Әлемнің минеральды-шикізат ресурстары. Негізгі пайдалы қазбалардың үлкен қорлары былай бөлініп таралған: мұнай – Саудова Арабиясы, Кувейт, Ирак; табиғи газ – Ресей, Иран, Біріккен Араб Эмираттары; тас көмір - Қытай, АҚШ, Ресей; темір рудасы - Бразилия, Ресей, Қытай; бокситтер - Гвинея, Бразилия, Австралия; мыс рудалары - Чили, АҚШ, Заир; марганец рудалары - ОАР, Аустралия, Габон.
Жердегі барлауланған темір қорлары 100 млрд т, оның негізгі қорлары Америка (47,8 %), Африка (15,9%), Аустралия және Тынық мұхитының оңтүстік батысындағы жиналған аралдарда - Океания (15,7%) шоғырланған. Барлауланған фосфориттер қоры 40-50 млрд т, олар Африка (62%), Америка (29,1 %) және Азияда (5,9%) орналасқан. Алюминийдің қорлары 20-25 млрд т болып бағаланады, олар Африка (59,4%), Америка (19%), Аустралия және Океанияда орналасқан (11,6%).
Мұнай мен газдың әлемдік қоры сәйкесті 136094 млн т және 141 026 млрд м3 болып бағаланады. Мұнайдың негізгі қорлары Таяу Шығыс (65,7%), Америка (16,2%, оның ішінде АҚШ-та - 3,3 %) және Африка (6,1 %); газ қоры – Шығыс Еуропа (40,2%, оның ішінде Ресейде 39,2%), Америка (10%) және Африкада (6,9%).
Адам жер қойнауын пайдалы қазбаларды шығару үшін пайдаланады. Ақырғы уақытта жер қойнауы адамдарға уақытша тұрғылық ортасы болуда (метро, бомбоубежища, шахталар, штольнялар). Болашақта жер қойнауы адамдарға тұрғын ретінде пайдалануы мүмкін, мысалы: көпқабатты гараждар, сауда орталықтары және б.
Адам энергияның 36 % мұнайды, 24 % газ бен көмірді, 6% - атомдық электростанциялардан (АЭС), ал 5 % - суресурстары, сүректер мен торфты жағу арқылы алады.
Пайдалы қазбаларды шығару қарқындылығы жылдан-жылға артуда. Мысалы, есептеулер бойынша XX ғасырдың ақырғы он жылында жер қойнауынан 8,3 млрд т рудалар мен жанатын пайдалы қазбалар шығарылған. Ал бұл көлемге жылдағы өзендердегі қатты ағындар көлемі салыстырмалы (Дүниежүзілік мұхитқа жылына 15 млрд т қатты бөлшектер түседі).
Тас көмірді қарқынды шығару мына елдерде байқалады: Индия – жылына 282,2 млн т, АҚШ – жылына 937,1 млн т, Қытай –жылына 1340,9 млн т. Ресейде жылына 282,3 млн т көмір өндіріледі. Негізгі шығару түрі – ашық, карьерлі.
Мұнай ең көп Саудова Арабияда шығарылады – жылына 428,8 млн т, АҚШ-та - 382,9, Ресейде – жылына 301,1 млн т.
Студент Қазақстан минералдық ресурстарга өте бай екенін білуі керек. Казақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің коры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден - үшінші, мыс - төртінші, уран - бесінші, алтын - алтыншы, темір кені - жетінші, қалайы мен никель - сегізінші, көмір мен табиғи газ - тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Калжат), Төменгі Іле (Онтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайық-Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған корының, көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат - 15-ші, мұнай өндіру - 23-орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен газ кен орындарының өндірілетін коры 2,2 млрд. тонна, конденсат - шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойнаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүм кіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді ңұрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Қазақстанда металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай теміркен бассейнінде орналасқан.
Алатау темірмарганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің коры 500 млн. тонна және марганецті кендер - 80 млн. тоннаны құрайды.
Марганецкендері Атасу темірмарганец бассейнінен баска Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30-км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Аңтөбе облыстарында барланған.
Алюминийкендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзе-нінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғаргы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындагы кен орындары атауға болады.
Никель және кобальткендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпаңында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда және т.б. орналасқан.
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте,Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.
Алтын мен күмісертеден Қазаңстанның шығысы солтүстігінде өндіріліп келген.
Сирек металдарҚазакстан жерінде кеңінен таралған. Олар Вольфрам мен молибден (Сарыарқада, Таулы Алтайда, Іле Алатауында), тантал-ниобий (Қалба, Мұғалжарда), цирконий (Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда), висмут (қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде), сурьма (Торғай, Ақмола облысы), сынап (Шара ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында), мышьяк (негізгі қоры алтын кен орындарында) және т.б.
Казақстанның үлесіне уранныңдүниежүзілік қорының 25,7 проценті тиеді (3,5 млн. тоннаның 900 мың тоннасы). Уран кен орындары Созақ ауданында Маңғышлақта, Қордайда, Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларға да бай. Калий тұздары маңызды химиялық және агрохимиялық шикізаттың ресурстардың бірі больш табылады. Калий түздарының қоры республикамыздын батыс бөлігінде, Жайық - Жем аймағында орналаскан.
Полиметаллдық кендермен әдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т.б. кен орындарынан табылған.
Фосфориттерге Қаратау баурайы (барланған 40 кен орны бар) және Ақтөбе тобы (8 кен орны бар) бай.
Күкірт, темір және полиметалл кендерінде кездеседі.
Ас тұзы 20 көл мен 2 кен орнында өндіріледі. Казакстанда жылына 1 млн. тоннаға жуық түз өндіріледі. Ол Қазаңстанның, Орта Азия республикаларының және Батыс Сібірдің сұранысьн толық қамтамасыз етеді.
Синтетикалық каучук, кальций карбидін өндіру әктастың есебінен жүзеге асырылады.
Жетіқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына жатады. Асбест талшығының қоры Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан асады.
Каолин кен орындары Ақмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка, Елтай және т.б. жерлерде. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты жұмыс істейді.
Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан шығарылады.
Кварциттер Ерейментау, Тектүрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен орындарында өндіріледі.
Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар.
Қазақстанда гипс қоры 11 кен орнында шығарылады.
Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар. Алматы, Екібастұз, Теміртау, Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың куб метр және гранит 32 мың куб метр құрайды.
Өскемен зауытында минералдық мақта өндірісінде порфирит, туф, базальт қолданылады.
Құрылыста пайдаланылатын құмның қоры 88 кен орындарында шоғырланған.
Қазақстанда барлық өнеркәсін салаларының жедел дамуына қажетті минералдық шикізат ресурстары жеткілікті.
Студент бүгінгі күні Қазақстанның минералдық шикізатты қайта өндіруші кәсіпорындары жер қойнауын пайдаланушылырдың мүліктік кешені болып саналатынын білуі керек. Олар кен орындарына жақын орналасқан.
Мысалы, "Корпорация "Казахмыс" ААҚ өзінің құрамында 7 байыту фабрикасы мен 2 мысбалқыту заводы, ал «Казцинк» ААҚ – 2 фабрика мен металлургиялық комбинаты бар, олар рудниктерден алыс орналаспаған – шамамен 5-10 км.
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар арнаулы салық төлейді.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңдары ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңынан (1997 ж.) және осы заңға байланысты қабылданған басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
ҚР Заңы жер қойнауын пайдалану кезіндегі операцияларда пайда болатын қатынастарды реттейді.
Бұл заңда жер қойнауы мемлекет меншігі болып жарияланады оның байлықтарына ұқыпты болу, жер қойнауын қорғау барлық кәсіпорындардың, ұжымдардың, мекемелердлің және азаматтардың мәндеті болып табылатыны атап көрсетілген.
Осы күндер пайдаланылатын және пайданылмайтын жер қойнауындағы байлықтар біртұтас мемлекеттік қор болып саналады.
Республика үкіметіне біртұтас мемлекеттік қорға иелік ету, оны пайдаланудың және сақтаудың техникалық саясатын жүргізу, байлықтарды пайдалану мен геологиялық зерттеу жұмыстарына мемлекеттік бақылау жасау және тексеру жүктелген.
7.2 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңдары ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңынан (1997 ж.) және осы заңға байланысты қабылданған басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
ҚР Заңы жер қойнауын пайдалану кезіндегі операцияларда пайда болатын қатынастарды реттейді.
Бұл заңда жер қойнауы мемлекет меншігі болып жарияланады оның байлықтарына ұқыпты болу, жер қойнауын қорғау барлық кәсіпорындардың, ұжымдардың, мекемелердлің және азаматтардың мәндеті болып табылатыны атап көрсетілген.
Осы күндер пайдаланылатын және пайданылмайтын жер қойнауындағы байлықтар біртұтас мемлекеттік қор болып саналады.
Республика үкіметіне біртұтас мемлекеттік қорға иелік ету, оны пайдаланудың және сақтаудың техникалық саясатын жүргізу, байлықтарды пайдалану мен геологиялық зерттеу жұмыстарына мемлекеттік бақылау жасау және тексеру жүктелген.
Кен кадастрын жүргізудің бірнеше түрлері бар. Бұл кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры. Бұл кадастрлар түрлерінің жалпы сипаттамасы ҚР Президентінің, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығы мен ҚР Үкіметінің 1996 жылы 6 тамызда бекіткен қаулында көрсетілген. Осыларға байланысты мемлекеттік кадастры жүргізу Мемлекеттік кен қорының жай-күйін есепке алу жүйесінің құрама бөлігі болып саналады.
