Беткейде орналасқан бұлшық еттер:
Трапеция тәрізді бұлшық ет (трапецевидная мышца, m.trapezus). Ол арқаның жоғары тұсындағы жалпақ бұлшық ет. Шүйде сүйегінің барлық кеуде омыртқалары қылқандарынан басталып, бұғананың акромион өсінідісіне және жауырынға жабысады. Атқаратын қызметі: жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағы жауырынды омыртқа жотасына жақындатып, ал астыңғысы оны төмен тартады.
Арқаның өте жалпық бұлшық еті (широкая мышца спины, m.latissimus dorsi). Басталатын жері: төменгі VІ кеуде омыртқасының қылқаншасынан, барлық бел омыртқаларынан, мықынның қырынан басталып жоғары көтеріліп қар сүйегінің жоғарғы басындағы кіші томпаққа барып бірігеді. Атқаратын қызметі: иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді.
Үлкен және кіші ромбы тәрізді бұлшық еттер (большие и малые ромбовидные мышцы, m.rhomboideus minor, m.rhomboideus major) трапециялау бұлшық еттің астында орналасқан. Екі төменгі мойын, төрт жоғарғы кеуде омыртқаларының қылқаншасынан басталып жауырынның омыртқа шетіне келіп бірігеді. Атқаратын қызметі: жауырынды көтереді, оны омыртқа жотасына жақындатады.
Жауырынды көтеретін бұлшық ет (мышца поднимающая лопатку, m.levator scapulae) ромб тәріздес бұлшық еттен жоғарылау, мойынның артқы бөлігінде орналасқан. Жоғарғы ІV мойын омыртқаның көлденең өсіндінің тұсынан басталып, жауырынның жоғарғы бұрышына келіп бірігеді. Атқаратын қызметі: жауырынды көтереді.
Жоғарғы артқы тісті бұлшық ет (верхняя задняя зубчатая мышца, m.seratus posterior superior) ромб тәріздес бұлшық еттің астында болады, ол төменгі ІІ мойын, ІІ жоғарғы кеуде омыртқаларының қылқаншасынан бастап қисая көтеріліп, жоғарғы төрт қабырғаға жабысады. Атқаратын қызметі: қабырғаларды жоғары көтереді.
Төменгі артқы тісті бұлшық ет (нижняя задняя зубчатая мышца, m.seratus posterior inferior) арқаның өте жалпақ бұлшық етінің астында орналасқан. Ол кеуденің ІІ төменгі, белдің ІІ жоғарғы омыртқаларының қылқаншаларынан басталып, төменгі төрт қабырғаға жабысады. Атқаратын қызметі: қабырғаларды төмен тартады
Достарыңызбен бөлісу: |