Бірыңғай мемлекеттік жер қорына бірігуіне нақты себепші болды



Pdf көрінісі
Дата07.11.2022
өлшемі442,08 Kb.
#156750
Байланысты:
Аружан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
О.А.Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Тұрғылықты аймақ бойынша жер қорының 
құрылымын зерттеу ( Алматы облысы)

Жұмысты орындау сапасы
Баға диапазоны
Орындалған
%
1
Орындалған жоқ
0%
2
Орындалды 
0-50%
3
Материялдық өзіндік жүйелендіру
0-10%
4
Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау 
0-5%
5
Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану 
0-5%
6
Орындаған тапсырманың ерекшелігі
0-10%
7
СӨЖ-ді қорғау
0-20%
Қорытынды:
0-100%
Оқытушы: Әбен А. 
Студент: Рахадилова А.
Мамандығы: B075
Алматы 2022 ж.


Жоспар: 

Кіріспе
Жер қорына жалпы сипаттама

Негізгі бөлім 
Алматы облысы бойынша жер қорын зерттеу 

Қорытынды

Қолданылған
әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Жерге мемлекеттік меншіктік барлық жерлерді, олардың мақсаты мен 
міндет атқаруы және шаруашылық пайдалануына қарамастан, 
бірыңғай мемлекеттік жер қорына бірігуіне нақты себепші болды. 
Экономикалық көзқараспен алғанда, еліміздің барлық жерін 
біріктірудің 
болуымен 
алғы 
шарты 
маңызды. 
Халық 
шаруашылығының тұтастығы, ол осы негізде, жерге мемлекеттік 
меншікті өзі жүзеге асырады. Мемлекет бұл меншікті мемлекеттік 
жер кадастры жүйесі арқылы есепке алады және бағалайды. Жер 
қорының бірлік принципі басты заң - Конституция негізінде өзінің 
көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері 
бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрады деп көрсетілген. 
Мемлекеттік кадастрында, есептелінетін объектіге сандық және 
сапалық сипаттама бере алатын және жер кадастрлық көрсеткіштер 
жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар 
қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық мәні 
есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты 
болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен жер 
қорының және оның, құрам бөліктерінің аудандары гектармен 
есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. 
Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы, жер 
ауданы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған гектарлармен 
көрсетіледі. Жерді санаттарға жатқызу, оларды бір санаттан 
басқасына ауыстыру: Жерді осы Кодекстің 1-бабында аталған 
санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының 
өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды 
мемлекеттік 
органдар 
осы 
Кодексте 
және 
Қазақстан 
Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер 
учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзыреті шегінде 
жүргізеді. Жерге меншік: Қазақстан Республикасында жер 
мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері осы Кодексте 
белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де 
болуы мүмкін. 


Негізгі бөлім 
Жерді аймақтарға бөлу 
1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен 
пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау. 
2. Жерді аймақтарға бөлуді аудандық деңгейде және облыстық 
маңызы бар қалаларда ұйымдастыруды аудандар мен облыстық 
маңызы бар қалалардың тиісті атқарушы органдары жүзеге асырады. 
Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) аудандар мен облыстық 
маңызы бар қаланың тиісті өкілді орган-дары бекітеді. 
3. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жерін аймақтарға 
бөлу жөніндегі материалдардың негізінде облыстық (Астана және 
Алматы қалаларының) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық 
органдары қоршаған ортаны қорғау, сәулет және қала құрылысы 
жөніндегі жергілікті органдармен және басқа да мүдделі органдармен 
бірлесе отырып, облыстық (Астана және Алматы қалаларының) 
атқарушы органның тапсырмасы бойынша, жерді облыстық 
(қалалық) деңгейде аймақтарға бөлудің нысаналы мақсат жіктемесі 
енгізілетін жобаларын (схемаларын) әзірлеуді ұйымдастырып, 
қамтамасыз етеді және оларды облыстық (Астана және Алматы 
қалаларының) өкілді органдардың бекітуіне енгізеді. 
4. Жерді аймақтарға бөлу кезінде белгіленген, аумақты пайдаланудың 
нысаналы режимі осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген 
тәртіппен бекітіледі, жер құқығы қатынастарының субъектілері үшін 
міндетті болып табылады. 
5. Жерді аймақтарға бөлу жергілікті атқарушы органдардың шешімі 
бойынша жүргізіледі және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 
жүзеге асырылады.
Алматы облысындағы жер қоры - 22 млн. 357 мың га. Сол қатардағы 
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 8,3 млн.га, соның 
ішінде 986,4 мың га - егістік, 6,9 млн. га - жайылымдық жер. Бұл 
ретте босалқы жерлер көлемі 7,5 млн.га құрайды, оның 4,4 млн.га - 
жайылым жерлер. Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен 
қорғалуын бақылау жөніндегі басқарманың басшысы Асқар 
Жолдоғұтовтың айтуынша, өңірдегі жергілікті атқарушы органдар 
прокуратурамен бірлесіп, 2018-2019 жылдары пайдаланылмай 
жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 808,7 


мың.га жерді анықтаған. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 
бүгінде 116,24 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды, 23,5 мың га 
иесі жоқ мүлік ретінде есепке алынды, 623,7 мың га қабылданған 
шаралардан кейін қайта пайдалануға беріліп, ауыл шаруашылығы 
айналымына енгізілді, 45,3 мың га жерге қатысты материалдар 
аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Бұл 
туралы басқарма басшысы Талдықорғанда өткен брифинг барысында 
айтты. Алматы облысында қолданылмай жатқан жерлерді анықтау 
жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. «Ендігі жерде 
аудан, қала әкімдіктері пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып 
алу ісіне түбегейлі кірісуі керек. Аумақтардағы мұндай жерлердің 
жалпы алаңы 45,3 мың га құрап отыр. Соның ішінде Алакөл 
ауданында – 14864 га, Талғар ауданында – 9086 га, Райымбек 
ауданында – 5402 га, Балқаш ауданында 4744 га, Панфилов 
ауданында – 3557 га және т.б. бар», - деп атап көрсетті А. Жолдоғұтов. 
Оған қоса 2020 жылы жерді қашықтан барлау жұмыстарының 
нәтижесінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның аэрокомостық 
түсірілімдері кезінде 67,9 мың га егістікке жарамды жердің іске 
асырылмай жатқаны анықталған. Осыған байланысты материалдар 
жергілікті атқарушы органдарға тиісті шара қолдану үшін жолданды. 
Қазіргі кезде қабылданған шаралардың нәтижесінде 0,4 мың га жер 
мемлекет меншігіне қайтарылды, 35,3 мың га қайта айналымға 
енгізілді, 32,2 мың га материалдары жергілікті әкімдіктердің 
қарауында жатыр, соның ішінде 0,7 мың га жерге қатысты әкімшілік 
шаралар қабылданып, қорытынды тексеру қайта жүргізілетін болады, 
ал 10,5 мың га жер бойынша ескету жасалған.


1-кесте Жер санаттары ( Алматы облысы) 
2017 
2019 
2021 
Ауыл 
шаруашылығы 
мақсатына арналған
8621,2 
8007,4 
8623,8 
Елді мекен жерлері
795,1 
722,6 
723 
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, 
қорғаныс және 
ауылшаруашылық мақсатына 
арналмаған жерлер
311,7 
252,2 
251,8 
Ерекше қорғалатын жерлер
1190,6 
1642,7 
1642,7 
Орман қоры жерлері
4037,2 
3595,8 
3750,6 
Су қоры жерлері
193,4 
192 
192,1 
Босалқы жерлер
7209,1 
7844,5 
. 7173,2 
Барлығы
22358,3 
22357,2 
22357,2 
2-кесте Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер 
2017 
2019 
2021 
Егістік жерлер
1015,1 
1013,7 
986,7 
Көпжылдық екпелер
20,7 
21,4 
21,1 
Кен орындары
88,3 
69,6 
98,1 
Шабындық жерлер
210,8 
189,5 
189,7 
Жайылым жерлер
7113,6 
6591,4 
7212,9 
Жалпы алаңы
8448,5 
7885,6 
8508,5 


3-кесте Елді мекен жерлері 
Атауы
2017 
2019 
2021 
Қалалар мен кенттер
40,8 
40,6 
64,7 
Ауылдық мекендер
754,3 
682 
658,3 
Барлығы
795,1 
722,6 
723 
4-кесте Өнеркәсіп мақсатына арналған жерлер 
Атауы
2017 
2019 
2021 
Өнеркәсіп жерлері
19,7 
14,4 
52,6 
Темір жол көлігінің жерлері
34,1 
19,8 
19,9 
Автокөлік жерлері
35,1 
27,8 
27,5 
Байланыс жерлері

1,5 
2,3 
Басқа 
ауыл 
шаруашылығына 
жатпайтын 
кәсіпорындардың жерлері
221,8 
188,7 
149,5 
Барлығы
311,7 
252,2 
251,8 
5-кесте Ерекше қорғалатын аумақтар 
Атауы
2017 
2019 
2021 
Ерекше 
қорғалатын 
табиғи аумақтар
962,2 
978 
1642,2 
Сауықтыру 
мақсатындағы
228,4 
664,7 
0,5 
Барлығы
1190,6 
1642,7 
1642,7 


6-кесте Орман қорының жерлері 
Атауы
2017 
2019 
2021 
Ауыл шаруашылық 
алқаптары
1406,8 
1257 
1225,7 
Орман алқаптары және 
ағаш бұта екпелері
2227,5 
2133,8 
2177,7 
Басқа жерлер
402,9 
305 
347,2 
Барлығы
4037,2 
3695,8 
3750,6 
7-кесте Су қоры жерлері 
Атауы
2017 
2019 
2021 
Ауыл шаруашылық 
алқаптары
23,4 
22,8 
22,8 
Өзен асты сулары



Көл асты сулары
4,8 
4,4 
4,1 
Өзге жерлер
15,1 
14,2 
14,3 
Жасанды су 
айдындарының астында
150,1 
150,6 
150,9 
Барлығы
193,4 
192 
192,1 
№1
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер 


№2 Елді мекен жерлері 
№3 
Өнеркәсіп мақсатына арналған жерлер 
№4 Ерекше қорғалатын аумақтар 


№5 Орман қорының жерлері 
№6 Су қорының жерлері 

7 Босалқы жерлер 


Қорытынды 
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру, жерлерді 
пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік 
басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан 
қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап 
отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды 
бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады. Жерлерді тиімді 
пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен 
республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік 
құрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды. Мемлекеттік 
бақылаудың міндеттері жер Заңдарының тиісінше атқарылуына, 
мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді 
ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды орындауын 
қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті шегінде жерді пайдалану 
мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер учаскелерінің меншік 
иелері мен жер пайдаланушылар үшін міндетті. Жерді пайдалану мен 
қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілейді. Қазақстанда жер мемлекеттің 
меншігінде болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, 
құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет. 
Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде 
есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, 
бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның 
материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, 
материалдық, табиғилық қорларын /соның ішінде, әсіресе, жердің 
маңызы зор/ есепке алу қажеттілігін есептейді. Жер қорларын ұтымды 
және тиімді пайдалану – халық шаруашылық маңызды мәселе. Ол 
халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді, 
қоғамға керек ауылшаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың 
құнарлығын сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді. Осы 
мәселені шешу үшін жер кадастрын толық, қомақта жүргізу керек. 
Ұйымдастыру-шаруашылық қызметін атқара отыра, мемлекет жер 
иесі және аумақтық басымдылық құқығын тұтқасы ретінде бірыңғай 
жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер кадастріне ерекше 
мемлекеттік мәнділік береді. 


Қолданылған әдебиеттер 
1.
 
https://kzref.org/bilim-jene-filim-ministrligi-
v6.html?page=4
 
2.
 
https://primeminister.kz/kz/news/kazakstanda-geologiya-
zhane-zher-koynauyn-paydalanu-salasynda-akparattyk-
zhuye-kurylady-442121
 
3.
 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P020001263_
 
4.
https://stud.kz/referat/show/41163 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет