанама әсер ету шараларымен үйлесімділігінің қажет екенін айқындады. Тура және жанама шараларды мемлекет тарапынан реттеп отыру АҚШ, Жапония және басқа дамыған елдердің экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелерін тереңрек зерттегенде көруге болады. Қазіргі жағдайда капиталистік мемлекет амортизациялық есептен шығару мерзімін белгілейді, капиталдың шығарылу көлемін анықтайды, тауар әкелуге сандық шектеулер мен кедендік салық енгізеді, жұмыс күнінің ұзақтығын шектейді, мемлекеттік стандартты белгілейді және т.б. бұл шараларда мемлекет экономикаға тек қана әкімшілік әдіспен ықпал етеді, ол - өзінің жеке капиталын қоспайды және қазынадан қаражат алмайды. Экономиканы жақсарту үшін тек қана әкімшілік шаралардың болуы жеткіліксіз. Экономиканың өсу жағдайын жасау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға, инфрақұрылым құруға, әлеуметтік орта саласына қажет құрылыммен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай көп қаражат керек. Бұл мақсаттарға қажет қаражаттарды мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлуі арқылы қатысуы – реттеудің барлық жүйелерінің негізі болып табылады. Мемлекет қысым жасап табыстың біршама бөлігін салық салу арқылы алады. Мұндай елеулі қаражаттардың мемлекет бюджетіне бөлінуі ұлғаймалы өндіріс процесіне ықпал етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою үшін мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласуға мәжбүр болып отыр. Мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды жалақыны реттеу жолымен, жұмыссыздыққа байланысты зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етілулермен, аурулар мен өндірістік жарақаттарды ескеру арқылы реттеп отырады. Елдің заңды мекемелерінің күшін ескере отырып, жұмысшы мен капиталистің арасындағы қарым-қатынас үлкен дәрежедегі мемлекеттік реттеу объектісі негізінде қарастырылып отыр. Ретеудің жанама әдістері қатарына мемлекеттің несие саясатына араласуы, экономика жағдайына амортизациялық норманы өзгерту арқылы әсер етуі (амортизацияны жеделдету жүйесі кәсіпкерлерге пайданың бір бөлігін салық салудан жасырып қалуға мүмкіндік береді), ұсыныс пен сұраныс қатынасының ықпалын ескере отырып, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы мен өндірістің дамуын жатқызуға болады.
Мемлекет ұлғаймалы өндіріс процесі мен экономикалық қатынастардың барлық жақтарына - өнеркәсіптер мен ішкі сауда министрлігі; қаржы, еңбек министрліктері;экономикалық жоспарлауды басқару, қоршаған ортаны қорғау қызметтерін басқару мекемелері арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, ол экономикалық өрлеуге, оның құрылымы мен өсу деңгейіне, ірі және кіші меншіктердің ара қатынасына, бәсекеге, өнеркәсіп өндірісінің құрылымына, капитал мен еңбектің өзара қатынасы мен еңбекпен қамтылуына, несие – ақша айналымына, баға белгілеу мен сыртқы экономикалық байланыстарға да ықпалын тигізеді.

Бақылау – ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз ететін процесс. Ол мәселелерді анықтап, оны шешу жолдарын іздестіру үшін қажет. Сонымен бірге, бақылау жақсы істелініп жүрген қызметті ынталандыру үшін де қажет болып саналады.


Бақылау процесінің құрамы мына төмендегілерден тұрады:

  • стандартты белгілеу;

  • нақты қол жеткен нәтижелерді өлшеу;

  • алынған нәтиже белгіленген стандарттан ауытқыған болса өзгертулер енгізу.