Мемлекеттік кадастрларды Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, оның геология және кендерді қорғау комитеті, сонымен қатар оның аумақтық басқармалары жүргізеді.
Кен орындары және пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң мемлекеттiк кадастры әр кен орындарына және пайдалы көріністеріне Мемлекеттік кадастрдың есепке алу объектісінің төлхаты түрінде рәсімделетін жүйеленген, мезгілімен толықтырылатын және анықталатын қысқаша мәліметтер жүйесі болып саналады. Онда келесі мәліметтер болады:
негізгі және онымен бірге жататын пайдалы қазбалардың мөлшері мен сапасы, олардың құрауыштары, кенорындарының таутехникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да өңдеу жағдайлары, оларды геологиялы-экономикалық бағалау, пайдалы қазбалар көрiнiстерi туралы мәліметтер және адам денсаулығына теріс әсер ететін табиғи геохимиялық ауытқулар элементтерінің болуы туралы мәліметтер.
Мемлекеттік кадастрда есепке алуға жататындар:
- мемлекеттік баланста есепке алынған пайдалы қазбалар қорларының кенорындары;
- мемлекеттік баланс есебінен алынып тасталған пайдалы қазбалар қорларының кенорындары;
- геологиялық және кеңістікте оңашаланған немесе жекеленген ірі кенорындарының учаскелері;
- кенорындарын өңдеуге сапасы жағынан өнеркәсіптік талаптарды қанағаттандыратын кем дегенде бір кені бар қатты пайдалы қазбалар көріністері;
- көп шығымды бұлақтар түрінде байқалатын минералдық және тұщы жер асты суларының көріністері;
- С2 категориясымен бағаланған пайдалы қазбалар қорларының іздеу жұмыстарының болашақтағы учаскелері;
- мұнай-, газкөріністері.
Мемлекеттік кадастр есебіне жатпайтындар:
- жалпы таралған пайдалы қазбалар көріністері;
- минерализация нүктелері мен аймақтары, пайдалы құрауыштары жоғарғы мөлшердегі жекеленген минералды табылған заттар;
- түпшаймалар әкиектері немесе сәулелері, геофизикалық және геохимиялық ауытқулар.
Төлқұжаттарды құру, дұрыстау және толықтыру меншік түріне және жұмыстарды қаражаттандыру көздеріне қарамастан барлық кен пайдаланушылармен туындалады. Төлқұжаттарды толықтыру мына жағдайларда жүргізіледі:
- мемлекеттік органдарда пайдалы қазбалар қорларын қайтадан бекіту;
- өңдеудің жаңа технологиялық жобаларын бекіту.
Төлқұжат үш данада жасалады: екі данасы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне, ал үшіншісі кен пайдаланушыға.
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі төлқұжаттарды дұрыс рәсімдеуіне жауапты болып саналады және мыналарды қамтамасыз етеді:
- кен пайдаланушылардың уақытымен төлқұжаттарды ҚР Геология және кендерді қорғау комитетіне беруін бақылау;
- Мемлекеттік кадастр материалдарын жинау, есепке алу, жүйелеу және сақтау;
- Мемлекеттік кадастр мәліметтерін өңдеу үшін есептік техниканы пайдалана отырып автоматтандырылған ақпараттар жүйесін құру, қызмет ету және оның негізінде кен пайдаланушыларға анықтамалы-ақпараттық қызмет көрсету.
Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастры ҚР Мемлекеттік кен қорын құрайтын минералдық шикізатты шығару және өңдеудегі жай-күйі, пайдалануы және жиналған қалдықтарды қорғаутуралы Мемлекеттік кадастрдың есепке алу объектісінің төлхаты түрінде рәсімделетін жүйеленген, мезгілімен толықтырылатын және анықталатын қысқаша мәліметтер жүйесі болып саналады.
Мемлекеттік кадастр мынадан тұрады: техногендік минералдық түзілімдер типі және түрі, олардық мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері, сақтаудың таулытехникалық, экологиялық жағдайлары, қоршаған табиғи ортаға деген әсерлердің параметрлері.
Мемлекеттік кадастр есебіне жататындар:
- пайдалы қазбалардың кедей және кондицияға сәйкес емес рудалары, кенорындарын өңдеу кезінде шығатын аршылымды және сыйыстырушы породалар (тау жыныстары);
- пайдалы қазбаларды қанықтыру және минералдық шикізатты металлургиялық бөлудегі қалдықтар.
Төлқұжаттар минералдық шикізаттарды шығару және өңдеу қалдықтарының Мемлекеттік кадастрын жүргізу талаптарына сай құрылады. Ережелерді ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және кендерді қорғау комитеті дайындайды.
1992 жылы 30 мамырдан кейінгі қаттап тасталған (складировать) техногендік минералдық түзілімдерге кен пайдаланушылар меншіліктік жағдайына және қаржыландыру көздеріне қарамастан төлқұжаттар толтырады, төлқұжатқа кен пайдаланушы және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және кендерді қорғау комитеті қол қояды. Төлқұжат үш данада толтырылады, екеуі – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне бағытталады, ал үшіешісі кен пайдаланушыға беріледі.
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі төлқұжаттардың дұрыс рәсімденуіне жауапты және төлқұжаттардың уақытымен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берілуін, Мемлекеттік кадастр материалдарының жинау, есепке алу, жүйелеу мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры немесе Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады.
Барлық қалдық түрлерi және қалдықтарды орналастыру объектiлерi Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алынуға тиiс.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауға қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелердi және деректер банкiн қалдықтар, оларды өңдеудiң қасиеттерi мен технологиялары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мына құжаттаманы:
1) қауiптi қалдықтардың паспортын;
2) қалдықтарды түгендеу материалдарын;
3) нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiнқауiптi қалдықтар бойынша есептердi;
4) мыналарды:
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiн;
жер учаскесi орналасқан жер бойынша өздерiнiң құзыретi шеңберiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi растаған, жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтаманы;
қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн;
қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға арналған мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындыларын қамтитын, қалдықтарды орналастыру объектiсi бойынша кадастр iсiн ұсынады.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған құжаттама есеп беру жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын электрондық және қағаз жеткiзгiштермен берiледi.
Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында аталған құжаттама оны өзгерткен жағдайда қайта ұсынылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу нәтижелерi бойынша жыл сайын ақпараттық шолу жасайды.
Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жеке безендiрiлген кiтап түрiнде қағаз жеткiзгiште бес жылда бiр рет мерзiмдiлiкпен басып шығарылады.
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын немесе - Көмудiң мемлекеттiк кадастры жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жедел ақпарат алу, қоршаған орта саласында шешiм қабылдау, зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жай-күйiне жоспарлы бақылау жасау мақсаттарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрының деректерi жер қойнауы туралы бiртұтас цифрлы ақпараттар жүйесiне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрының есебiне зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен жер қойнауына сарқынды су ағызылатын жерлер жатады.
Көмудiң мемлекеттiк кадастрында көмiлген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткiштерi, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетiлген үлгiсi мен түрiн сипаттайтын мәлiметтер болады және:
1) зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен сарқынды су ағызылатын жерлердiң жалпы сипаттамасын: орналасқан жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға жұмсалатын шығынды, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi мен жер қойнауы мониторингiн бақылау желiсiнiң болуын және орналасуын;
2) зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар көмiлетiн объектiлер мен сарқынды су ағызылатын жерлердiң физикалық сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типiн, қабатты-коллектор жатқан жердiң тереңдiгi мен тиiмдi қуатын, оның алаңын, кеуектік коэффициентiн, төсенiштiк және бөгесiндiк су қысымының сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың сақталуы мен басқа да сандық және сапалық көрсеткiштердi;
3) зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнiмнiң атауын, нәтижесiнде өнiм жасалатын технологиялық өндiрiстер немесе процестердi, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, уытты компоненттерiнiң болуын, өрт шығу-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен сыйысымдылығы, негiзгi ластаушы радионуклидтер, олардың активтiлiгi және басқа да сипаттамалар), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын қамтиды.
Көмудiң мемлекеттiк кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және жер қойнауына ағызылатын сарқынды сулар үшiн жеке жүргiзiледi.
Табиғат пайдаланушылар есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанының iшiнде 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын аталған мәлiметтердiң екi данасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушылардан түскен деректердiң негiзiнде Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жасайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу кезiнде:
1) табиғат пайдаланушылардан мәлiметтердiң уақтылы түсуiн бақылауды;
2) материалдарды жинауды, олардың есебiн, жүйеленуi мен сақталуын;
3) табиғат пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында есептеу техникасын пайдалану арқылы деректердi өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн жасауды және оның жұмыс iстеуiн;
4) Көмудiң мемлекеттiк кадастрын дұрыс ресiмдеудi қамтамасыз етедi.
7.3 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме және жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптарды оқып білуі керек.
Мысалы жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме төмендегідей:
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру кiрген және "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті.
Ал жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар мынандай:
1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;
2) кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;
3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау;
4) барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;
5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;
6) жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау;
8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту;
10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау;
11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшiн оларды оқшаулау;
12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану;
13) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану;
14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою;
15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады.
Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы:
1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;
2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар, жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар және су асты кабельдерi мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптардан түсінігі болуы керек.