Лекция. Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы. Жоспар Отбасы мен некенің туындауына ретроспективалық көзқарас. Неке-отбасы қарым қатынастарының классификациясы



бет1/3
Дата09.01.2022
өлшемі61,5 Kb.
#110562
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Lekcija 2


2 лекция. Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы.
Жоспар

1. Отбасы мен некенің туындауына ретроспективалық көзқарас.

2. Неке-отбасы қарым - қатынастарының классификациясы.

3. Отбасын шетелдік зерттеушілердің еңбектері.




  1. Отбасы мен некенің туындауына ретроспективалық көзқарас

Отбасы мен неке тарихы жөніндегі жұмыстардың пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ. өткен ХІХ ғасырдың ортасына дейін адамдардың санасында неке мен отбасына деген діни - қасаң пікір басым болды. Отбасы небір өзгермейтін зат ретінде қарастырылды және бұл патриархалдық және буржуазиялық отбасының ұқсастығынан көрініс тапты. Моногамды отбасымен қатар шығыстағы көп әйел алу дәстүрі, үнді - тибеттік көп күйеу болу дәстүрі бар екенін отбасы тарихшылары елемеді.

Отбасы әлеуметтік институттардың ішіндегі ең ежелгісі. Ол діннен, мемлекеттен, әскерден, білімнен, нарықтан әлдеқашан ертерек туындады. Отбасының табиғаты мен мәнін анықтауға ойшылдар түрлі тұрғыдан қарады. Отбасы мен неке қарым - қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі ежелгі грек Платон болатын. Патриархалдық отбасын ол өзгермейтін, бастауыш қоғамдық ұяшық деп қарады: мемлекет отбасылардың бірігуі нәтижесінде пайда болады. Алайда Платонның отбасына деген көзқарасында бірізділік болмады. «Мұрат тұтатын мемлекет» жобаларында ол қоғамды нығайту мақсатында әйелдердің, балалар мен мүліктің қауымдарын енгізуді ұсынды. Бұл идеяның ешқандай жаңалығы болған жоқ. Ежелгі грек тарихшы Геродот өзінің әйгілі «Тарихында» әйелдер қауымының болуы бірқатар тайпалардың айрықша ерекшелігі ретінде болғанын атап өткен. Мұндай мәліметтер антика кезеңі бойына кездеседі. Аристотель «мұрат тұтатын мемлекет» жобаларын сынға ала отырып, Платонның қоғамның бастауыш және негізгі ұяшығы ретіндегі патриархалдық отбасы туралы идеясын әрі қарай дамытады. Мұндағы отбасылар «мекендер» құрады, ал «мекендердің» бірігуі нәтижесінде мемлекет құрылады. Отбасына деген осындай көзқарас ұзақ уақыт бойына орын алып келді.

Антика, орта ғасыр философтары, тіпті жаңа заман философтары отбасылық қарым-қатынастан қоғамдық қарым - қатынас шығады деп түсінді, отбасының ерекше әлеуметтік интститут ретінде сипаттамасына емес, мемлекетке деген көзқарасына ерекше назар аударды.

Отбасының мәңгілігі мен бастапқы екенін мойындайтын ғалымдар шын мәніде «неке» мен «отбасы» ұғымдарын бірдей деп алады, олардың арасындағы айырмашылық сөз жүзінде ғана деп есептеді. Әрине, «неке» мен «отбасы» ұғымдары арасында тығыз байланыс бар. Бұрнағы әдебиетте, кейде қазіргі әдебиетте де олар көп жағдайда синоним ретінде қолданылатыны да тегін емес. Алайда бұл ұғымдардың мәнінде жалпы мағына ғана емес, сондай-ақ айрықша да мағына бар. Ғалымдар неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде пайда болғанын күмәнсіз дәлелдеп берді. Қазіргі кеңестік социологтар некені әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынастың тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік нысаны ретінде анықтайды, оның көмегімен қоғам әйел мен еркектің жыныстық өмірін реттеп, рұқсат береді, олардың жұбайлық және ата-аналық құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Отбасы некеге қарағанда қарым-қатынастардың күрделірек жүйесі болып табылады, себебі ол жұбайларды ғана емес, сонымен бірге олардың балаларын, басқа туыстарын немесе жұбайларға жақын және қажет адамдарды да біріктіреді.

Неке мен отбасына деген тарихи көзқарасты бекітудің басында «Ана құқығы» еңбегінің авторы, швейцар ғалымы И. Бахофен тұр. Эволюциялық идеяларды негіздеу жолындағы зор құбылыс американ ғалымы Л.Морганның «Ежелгі қоғам» атты еңбегі болып табылады. Кейінірек отбасының тууы және дамуының негіздемесін К.Маркс пен Ф. Энгельс берді. Олардың пайымдауынша, қоғамдық - экономикалық формациялардың негізін құратын экономикалық қарым-қатынастар отбасының да негізі болып табылады. К.Маркс «отбасы қоғамның дамуына байланысты дамуы керек және қоғамның өзгеруіне қарай өзгеруі керек» деп атап өтті. Ф. Энгельс қоғамның дамуымен қатар қоғамның маңызды ұяшығы болып табылатын отбасы да әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсерімен төменгі нысаннан жоғары нысанға ауысады деп көрсетті. В.И. Ленин отбасының дамуында анықтаушы фактор әлеуметтік-экономикалық қарым - қатынастар болғанын және болып қала беретінін атап өтті. Яғни, отбасы тарихи дамудың жемісі болып табылады және әрбір әлеуметтік-экономикалық формацияның өзіне ғана тән неке - отбасы қарым-қатынастары болады. Адамдардың отбасылық топтарға бірігуге, тұрақты байланыстар мен өзара әрекет жасауға итермелейтін себептерді түсінудің методологиялық негізі адамның қажеттері болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет