Лекция №8 Тақырып: Геодезиялық өлшеулер және олардың дәльдігі. Лекция жоспары


Өлшеу қателіктері теориясының элементтері



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі124,83 Kb.
#93543
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лек № 8 геодез өлш дәльдігі

8.2 Өлшеу қателіктері теориясының элементтері.
Кез келген геодезиялық өлшеулер орындаушы, өлшеу объектісі, аспап, өлшеу әдісі және сыртқы жағдай болғанда және өзара әрекеттесу салдарынан жүзеге асырылады. Сыртқы орта деп өлшеудің барлық жағдайларының жиынтығын: жергілікті жердің бедері мен грунты, өсімдік жамылғысы, температура, ауаның ылғалдылығы және тозаңдылығы, жарықтылық, жел, бұлттылық және т.б. айтады. Осы факторлардың өлшеу кезіндегі нақтылы мөлшері өлшеу жағдайдары деп аталатынды айқындайды.
Өлшеулер тікелей және жанама болып бөлінеді. Жергілікті жерде құралдармен немесе аспаптармен өлшеуді тікелей өлшеу болып табылады. Өлшеулердің нәтижесі анықталатын шамамен математикалық тәуелділіктегі бір немесе бірнеше шамаларды тікелеу өлшеу нәтижесінен есептеу арқылы алынған өлшеулерді жанама өлшеулер деп атайды.
Кез келген өлшеулер жеке адамның, аспаптардың және сыртқы ортаның әсерінен туатын қателіктер салдарынан болатын қайсы бір формадағы қателіктермен қатар жүреді.
Жеке адамның қателіктеріне өлшеу жүргізетін адамның сезім мүшелерінің жетілмегендігі және адамның ерекшеліктері себепші болады. Жеке адамның қателіктеріне, сонымен қатар санау кезіндегі нивелир рейкасының сантиметрлік шашкасын көз мөлшерімен он бөлікке бөлуде және теодолиттің дүрбісін затқа нысаналауда жіберілетін қателіктерді жатқызуға болады.
Аспаптардың қателіктері олардың жетілмегендігінен және оларды дәл жөнге салудың мүмкінідігі болмауы салдарынан туады. Осы қателіктерге болат өлшеуіш лентаның 20 м-лік нақтылы ұзындығына сәйкес еместігін, дүрбінің коллимациялық қателігін, рейка бойынша есептеу кезіндегі деңгей үлбіреуігінің шеттерінің кескіндерін сәйкес келтіруде кететін жансақтықтардан (просчеты, промахи) туатын қателіктерді жатқызуға болады.
Сыртқы ортаның әсер етуінен болған қателіктерге температураның әсерінен өлшеуіш лентаның ұзындығының өзгеруі, рейканың және нивелирдің желдің әсерінен шайқалуы, ылғалдылықтың әсерінен шашқалық нивелир рейкаларының метрі ұзындығының өзгеруі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет