Лекция 9 vііа топша элементтері Жоспары



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі17,31 Kb.
#157729
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Лк Галогендер




Лекция 9
VІІА топша элементтері
Жоспары:
1.Табиғатта таралуы.
2. VII А тобы элементтеріне жалпы сипаттама
3.Алу әдістерді. Маңызды қосылыстары.
4. Галогендер және оның қосылыстарының қасиеттері
5.Қолданылуы.
Периодтық жүйенің VIIA тобына фтор, хлор, бром, йод, астат жатады. Атомдарының сыртқы валенттік қабатының электрондық конфигурациясы ns2,np5 Фтор және хлор типтік элементтер. Бром топшасы элементтері өзара толық электрондық ұқсастар және типтік элементтерге қарағанда, олардың электрондық құрылысының үлкен өзгешеліктер іболады: бром, иод, астатта толық ішкі (n-1)d10 қабатшасы,ал лантаноидтардан кейін тұрған астатта (n-2)f14 қабаты қосылады. VIIA топтың элементтерінің атомдарында келесі асыл газдың электрондық конфигурациясына небәрі бір электрон жетіспейтіндіктен оларға әрине, бейметалдық қасиет тән. Периодтық жүйенің бірінші 10 элементі қалған элементтерге қарағанда үлкен ерекшеліктер көрсетеді. Олардың ішінде екінші периодтың элементтерінің ауырлау ұқсастарынан мынадай айтарлықтай айырмашылықтары болады. Екінші периодтың элементтері (VIIA топта фтор) әр A-топшасында атомдық мөлшері ең кіші, иондану энергиясы және СЭТ-гі ең жоғары элементтер. Бірақ олардың ең үлкен айырмашылығы ол екінші периодтың элементтерінің валенттік мүмкіншіліктерінің (тотығу дәрежелерінің) шектелуі: электронды n=3 орбитальға қоздыру энергиялық тұрғыдан қарағанда тиімсіз.Периодтық жүйенің VIIA тобына фтор, хлор, бром, йод, астат жатады. Атомдарының сыртқы валенттік қабатының электрондық конфигурациясы ns2,np5.Фтор және хлор типтік элементтер. Бром топшасы элементтері өзара толық электрондық ұқсастар және типтік элементтерге қарағанда, олардың электрондық құрылысының үлкен ӛзгешеліктері болады: бром, иод, астатта толық ішкі (n-1)d10 қабатшасы, ал лантаноидтардан кейін тұрған астатта (n-2)f14қабаты қосылады. VIIA топтың элементтерінің атомдарында келесі асыл газдың электрондық конфигурациясына небәрі бір электрон жетіспейтіндіктен оларға әрине, бейметалдық қасиет тән. Периодтық жүйенің бірінші 10 элементі қалған элементтерге қарағанда үлкен ерекшеліктер көрсетеді. Олардың ішінде екінші периодтың элементтерінің ауырлау ұқсастарынан мынадай айтарлықтай айырмашылықтары болады. Екінші периодтың элементтері (VIIA топта фтор) әр A-топшасында атомдық мөлшері ең кіші, иондану энергиясы және СЭТ-гі ең жоғары элементтер. Бірақ олардың ең үлкен айырмашылығы ол екінші периодтың элементтерінің валенттік мүмкіншіліктерінің (тотығу дәрежелерінің) шектелуі: электронды n=3 орбитальға қоздыру энергиялық тұрғыдан қарағанда тиімсізатомдарынан басқа кез келген бӛлшекпен соқтығысқан кезде фтор атомынаайналады. Хлордың атомында 3d-орбитальдар болғандықтан, оның валенттік мүмкіншіліктері және тотығу дәрежесінің мәндерінің саны күрт өседі: максималь коваленттігі 9-ға тең болуы мүмкін (n=3 болған жағдайдағы 9 орбиталь). Бірақ іс жүзіндегі координациялық валенттігі 6-дан аспайды. Қосылыстардың көпшілігінде СЭТ-гі жоғары болғандықтан хлор -1 тең тотығу дәрежесіне ие болады. Өзінен СЭТ-рі мол фтор, оттек, азот атомдарымен байланыс түзгенде хлор гибридтеніп3(p2d),4,5(p3d2),6,7(sp3d3)валенттіктерге ие болады. Қосылыстарда тотығу дәрежелері +1, +3, +4, +5, +6, +7, тұрақтылауы +1, +5 және +7. Бром топшасының элементтеріне тән тотығу дәрежелері -1, +1, +3, +5, +7; тұрақтылары бром үшін -1 және +5, иод үшін -1, +5 және +7. Жалпы А-топшаларының элементтерінің қасиеттері олардың реттік нөмірі артқан сайын монотонды түрде өзгереді. Бірақ та кейбір қасиеттері, әсіресе IIIA-VIIA топтардың элементтері үшін, периодты түрде өзгереді. Мысалы:VIIA топта хлор және иод тұрақты оттекті аниондар түзеді: ClO-4 және JO-4, ал пербромат-ион BrO-4тұрақсыз, өте күшті тотықтырғыш. Бұл заңдылық екіншілік периодтылық деп аталады. Периодтық жүйеде бірінші рет белгілі бір типті орбиталь толтырылатын болса ол кайносимметриялық орбиталь деп аталады (кайнос грекше-жаңа). Бұл 1s-, 2p-, 3d-, 4f орбитальдар. Олардың мөлшерлері кішірек, ядромен байланысы күштірек болады. Бұл құбылыс кайносимметриялық элементтерден тікелей кейін тұрған элементтердің сыртқы валенттік қабатының электрондарының қоздыруын қиындатады; оның салдарынан бұл элементтердің жоғары тотығу дәрежесіндегі қосылыстарының тұрақтылығы кемиді, ал төмен тотығу дәрежелерінің тұрақтылығы қосымша - байланыс түзілу арқылы артады.
Фтор.
Активтігіне сай VIIА топтың элементтері жаратылыста дербес күйінде кездеспейді. Фтордың ең маңызды минералдары флюорит CaF2 (балқытқыш шпат), криолит Na3AlF6, фторапатит Ca5F(PO4)3. Табиғатта фтордың бір ғана изотопы 19F бар. Жасанды жолмен массалық салмағы 16 мен 21 аралығында жататын тұрақсыз изотоптары алынған. Дербес фторды HF + KF эвтетикалық қоспасының (2500С) немесе HF-тің балқыған калий дифторидіндегі KHF2ерітіндісінің электролизі арқылы алады. Катод - болат, анод -графит немесе никель.
Түзілетін сутек пен фтор өзара әрекеттесіп қопарылыс болмау үшін катод пен анод орналасқан кеңістікті диафрагмамен бӛліп тастайды. Электролизге ұшырайтын HF, ал KF балқыманың электрөткізгіштігін қамтиды:
Катод 3HF = H2F + + HF2 -
Анод 2H2F + +2e = H2+ 2HF
2HF2 - - 2e = F2 + 2HF


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет