Лекция №5 Тірек-қимыл аппараты туралы түсінік. Жалпы миология. Бұлшықеттердің жалпы сипаттамасы


тақырып.Дәріс.Бас,мойын бұлшықеттері



бет2/4
Дата15.03.2023
өлшемі21,89 Kb.
#172597
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
5 тақырып Тірек-қимыл аппараты туралы түсінік. Жалпы миология.

5 тақырып.Дәріс.Бас,мойын бұлшықеттері.
Бұлшық еттер жүйесі (мышечная система, myolgia).
Бұлшық еттер қимыл қызметтерін атқаратын аппарат болып саналады. Дененің сыртқы орталықта қимылдауы, оған бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы да осы бұлшық еттердің жұмысының нәтижесі жүріп отырады.
Адам денесіндегі түрлі қимылдар, кеңістікте денені белгілі бір қалыпта ұстап тұру бұлшық еттердің қызметі нәтижесінде жүзеге асады. Бұлшық еттердің қызметінен адам тыныс алады, жұтынады, шайнайды, ымдайды. Бұлшық еттер ауыз, кеуде, іш, жамбас қуыстарының құрылысына сонымен бірге ішкі мүшелерінің қабырғасының құрлысына қатынасады.
Бұлшық ет адам денесінің барлық қимылына қатынасады, қан және лимфаның денеде үздіксіз айналысын қамтамасыз етеді. Бұлшық еттер сүйектердің өсуіне әсер етеді.
Адам денесінде 400-ден 600-ға дейін бұлшық ет бар. Еркектің дене салмағының 40-45%-і, әйел денесінің 30%-і бұлшық еттен тұрады. Бұлшық еттердің 55%-і дененің төменгі мүшелерінде, 18-20% жоғары, 25-30% тұлға бұлшықеттері болып саналады.
Бұлшық ет (мышца, musculus) - өзіне тән пішіні, атқаратын қызметі бар дененің мүшесі. Бұлшық ет – бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Оның негізі – бұлшық ет ұлпасы.
Бұлшық ет ұлпасының екі түрі бар:

  1. көлденең жолақты;

  2. бірыңғай салалы.

Қаңқаның бұлшық еті – көлденең жолақты. Олар ұршық тәрізді
бұлшық еттердің талықтарынан тұрады. Бұлшық еттің құрамындағы борпылдақ дәнекер ұлпаны жұмсартады. Оның құрамындағы тығыз дәнекер ұлпадан сіңір пайда болады.
Бұлшық еттердің талшықтары бір-бірімен қатар орналасып будалар пайда болады. Будалардың сыртынан жұқа дәнекер ұлпалы қапшық қаптап тұрады. Бұл қабық – эндомезий деп аталады. Барлық бұлшық ет жүйкелермен қамтамасыз етілген. Жүйкелер қимылдатқыш, сезгіш және симпатика талшықтарынан тұрады. Қимылдатқыш жүйке ұшының қозуына бұлшық ет қимылға келеді.
Бұлшық еттің 2 ұшы сіңірге айналып, сүйекке жабысады. Тек қана ымдау бұлшық етінің бір ұшы теріге жабысады. Жалпық бұлшық еттің жазық сіңір ұшы «апонавроз» деп аталады. Бұлшық ет, олардың топтары дәнекер ұлпа қапшықпен қапталған. Ол шандыр деп аталады. Шандық өте берік, механикалық тартылысқа төзімді болады.
Бұлшық еттің пішіні түрлі болады. Олардың денесі немесе қарыны және 2 ұшы бар. Жоғарғысы – басталатын жері, ұшы қимылдайды, төменгі қозғалыш бөлігі.
Бұлшық еттер ұзын, жалпақ және қысқа болып келеді. Ұзын бұлшықеттер негізінен аяқта, қолда, ал қысқаларына арқаның терең орналасқан бұлшықеттері жатады.
Жалпақ бұлшық еттер арқада, кеуде және іште кездеседі. Сонымен бірге екі, үш және 4 басты, тісті және басқа пішінді бұлшық еттер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет