Лекция 6 Қазақстанның жер қойнауы және мемлекеттік кен қорының кадастры Мақсаты



бет1/3
Дата11.06.2023
өлшемі63,06 Kb.
#178591
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 6


ЛЕКЦИЯ 6

Қазақстанның жер қойнауы және мемлекеттік кен қорының кадастры
Мақсаты: Қазақстанның жер қойнауын, мемлекеттік кен кадастрын және пайдаланудың экологиялық талаптарын оқып білу.
Дәріс сұрақтары:
7.1 Қазақстанның жер қойнауы
7.2 Мемлекеттік кен кадастры
7.3 Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар
7.1 Жер қойнауының қысқаша мағынасын жер қабығының үстіңгі бөлігі деп түсіндіруге болады, онда техниканың қазіргі дамыған кезінде пайдалы қазбалар шығарылады.
Табиғатты қорғау әдебиеттерінде кейде «геологиялық орта» деген ұғым пайдалынады, бұл «кен» деген ұғыммен бірдей деуге болады. Геологиялық орта жер қабығының бір бөлігін қарастырады, онда тау жыныстары, оларда айналып жүрген ерітінділер, газдар, балқытпалар және биоценоздар құрамы мен қызметіне әсер ететін олармен байланысқан геологиялық процестер.
Жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай және оларды адамзат ертеден пайдаланып келеді. Пайдалы қазбалар деп жер қойнауының минералдық түзілімдерін айтады, олардың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері материалдық өндіріс саласында тиімді пайдаланылады. Адамзат тарихының ұзақ кезеңдері пайдалы қазбалардың қай түрі пайдалануда болды сол бойынша аталған (тас, қола және темір дәуірлері).
Қазіргі заманға дейін пайдалы қазбалар өндіріс негізі болып саналады және қоғамның ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз етеді. Шығарылған пайдалы қазбалар және оның өнімдері энергияның басым бөлігін, ауыр индустрия өнімдерінің 90 % және тұтыну заттарының 1/5 береді.
Қазіргі уақытта қоғамдық өндіріс сферасына енгізілген пайдалы қазбаларды минералдық және отын-энергетикалық шикізат деп аталатыны жалпы белгілі нәрсе. Минералдық ресурстар 3 топқа бөлінеді: жанатын пайдалы кендер, металдық пайдалы кендер және металлемес немесе бейметал пайдалы кендер. Минералдық ресуртсарға суда жатады. Минералдық ресурстар қалпына келмейтін табиғи ресурстар категориясына жатады. Жанатын пайдалы қазбалар кейде қалпына келетіндерге ресурстарға жатқызады, үйткені ұзақ геологиялық уақыт кезеңінде олардың қалпына келу қабілеті бар. Бірақ қалпына келу жылдамдығы оларды жер қойнауынан шығару және адамның қарқынды пайдалану жылдамдығынан өлшемсіз тыс мәрдім.
Минералдық шикізат физикалық қасиеттеріне қарай қатты (көмір, рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар), сұйық (мұнай, минералды сулар) және газтәріздес (жанатын және инертті газдар) болады.
Рудалы пайдалы қазбаларға қара, түсті, асыл және радиоактивті металда жатады. Рудалы емес металдарға құрылыс материалдары (құм, қойтастар, балшық және б.), химиялық (күкірт және б.), металлургия шикізаты (асбест және б.), бағалы және майда-шүйде жасайтын тастар - поделочные камни (алмас, нефрит, яшма және б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет