Қазақстанның жануарлар әлемі, олардың экологиясының проблемалары және экологиялық ресурс рөлі
Мақсаты: Қазақстанның жануарлар әлемі және олардың экологиясының проблемаларымен танысу.
Жоспар: 6.1 Жануарлар әлемі және оның маңызы
6.2 Жануарлар әлемінің мемлекеттік есебі және мемлекеттік кадастры
6.3 Жануарлар дүниесін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
6.1 Жануарлар әлемі биосфераның ең маңызды бөлігі екені айқын мәселе болып саналады. Жануарлардың заттар айнылымы мен энергия ағымындағы рөлі олардың организмде өтетін энергетикалық процестердің жоғары деңгейі, ерекше сан алуандылығы (шамамен 2 млн түрлері) және орын ауыстырумен анықталады. Олар гетереторфтық организм бола тұрып биоценоздарда жоғарғы трофтық (қоректік) деңгейлерде орын алады. Өсімдіктермен қоректенетін жануарлар олардың белгілі бір түрлері және бөліктерімен қоректенеді, ал етқоректілер өсімдік қоректілер арқылы өмір сүреді. Жемтікжегілер (сапрофаги) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің өнімдерін пайдаланады, олардың өліктерін жейді. Өсімдікқоректілер және етқоректілер, сонымен қатар жемтікжегілер араларында паразитті-жануарлар бар. Сонымен, жануарлар өсімдіктермен және бірімен-бірі күрделі қоректік тізбектермен байланысқан. Биоценозда организмдер әралуандылы неғырлым көп болса, қоректік тізбегі созылмалы және күрделі болса соғұрлым ол тұрақты болады.
Сонымен бірге жануарлардың ландшафтың қалыптасуындағы да рөлі жоғары. Мысалы, теңіз жануарлары, негізінен бірклеткалылар арқылы шөгінді тау жыныстары қалыптасады. Сыртында бақалшықтары бар планктонды организмдер өлген кезде теңіз түбіне шөгеді. Бұрынғы геологиялық замандағы теңіз шөгінділері қалың бор, әктас және мәрмәр шоғырларын құрайды.
Жануарлардың топырақтың пайда болуындағы рөлі аса зор екені жалпыға белгілі. Топырақты мекендейтін қарапайымдар, жұмыр және буылтық құрттар, коллемболар, кенелер, жәндіктер және олардың балаңқұрттары (личинки), сүтқоректілер топырақты қопсытады, оған ауа және ылғалдың енуін қамтамасыз етеді, органикалық заттармен байытады, құнарлылығын қамтамасыз етеді.
Жануарлардың қатысуымен жер үстіндегі және жер асты суларының химиялық құрамы қалыптасады.
Студент сонымен қатар жануарлардың өсімдіктер тіршілігінде де орасан зор маңызы барын білуі керек. Көптеген жәндіктер, құстар (колибри, шірнеліктер (нектарницы), гүлтасушылар (цветочницы) және жарғанаттардың кейбір түрлері өсімдіктерді тозаңдатады. Құстар мен сүтқоректілер жемістер мен тұқымдарды таратады. Өсімдіктердің кейбір түрлері жануарлардың көмегінсіз тозаңтатыла және жылыстай алмайды. Сонымен қатар көптеген өсімдікқоректілер өсімдіктерді жей отыра өсімдік жамылғысын жай-күйін жақсартады немесе нашарлатады (шамадан тыс жаю). Жануарлар арасында өсімдіктерді ауруға шалдыратын түрлері де бар, түпті зақымдайды және жояды. Сонымен жануарлар табиғаттағы заттар айналымына қатыса отырып, олардың құрауыштарының жай-күйі мен дамуына әсер ете отырып биосфераның динамикалық тепетеңдігін сүйемелдейді.
Сонымен қатар жануарлардың көптеген түрлері адамдарға азық-түлік, шикізат және дәрі-дәрмек көздері болып санлады. Олар ауыл шаруашылығы жануарлары, ауланатын аңдар, құстар, балықтар және кейбір омыртқасыздар. Жабайы жануарларды қолға үйрету адамзат қауымының алғашқы даму кезінен басталып осы уақытқа дейін жалғасуда. Қазіргі кезде қолға үйретуге бұлғындар, су күзені, ақтүлкі, сазкәмшат (нутрия), ондатра, түлкі, бұлан, түйеқұс, саңырау құрлар және т.б. табысты пайдаланады.
Жануарларды ғылыми зерттеулер жүргізуге, мәдени-ағарту ісіне, әсемдік сезім тәрбиелеуге пайдаланады. Ауыл шаруашылығы зиянкестерін жоятын жануарлар түрлері де бар, олар адамға үлкен көмек береді. Бұл жануарлардың көбін ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өсімдіктері зиянкестерімен биологиялық күресу тәсілдерінде пайдаланады. Сонымен қатар жануарлар зиянкестік те жасайды, олардың арасында адам, қолға үйренген жануарлар және ауыл шаруашылығы зиянкестері ауруларының қоздырғыштары және таратушылары да бар.
Жануарлар санын реттеуде әр түр (адамдар мен қолға үйренген жануарлар паразиттерінен басқа) маңызды екенін, немесе келешекте пайдалы екенін ұмытпау керек. Кезкелген биологиялық түрді мүлде жоғалту биосфераға өте орынсыз, үйткені әр түр заттар айналымына қатысады, табиғи экожүйелерде тепе-теңдікті сүйемелдейді, олардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.