Лекция №8 Тақырып: Геодезиялық өлшеулер және олардың дәльдігі. Лекция жоспары



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі124,83 Kb.
#93543
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лек № 8 геодез өлш дәльдігі


Лекция № 8
Тақырып: Геодезиялық өлшеулер және олардың дәльдігі.
Лекция жоспары:
8.1 Геодезиялық жұмыстарды жүргізудегі негізгі процестері.
8.2 Өлшеу қателіктері теориясының элементтері.


8.1 Геодезиялық жұмыстарды жүргізу үрдістері.
Геодезиялық өлшеу жұмыстары дайындық, дала және камеральдық кезеңдерге бөлінеді.
Дайындық кезеңінде дала жағдайындағы геодезиялық өлшеу жұмыстарына (түсіріс жұмыстарына) дайындалалы. Геодезиялық түсіріс жұмыстарының мақсатына, дәльдігіне тағы басқа да талаптарына сәйкес дайындық жұмыстарының мазмұны әр түрлі болады, олардың барлығы заказчиктің тапсырысында көрсетіледі. Жалпы түрде, дайындық кезеңі барысында біріншіден, түсірілетін аумақ немесе жергілікті жер туралы барлық мәліметтер жиналады –
1) картографиялық материалдар,
2) аэроғарыштық түсірістер,
3) берілген аумақтағы мемлекеттік геодезиялық желісінің пункттері,
4) барлық мәтіндік материалдар т.с.с.
Екіншіден, дәльдік бойынша қойылған талаптарға сәйкес, өлшеу аспаптарын дайындып тексеру. Барлық аспаптарды тексеруден өткізеді. Сонымен қатар, басқа қажетті заттарды дайындайды.
Дала жұмыстарының негізгі мазмұны өлшеу үрдістері, ал камеральдық жұмыстардың – есептеу және графиктік үрдістері.
Өлшеу үрдісі жергілікті жерде түсіріс жұмыстарын жүргізу және арнайы инженерлік мәселелерді шешу барысында орындалатын геодезиялық өлшеулерден тұрады. Горизонтальдық және вертикальдық бұрыштар, еңістер, горизонтальдық және вертикальдық ара қашықтықтар геодезиялық өлшеулердің объектілері болып табылады.
Бұрыштар мен ара қашықтарды өлшеу үшін әр түрлі құралдар қолданылады. Нәтижелері дала журналдарына тіркеледі. Сонымен бірге жергілікті жердің абрис деп аталатын схемалық сызбасы құрастырылады.
Есептеу үрдісі, өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеуден тұрады. Есептеу белгілі схемалар және орнатылған қағидалар бойынша орындалады.
Графиктік үрдіс, қабылданған белгілерді сақтай отырып, өлшеу және есептеу нәтижесінде чертежді құрастырудан тұрады. Чертеж геодезиялық жұмыстардың өнімі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет