Лекция №5 Оқу тобы : 1502-19 Физикалық лабораториялар мен физикалық эксперименттерге эем-дерді және компьютерлік модельдеуші бағдарламаларды қолдану әдістемесі


Мұндай бағдарламалардың мынадай ерекшеліктерін атап айтуға болады



бет5/6
Дата11.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#110930
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция №5 МФЭ 1502-19

Мұндай бағдарламалардың мынадай ерекшеліктерін атап айтуға болады:

1. Қазіргі заманғы компьютердің түрлі-түсті және графикалықмүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

2. Модельдеу бағдарламалары оқушының компьютермен диалогты режимде жұмыс істеуіне ыңғайластырылған.

3. Оқушының модельдеу бағдарламаларымен жұмыс кезінде дисплей экранынан қарастырылатын нысанның немесе құбылыстың көрнекі бейнесін қозғалмалы сурет, әртүрлі график, диаграмма, сұлба түрінде көріп отырады.

4. Модельдеу бағдарламасын орындау үдерісінде дисплей экранында жеткілікті мөлшерде мәтіннің болуы, ол оқушыға бағдарлама жұмысының мақсаттары мен тәсілдері жөнінде ақпарат береді және жұмысты оқушының толық тәуелсіздігі жағдайында, яғни ешқандай сыртқы көмексіз және баспа материалын пайдаланбай-ақ атқаруына мүмкіндік туғызады.

Әрине, модельдеу бағдарламасын оқушыға қажетті басқа да баспа құралдарымен қамтамасыз ету, бағдарламаны сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін арттыра түседі.

Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді. Компьютерлік модельдерді пайдалану физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Бұл компьютерлік модельдердің көмегімен оқушылар өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге, теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады. Яғни, физикалық құбылыстың моделін тікелей көзбен көре отырып зертханалық эксперименттер жасап, практикалық мәнісіне тереңірек үңіледі. . Олардың арасынан «Электроника бастамалары», «ТЕРМО» және «Виртуальді модельдеуші лабораториялар» виртуальді модельдеуші бағдарламаларын қолданудың әдістемесіне тоқталып өтейік:




Төменде берілген интернет сілтемесін қолданып зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін оқып үйреніңіздер (http://mediadidaktika.ru/course/view.php?id=13





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет