I/O - енгізу / шығару сервері. Физикалық енгізу/шығару құрылғылары мен басқа Citect модульдері арасында деректерді беруді қамтамасыз етеді.
Display (Дисплей)-визуализация клиенті. Операторлық интерфейсті қамтамасыз етеді: басқа citect модульдерінен алынған мәліметтерді көрсету және оператор командаларының орындалуын басқару.
Alarms - алармдар сервері. Деректерді қадағалайды, оларды рұқсат етілген болжамдармен салыстырады, берілген шарттардың орындалуын тексереді және тиісті визуализация түйініндегі алармаларды көрсетеді.
Trends - трендтер сервері. Тренд туралы ақпаратты жинайды және тіркейді, бұл процестің дамуын нақты уақыт режимінде немесе ретроспективада көрсетуге мүмкіндік береді.
Reports -есеп беру сервері. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, белгілі бір оқиға болған кезде немесе оператордың өтініші бойынша есептер шығарады.