Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ


Бақылау процесінде оның негізгі үш кезеңін атап көрсетуге болады



бет80/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Бақылау процесінде оның негізгі үш кезеңін атап көрсетуге болады:

  • стандарт пен оның өлшемдерін жасап шығару;

  • жасалған стандарттар мен нақты нәтижелерді салыстыру;

  • керек болған жағдайда қажетті өзгерістер енгізу.

Алғашқы кезең бақылау функциясы мен жоспарлау функциясының өте тығыз байланысын көрсетеді.
Стандарттар - бұл өлшеу мүмкіндігі бар нақты мақсаттар. Мұндай мақсаттар жоспарлау процесінен кейін пайда болады. Бақылау кезінде қолданылатын барлық стандарттар ұйымның көптеген стратегиясы мен мақсаттарының арасынан таңдап алынуы тиіс.
Бақылаудың стандарты негізінде қолданылатын мақсаттардың екі ерекшелігін көрсетуімізге болады. Оның біріншісі:

  • жұмыстың орындалуын реттейтін, бақылайтын уақыт шектеулілігінің болуы, ал екіншісі:

  • жұмыстың орындалу дәрежесінің бағалануына қатысты нақты нақты өлшемдердің болуы.

Нақты өлшемдер мен анықталған уақыт көлемін – нәтижелік көрсеткіштер деп атайды. Бұл көрсеткіш алға қойылған мақсатқа жету үшін ненің қажет екендігін дәл анықтайды. Мұндай көрсеткіштер басшыларға нақты істелінген жұмыс пен жоспарланған жұмысты салыстыруға мүмкіндік береді.
Бақылау процесінің екінші кезеңінде қол жеткен нақты нәтижелерді белгіленген стандарттармен салыстыру ісі жүргізіледі. Бұл кезеңде менеджер қол жеткен нақты нәтижелердің қаншалықты күткен нәтижелерге сәйкес келетінін анықтауы қажет және іс-әрекеттердің басталуы жөнінде шешім қабылдаудың негізі болатын баға қояды. Масштабтың ауытқуын анықтау, нәтижелерді өлшеу, мәліметтер беру мен оның бағалануын анықтау осы кезеңнің қызметтері болып табылады.
Жоғарғы буынның басшылары нақты алынған нәтижелердің белгіленген стандарттан ауытқуы көп болмас үшін мүмкін болатын ауытқулар шегін белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет