Лекция 6 Технологиялық процестерді автоматтандыруға арналған hart технологиясы



бет21/21
Дата29.12.2021
өлшемі186,5 Kb.
#106634
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лекция 6-10

Графикалық интерфейс. Мнемосхемалардағы ақпаратты көрсету сапасы пакеттердің графикалық мүмкіндіктерінің сипаттамасымен анықталады. Оларға графикалық редактор, көлемді кескіндерді жасау мүмкіндігі, кітапханалардың болуы және графикалық бланкілер мен дайын нысандардың әртүрлілігі, құралдардың байлығы, мнемосхемалар элементтерінің динамикалық қасиеттерінің әртүрлілігі, импортталатын кескін форматтары, растрлық суреттер жасау үшін құралдардың болуы, көп терезе режимдерінің болуы және мүмкіндіктері және т. б.

Аларм (дабыл жағдайы) - бұл басқару жүйесімен қалыптастырылатын және технологиялық процестің бұзылуына немесе аса ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін жағдайдың туындағаны туралы оперативті персоналдың назарын аударуды мақсат ететін хабарлама.

Дискретті алармалар дискретті айнымалы күй өзгерген кезде іске қосылады (кран ашық/жабық, сорғы қосулы/өшірулі). Әдепкі бойынша, дискретті аларма нақты SCADA пакетіне байланысты 1 (ON) немесе 0 (OFF) ауысу кезінде іске қосылуы мүмкін.

Аналогтық алармалар айнымалы мәндердің көрсетілген жоғарғы және төменгі шектерден шығуын талдауға негізделген. Аналогтық алармалар бірнеше комбинацияда орнатылуы мүмкін, мысалы:

* жоғарғы шектер (аварияға дейінгі және авариялық);

* төменгі шектер (аварияға дейінгі және авариялық);

* берілген мәннен ауытқу;



* параметрді өзгерту жылдамдығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет