Лекция №6 Тақырыбы: темперамент туралы жалпы ұҒЫМ


Темперамент туралы iлiмнiң дамуы



бет2/2
Дата05.09.2020
өлшемі16,65 Kb.
#77225
түріЛекция
1   2
Байланысты:
6-дәріс

Темперамент туралы iлiмнiң дамуы

Қазiргi кезде темпераменттiң сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтерi туралы психологияда ерте замандардан берi қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гипократтан соң Римнiң атақты дәрiгерi ғалымы Гален (129-199) темпераменттiң санын көбейтiп, он үшке жеткiзді. Ол темперамент түрлерiн Гиппократтан өзгеше, яғни оның физиологиялық ерешелiктерiне қоса, психологиялық, тіпті адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапаларымен байланысты деп түсіндірді. Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы iлiмдi ықшамдап, оның бұрынғы төрт типін сол күйiнде қалдырды.

ХVIII ғасырда атақты немiс философы И.Кант (1724-18О4) 1798 жылы жарық көрген «Антропология» деген еңбегiнде темпераменттің төрт түрiне сипаттама берiп, оларды тек психологиялқ қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес ендi темперамент типтерi жайындағы түсiнiктердiң мазмұн-мәнiсi де өзгере бастады. Темперамент түрлерiн тек физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшелiктерi тұрғысынан қарастыруға баса мән берiлетiн болды. Бұл мәселеге келгенде И.Кант сезiм күйiнiң әрқилы болуымен бiрге адам өз iс-әрекетiнiң белсендiлiк деңгейi арасындағы қатынастарға тәуелдi болып отырады деген пiкiр айтты. Ал ХIХ ғасырдың соңында әйгiлi неміс психологі Вундт темпераменттер адамның «жан дүние тебiренiстерiнiң» күш-қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелдi болады деп есептедi.

Мұндай пiкiрлер темперамент типтерiне түрлiше сипаттама берiп, олардың түрлерiн әркiм өзiнше анықтауға тырысты. Мәселен, Гален темпераменттiң төрт түрiнiң басқа да бiрнеше түрi болады десе, өзге зерттеушiлер алты, тiптi сегiз типi болады деген пiкiрлер айтты. И.Канттан басқа да бiрсыпыра оқымыстылар темперамент ерекшелiктерiн адамның жеке басына тән мiнез-құлык сипаттарынан бөлiп карастыра бастады. Алайда, темперамент пен адамның даралық сипаттарын білдiретiн психологиялық өзгешелiктердi анықктап көрсетудің нақтылы тiректерi мен өлшемi ұзак жылдар бойы айқындала қоймады.

Темперамент туралы iлiмнің тарихын сөз еткенде, оның типтерін түсiндiру барысында екi түрлi бағыттың тартысты болатындығын ескерген жен. Оның бiрi — немiс Псохологi Кречмер мен американ психологы Шелдонның темперамент типтері iшкi секреция бездерi қызметiнің арақатынасына байланысты болады ден санауы, ал екiнші бағыты - И.П.Павловтың жүйке жүйесi типтерiнiң қызметi жайындагы iлiмi. Бұл iлiм темперамент типтерiнің қызметі жайындагы түсiнiктi ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды. Темперамент жайындағы бұл зерттеулерде басқа неміс анатомы Гейне мен көрнектi орыс педагогi П.Ф.Лесгафттың (1837-1909) көзқарастарында атап өткен жөн. Гейне темпераменттерде түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлiлiк ми қабықшасындағы молекулярлық. қозғалыстың жылдамдығы мен бiркелкiлiгiне байланысты дейдi. Ал П.Ф.Лесгафт темпераменттер сауыттарының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты деген тұжырым айтады.

Темперамент жайындағы арнайы сөз етiп, оның типтерi мен түрлерiн, адамның мiнез-құлкы мен әр алуан қимыл әрекетіндегі көрiнстерiн тәлiм-тәрбие iстерiмен ұштастыра отырып iздестiрген - қазақ халқының көрнектi жазушысы Жүсiпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928 жылы Мәскеуде араб әрпiмен басылып шыққан «Жан жүйесi және өнер таңдау» деген еңбегiнде тек темперамент түрлерінің ғана емес, жалпы психология ғылымның өзектi мәселелері өз кезiндегi ғылымның деңгейiнде қарастырып, өте құнды пiкiрлер айтты.



Темпераменттің физиологиялық негiздерiн ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсiндiрген- академик И.П.Павлов жүйке жүйесiнiң типтерi мен қабығындағы қозу, тежелу процестерiнiң негiзгi үш белгiсi- қозу мен тежелудің күшi, олардың тепе-теңдiгi және қозғалғыштығы жиынтығынан кұралады. Жүйке процестерiнiң күшi ми қабығының жұмыс iстеу қабiлетiне немесе сыртқы ортаның түрлі тiтiркендiргіштерiне мидың төзімділігі жатады. Ал, жүйке процестерiнiң тепе-теңдiгi қозу мен тежелудің бiр-бiрiне теңдiгiн көрсетеді.

Жүйке процесстерінің қозғалғыштығы деп қозу мен тежелудің бір-бірімен алмаса алу қабілеттерін айтады. Жоғары жүйке қызметінің типтерi мен темперамент туралы зерттеу жұмыстарын кеңестiк психолог мамандар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын т.б. жалғастырды. И.П.Павлов зерттеулерiне сүйене отырып, олар жүйке жүйесiнiң қызметтерiн өте нәзiк аспаптарды қолдана отырып қарастырды. Солардың нәтижесінде әрбiр адамның даралық қасиетiне сай жүйке жүйесi қызметтерiн өзара тығыз байланысты болатындығы анықталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет