Лекция. Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы. Жоспар Отбасы мен некенің туындауына ретроспективалық көзқарас. Неке-отбасы қарым қатынастарының классификациясы


Отбасын шетелдік зерттеушілердің еңбектері



бет3/3
Дата09.01.2022
өлшемі61,5 Kb.
#110562
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Lekcija 2

Отбасын шетелдік зерттеушілердің еңбектері

Отбасына тарихи көзқарастың басы швейцар ғалымы И. Бахофеннің «Ана құқығы» (1861г.) еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде ол қоғамның дамуының бастапқы сатыларында жыныстық қатынастардың ретсіздігі немесе жыныстық еркіндіктің кең тарауы тән деген болжам айтты. Бұдан кейін қоғамның дамуында басты роль әйелге тиесілі болды (матриархат). Кейінірек еркектердің басымдығы бекіді (патриархат).

И.Бахофен өз еңбектерінде мистицизмді бағалады. Оның ойынша, тарихтағы негізгі қозғаушы күш – дін. Бұған қарамай И.Бахофеннің еңбегі - ежелгі гректерде, сондай-ақ азиат халықтарында моногамияға дейін топтасқан неке болғанын негіздеп беруінде. Топтасқан отбасы басым болған және баланың әкесі кім екенін анықтау мүмкін болмаған сол алғашқы кезеңнің көріністерін И.Бахофен діни жезөкшеліктен көрді. Алғашқы неке түні құқығымен тайпа көсемі, шіркеу қызметшісі немесе басқа билік өкілі қалыңдықпен алғашқы неке түнін өткізуге құқылы болды.

Әлемде, әсіресе Англияда, шотланд ғалымы Дж. Мак - Леннонның еңбектері зор резонанс тудырды. Ол некенің үш түрін анықтады:

- көп әйел алу (полигиния);

- көп күйеу болу (полиандрия);

- моногамия.

Оның ойынша, ежелгі адамдар жаңа туған қыздарды өлтіріп отырған, соның салдарынан тайпада еркектер басым болып, әйелдердің бірнеше күйеулері болған, яғни көп күйеу болу осылайша туындаған. Осыған байланысты әкелікті анықтау мүмкін болмаған соң, ананың құқығы қалыптасты. Кейбір тайпаларда экзогамды неке тән болса (еркек өзіне әйелді басқа тайпадан іздейді), ал басқа тайпада – эндогамды неке тән болды (еркек өзіне әйелді тек өз тайпасынан алды).

Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г. Мэн қоғамның дамуында матриархаттың болғанын жоққа шығарды.

Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л. Морган отбасының дамуына қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200 – ден астам қоғамдық топтың неке-отбасы қатынастарын зерттеді. Л. Морган адамзаттың даму тарихын 3 кезеңге бөлді:тағылық, варварлық, өркениет.

Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық институттары мен өнердің түрлерін жасады. Ч. Дарвин ілімінің тікелей әсерімен ол отбасының даму теориясын сомдады. Л. Морганның іліміне сәйкес отбасы мынадай кезеңдерден өткен:


    • қандас туыс отбасы;

    • пуналуалды отбасы;

    • полигамия (алдымен әйелдер жағынан, кейіннен еркектер жағынан);

    • моногамия.

Л. Морган топтасқан неке туралы айтса да, оның шын мәнінде болғаны туралы ол білмеді, тек некенің кейінгі түрлерін саралай отырып, теория жүзінде айқындады.

И.Бахофен өз еңбектерінде мистицизмді бағалады. Оның ойынша, тарихтағы негізгі қозғаушы күш – дін. Бұған қарамай И.Бахофеннің еңбегі - ежелгі гректерде, сондай-ақ азиат халықтарында моногамияға дейін топтасқан неке болғанын негіздеп беруінде. Топтасқан отбасы басым болған және баланың әкесі кім екенін анықтау мүмкін болмаған сол алғашқы кезеңнің көріністерін И.Бахофен діни жезөкшеліктен көрді. Алғашқы неке түні құқығымен тайпа көсемі, шіркеу қызметшісі немесе басқа билік өкілі қалыңдықпен алғашқы неке түнін өткізуге құқылы болды.

Әлемде, әсіресе Англияда, шотланд ғалымы Дж. Мак - Леннонның еңбектері зор резонанс тудырды. Ол некенің үш түрін анықтады:

- көп әйел алу (полигиния);

- көп күйеу болу (полиандрия);

- моногамия.

Отбасына деген нақты ғылыми пікірді Ф.Энгельс негіздеп берді. Ол бірінші болып мәдениеттің, яғни тағылық пен варварлықтың алғы тарихын ғылыми тұрғыдан сипаттады. Әр кезеңді ол төменгі, орташа және жоғары сатыларға бөлді. Ол өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің туындауы» атты еңбегінде отбасына оның тарихи даму барысында талдау жасайды. Алғашқыда неке топтары ұрпақтарға бөлінгенде, яғни, ата-аналар мен балалары арасында жыныстық қатынасқа жол берілмегенде, бұл қандас туыс отбасы болды. Онан кейін оны пуналуалды отбасы алмастырды, ол апа мен бауырлар арасындағы жыныстық қатынасқа жол бермеді.

Ал кейініректе жұптан тұратын отбасы пайда болды, онда еркек пен әйелден бір-біріне қатысты жұбайлық адалдықты талап етті, ал көзге шөп салу қатаң жазаланды. өркениеттің табалдырығын аттарда туындаған отбасының соңғы түрі моногамия болып табылады.


Негізгі әдебиеттер

1. Кочетов АА. Начало семейной жизни. Мн: Полымя.,1987.

2 Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. М,1982.

3. Торохтий ВС. Психология взаимоотношений в семье военнослужащего. М, 1995.

Қосымша әдебиеттер:



1. Семенов Ю.Д. Происхождение брака и семьи. М.: Просвещение,1984.

1.Д.К.Колесов: Пол и секс в современном обществе. М.; Психосоциологический институт. 2001.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет