Ешқандай әрекет жасамау. Бақылаудың негізгі
мақсаты-ұйымды басқару процесі жоспарға сәйкес міндетті түрдегі жұмыстың орындалуын қадағалайтындай дәрежеге жету болып саналады. Егер де нақты қолда бар нәтижелерді белгіленген стандартпен салыстырғаннан соң көздеген мақсатқа жеткенін білген жағдайда ешқандай да әрекет жасамаған жөн.
Аутқуларды жою. Маңызды аутқуларды дер кезінде жоя алмайтын бақылау жүйесі мүлдем тиімсіз. Негізінде стандарттан аутқу масштабы мен оның себебін дәл көрсету - өлшеу сатысына тән болуы керек.
өзгертулер енгізудің мағынасы аутқудың не себептен пайда болғанын және ұйымның іс-әрекеттерін қайтадан дұрыс жолға бағыттаумен сиаптталынады.
Ұйымның ішкі айнымалы факторларының қандай да бір мағналарын жақсарту жолдары арқылы және де басқару функциясын немесе технологиялық процестерді жетілдіру арқылы өзгертулер енгізу ісі жүзеге асырылады.