Бақылау функциясы – бұл мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін және де ұйым қызметін осы мәселелерге сай жинақтап, реттейтін басқарудың сиапттамасы.
Ұйым мақсатына жетуге зиянын тигізбестен бұрын, оның қателіктерін дер кезінде анықтап, сол мезетте жөндей білу қаблеттілігіне ие болу бақылауды жүзеге асыру қажеттілігінің бірден-бір маңызды себебі болып табылады.
Ұйымның ортақ мақсатына жетуге тиімді көмек көрсететін ұйым қызметтерінің бағытын анықтау, бақылаудың ең қажетті жақтарының бірі болып саналады. Жетістіктер мен кемшіліктерді біле отырып ұйым басшылығы сыртқы ортаның құбылмалы талаптарына ұйымды тез бейімдеу мүмкіншілігіне ие болады. Сонымен бірге, бұл мүмкіндіктер ұйым мақсаттарының негізін қалайтын қозғалыстардың жеделдетуін қамтамасыз етеді.
Бақылаудың кең көлемде жүруі – оның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып саналады. әр басшы дәрежесіне қарамастан, бақылауды қызмет міндеттемелерінің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыруы тиіс.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар. Олар:

  • алдын ала бақылау;

  • ағымдағы бақылау;

  • қорытынды бақылау.

Алдын-ала бақылау – жұмыстың нақты басталуынан бұрын жүргізіледі.
Алдын ала бақылауды жүргізу құралы ретінде – белгіленген ережелерді, процедуралар мен іс-әрекеттер тізбегін қолдану қарастырылады.
Ережелер мен іс-әрекеттер тізбегі жоспардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалынады. Ал оның қатаң түрде сақталынуы жұмыстың көрсетіліп берілген бағытта өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетеді.
Ұйымдарда алдын ала бақылау мына төменде көрсетілген салаларды қолданылады, яғни;

  • адам ресурстарымен байланысты;

  • материалдық ресурстарға байланысты;

  • қаржы ресурстарына байланысты.

Ұйымдардағы адам ресурстары саласындағы алдын ала бақылау-іскер және жоғарғы деңгейдегі білім мен қаблеттіліктерге талдау жасау, әртүрлі қызметтердің міндеттемелерінің орындалуы мен дайындығы өте жоғары деңгейдегі және мамандандырылған адамдарды таңдап алу арқылы жүзеге асады.
Сеніп тапсырылатын міндеттемелерді, қабылданып алынғалы жатқан жұмысшылардың орындайтындай жағдайларының бар екендігіне көз жеткізу үшін мүмкін болатын төменгі дәрежедегі білім деңгейін немесе сол салада істеген жұмыс ұзақтығын міндетті түрде белгілейді.
Әділетті көлемдегі төлемдер мен қосымша төлемдер белгілеу, психологиялық байқаулар өткізу және де жұмысшылармен көптеген дискуссиялар, сұхбаттасу кештерін өткізу жолдары арқылы ұйым құрамына өз ісін жетік білетін мамандарды тарту және оларды орнықтыру ықтималдылығын арттыруға болады.
Өндірістік кәсіпорындарда қолданылған материалдық ресурстар міндетті түрде алдын ала бақылаудан өтуі тиіс.
Мұндай жағдайда бақылау сапасы мүмкін болатын төменгі деңгейдегі стандартты жасау мен осы міндеттемелерге сай келетін материалдардың сәйкес келуін іс-жүзінде тексеру жолдары көмегімен жүзеге асырылады. Бұл салады алдын ала бақылау кезінде қолданатын негізгі әдістің бірі – жеткізушіні таңдау болып табылады, яғни жеткізуші алдын ала белгіленген жағдайларға сай материалдарды дер кезінде жеткізіп беру мүмкіншіліктерін дәлелдеп беруі тиіс.
Алдын ала бақылаудың материалдық ресурстар әдісіне ұйымды запаспен қосалқы материалдар, қамтамасыз ету, тапшылықты болдырмау көзделінеді.
Алдын ала бақылаудың қаржы ресурстарының негізгі құралы ретінде – бюджет қарастырылады. Ол алдын ала бақылауды жүзеге асырудың механизмі болып табылады.
Ағымдағы бақылау - жұмыс процесі жүріп жатқан кезде жүргізіледі. Бұл бақылаудың нысанасы ретінде – бағынушы қызметкерлер қарастырылады. Бағынушылардың жұмысын тексеріп отыру, жұмысты одан тереңірек зерттеп-жетілдіру үшін пайда болып отыратын мәселелер мен ұсыныстарға талдау жасау арқылы белгіленген жоспарлар мен ережелердін аутқуы мүмкіндігін толығыменен жоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет