Лекция №6
Тақырыбы: ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Сыртқы бейнесi мен түр-тұлғасы жағынан адамдар бiріне-бiрі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктерi, қабiлетi мен икемдiлiгi жағынан олардың әрқайсысының өзiндiк даралық қасиеттерi болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бiрi - бiр түп ағаштағы 200000-ға жуық жапырақтың бедерi жағынан бiр-бiрiне ұқсамай, даралык өзгешелігiмен көзге түсетiндігі; екіншісі-темпераментi, мiнез-құлқы жағынан 6iрдей екі адам болмайды; үшіншiсi - дүние жүзіндегі бірнеше млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедерi бiрiне-бiрi ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi -адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін бiлдiредi. Әрбiр кісінің жеке басына тән дара өзгешелiктiң бiрі- осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегiне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша-темперамент дейді. Мұндай атаудың мәнi нәрселердің- не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті бiлдiредi. Бұл өзешелiк - ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегi және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзiндегi, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы өзгешеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.
Адамның мұндай өзгешелігін сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған-ертедегі грек жұртының дәрігер-ғалымы Гиппократ (б.з.д. 460-356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешеліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын-қан, салқындататын сөл, құрғататын өт, дымқылдататын-қара өт. Бұлар бір-бірмен белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса-сангвиник (латынша-сангуис); сөл көп болса-флегматик (грекше флегма), өт көп болса- холерик (грекше-холе) және күшті пропорция қара өтте болса-меланхолик-грекше-мелайнехоле-(қара өт) деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |