Мойынның бұлшық еттері. Адамның мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен төменгі жағынан бұғана және төс тұтқасымен шектелген. Мойын еттері шайнау, ымдау, тыныс алу, жұтыну, сөйлеу т.б. қозғалыстарын жүргізеді.Мойын бұлшық еттері екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Соңғы тобы арқа еттерінің жалғасы әрі олар арқа еттерімен бірге өтеді. Мойынның беткей еттеріне төс-бғана – емізікше етімен теріасты, мойынның беткей еттері жатады. Бұл ет жиырылған кезе езуді төмен тартады.
Төс-бұғана –емізікше еті (m.sternocleidomastoideus) мойынның алдыңғы бүйір бөлігіне орналасқан екбасты ет. Оның бір басы бұғанадан, екінші басы төстен басталып, самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекйді. Бұл еттін екі жағы бірдей жиырылған кезде басты мойынмен бірге алға қарай иеді.
Жақ -тіласты еті (m. mylohyoideus)шырышты жалпақ ет ауыз қуысының түбін түзеді. Жақ сүйегініен басталып, тіласты сүйегін жоғары қарай қозғайды, не керсінше жақты төмен түсіреді
Иек – тіласты еті(m.genio-hyoideus) иектен басталып, тіласты сүйегіне бекиді.
Қосқарыншалы ет (m.digastricus)атына сәйкс қос қарыншелы келеді көлденен бағытта
жатады.артқы қарынша арқылы самай сүйегінің емізікше өсіндісінен басталып, алдыңғы қарынша мен тіласты сүйегіне бекиді.
Бастың бұлшық еттері. Бастың бұлшық еттерін шайнау және ымдау бұлшық еттері деп екі топқа бөледі. Шайнау бұлшық еттерінің ерекшелігі олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, міндетті түрде бастың қозғаламалы сүйегіне – төменгі жаққа келіп тіркеледі. Бұл еттер жиырылған кезде осы сүйекті жақ буынын қимылға келтіріп шайнау қызметін атқарады.
Шайнау еттеріне меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі шырышты қанатты еттер жатады.
Шайнау еті (m.msseter )шықшыт сүйегінің доғасынан басталып, , төменгі жақтың бұрышына тіркеледі Оның арт жағында шықшыт безі, ал алдынан және төменгі жағынан мойынның тері асты еті жауып жатады. Бұл ет жиырылған кезде төменгі жақты көтеріп, тістендіреді және сәл алға тартады.
2. Самай еті (m.temporalis) самай сүйегінің сырт жағынан басталады. Пішіні жұқа желпуішке ұқсайды. Ет талшықтары төмен қарай жинала келіп, бет доғасының астынан өтіп төменгі жақтың тәж өсіндісіне бекиді. Бұл ет жиырылған кезде жақты көтеріп, сәл артқа тартады.
3, Ішкі қанат тәрізді ет (m Pterygoideus medialis) сына сүйектін ішкі қанатынан басьалып, жақтың ішкі жақ бұрышына бекиді. Екі жағы бірдейц жиырылған кезде жақты алға жылжытады, ал бір жағынан жиырылса, қарама –қарсы жағына қисайтады.
4.Сыртқы қанат тәрізді ет(m Pterygoideus) сына сүйектін сыртқы қанатынан басталып, ет талшықтары артқа қарай төменгі жақтың өсіндісінің мойнына бекиді. Бұл ет екі жақтан бірдей жиырылса, жақты алға жылжытады, ал бір жағынан жиырылса, қарама-қарсы. жағына қисайтады.
Ымдау еттері тері астында орналасқан. Олардың басқан бұлшық еттерден ацырмашылығы- ет жапқыш шандырлары болмайды және бас сүйегінің әр жерінен басталғанымен, ет талшықтары міндетті түрде бет терісіне бекиді. Осының нәтижесінде жиырылған кезде теріге қыртыстар, әжімдер түсіріп,көз, ауыз пішіндерінь өзгертіп, көңіл күйін білдіреді, сол себептін бұларды ымдау еттері деп атайды. Ымдау еттерінің құрылысын, әсіресе театр өнерінің мамандары білуі қажет. Осыңан байланысты ымдау еттері өздерінің орналасуына атқаратын қызметіне қарай ми сауытының, көз бен ауыз айналасының және мұрын маңының еттері болып бөлінеді.
Ми сауытының шандырлы жапқышы(m epicranius ) бас терісінің астында басының үстіңгі жағын жауып жатады сіңірлі жапқыштың ет бөлімдері маңдай мен шүйде бөлімдерінде орналасқан, сол себептен олдарды мпңдай, шүйде еттері деп атайды, ммаңдай етінің бір шеті сіңірлі жапқышпен басталған, екінші жағы қос доғасына жалғасады. Шүйде еті маңдай етіне қарағанда нашар дамыған, бұл еттің жиырылуынан маңдайда көлденең қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді, маңдай және шүйцде еттерінің кезек жиырылуының нәтижиесінде бас терісінің қозғалысы пайда болады.
Кербез ет (m procerus ) немесе қасты жақындататын ет маңдай сүйегі мұрын сүйегінен басталып екінші шеті қас терісіне жалғасады. Жиырылғанда қас аралығында тік қыртысында жасап бір біріне жақындатады.
Көздің дөнгелек еті (m Orbicularis oculi) көз шарасының манында жатады. Бұл көз шарасының еті, қабақ еттері және көз жасы қапшығының еті деп аталатын үш бөліктен тұрады
А) көз шарасаның еті дөңгелек еттің сыртқы ( шет жақ) сақиналы талшықтарынан түзілген. Олар жиырылғанда көзді кішіреітіп тарылтады:
Б) қабық бөлімі жоғарғы және төменгі қабақ еттері болып екіге бөлінеді. Олар қабақ терісінің астында жатыр, жиырылғанда көзді жұмдырады:
В) жас қапшығының еті көз жасы еті қапшығын қоршап жиырылғанда жас қапшығын кеңейтіп көз жасының жас түтігі арқылы мұрын қуысына өтуге себеп болады. 4. Қас түйу еті (m Corrygator supercilii) маңдай сүйегінен басталып маңдай терісімен қас доғасына бекиді. Жиырылғанда маңдайға, қас аралығына көлденең қыртыстар жасайды.
5. Ауыздың дөңгелек еті(m Orbicularis) құрылысы өте күрделі оның ет талшықтары жоғарғы және төменгі етімен басқа ымдау еттеінің талшықтарынан түзіліп ауыз тесігін шеңберлеп қоршап жатады. Бұл ет жалпы жиырылғанда ауыз тесігін кішірейтіп, тарылтады.
6. Езуді көтеретін ет(m Levater anuli oris) жоғарғы жақтың үшкір тіс ойысынан басталып, езу бұрышындағы теріге және ауыздың дөңгелек етіне жалғасып, жиырылғаеда езуді көтереді.
7. Жоғарғы ерінді көтеретін ет (m Levator labii superi oris) үш басты болып бет сүйегінен жоғарғы жақтың көз жиегі мен маңдай өсіндісінен басталып, жоғарғы ерін терісіне бекиді. Бұл ет жиырылғанда ерінді көтеріп танауды кеңейтеді.
8. Күлкі еті (m risorius) езуден басталып, ұрт тесігінң тұсына бекиді. Жиырылғанда кей адамның бетінде күлкі шұңқыры пайда болады.
9. Төменгі ерінді түсіретін ет (m. Depressor labii superi oris) менгі жақтың доғасынан басталып, төменгі ерін тесігіне жалғасады.