Вокализмдердің зерттелім тарихы
1912 ж.
|
«Жазу тәртібі»
(қ.т. 24 дыбыс бар: 5 дауысты (а,о,ұ,ы,е), 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты)
|
А.Байтұрсынов
«Айқап» журналы
|
1927 ж.
|
«Дыбыстарды жіктеу туралы»
(мақала)
|
А.Байтұрсынов
(қайталау)
|
1935 ж.
|
«Қосар ма, дара ма?» (мақала)
(ұу, үу, ый, ій түріне келетін дыбыстар тіркесіне айырықша көңіл аударды)
|
Қ.Жұбанов
(лингвист)
|
1936 ж.
|
«Қазақ тілі грамматикасы»
(қосынды дауысты қатарына енді)
|
Қ.Жұбанов
|
1941 ж.
ақпан, наурыз
|
«Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» (мақала)
(дауыстылардың санын 14-ке жеткізді, 11-дің үстіне э, ю, я әріптерін қосты. Оларды: жуан/жіңішке, ашық/қысан)
|
С.Аманжолов
«Егемен Қазақстан»
газеті
|
1941 ж.
|
«Қазақ тілінің грамматикасы»
Үлкендер мектебіне арналған, 3-рет өңделіп басылды. (13 дауысты (а,о,ө,ұ,ү,ы,і,э(е),у,и, және я,))
|
М.Балақаев
|
1944 ж.
|
«Қазақ тілінің грамматикасы»
Педучилище оқушылары мен бастауыш мект. мұғалімдеріне арн.(дауыстылардың саны 12, бұрынғы 11-ге тек – э қосылды)
|
Ғ.Бегалиев
Н.Сауранбаев
|
1953 ж.
|
«Қазақ тілі»
педагогикалық училищелерге
|
Н.Сауранбаев
|
1954 ж.
|
«Қазіргі қазақ тілі»
(80 беті фонетика, 11 дауысты, 9 монофтонг, 2 (и,у)дифтонг)
|
І.Кеңесбаев
(көлемді еңбек)
|
1960 ж.
|
«Қазақ тілі»
(дыбыстар саны 12)
|
Ғ.Әбуханов
|
1973 ж.
|
«Тіл біліміне кіріспе»
(11 дауысты дыбыс барын қуаттайды)
|
К.Аханов
|
1973 ж.
|
«Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері» (180 бет «дыб. айтамыз және естиміз, әріптерді көреміз және жазамыз» дейді. С.Аманжолов айтатын 14 дауыстыны 15-ке жеткізеді, таблица қолданады (таб.әр дыб. 1 мысал келтіреді))
|
А.Исабаев
|
1979 ж.
|
«Қазақ тілі»
(190 бет, 9 жалаң дауысты а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і және 2 қосынды и,у орыс тілінен э,е,ю,я дыб. енген жалпы 15 дауысты)
|
Ш.Бектұров
М.Серғалиев
|
1982 ж.
|
«Қазақ тілі»
3- класс
(э, е «дауысты дыбыс» деп басталады)
|
А.Исабаев
|
1989 ж.
|
«Қазақ тілі»
4-класс
(и,у,я,ю дыб. жалғастырады)
|
А.Исабаев
|
1984 ж.
|
«Қазақ тілі»
Шетелде тұратын отандастарымызға
(6 беті 15 дауыстыны жариялайды)
|
М.Құлмағамбетова
С.Мұқашев
|
1986 ж.
|
«Қазақ тілі оқулығы»
1-класс (15 дауысты)
|
Р.Әміров
А.Бәкірова
|
Вокализмдер, акустика-артикуляциялық жағынан жіктелуі
А, ә, е, и, о, ө, ы, і, ұ, ү, (у).
Акустикалық ерекшелігіне қарай
Тілдің қатысына қарай:
Жуан(гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,(у).
Жіңішке(палаталь) дауыстылар: ә,е,ө,ү,і,и,(у)
Ашық дауыстылар: а,ә,е,о,ө.
Қысаң дауыстылар: ұ,ү,ы,і,и,(у).
Артикуляциялық ерекшелігіне қарай
Жақтың қатысына қарай:
С.Мырзабеков бойынша:
Ашық дауыстылар: а,ә
Жартылай ашық: о,ө,е
Қысаң дауыстылар: ұ,ү,ы,і,и,у.
Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о,ө,ұ,ү,у.
Езулік (лингваль) дауыстылар: а,ә,е,и,ы,і.
Артикуляциялық ерекшелігіне қарай
Еріннің қатысына қарай:
4 – 5 лекциялар
Консонантизмдер, олардың акустика-артикуляциялық жіктелісі.
Консонантизмдер, олардың акустикалық ерекшеліктері.
Консонантизмдер, олардың артикуляциялық ерекшеліктері.
Консонантизмдер емлесі.
Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер) және олардың классификациясы.
Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны – 25, кейде – 26. Бұл «щ» әрпіне байланысты туындап отыр. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ф,х,ц,ч,ш,щ,қ» дейді де, бұларды топтастырған кезде «щ» әрпін қосады. Дұрысы «щ» - дыбыс емес, әріп.
Қазақ тілінде дауыссыздардың саны Н.Ильминскийден бастап кешегі 40 – жылдарға дейін 19 делініп келді.
Дауыссыз фонемалардың артикуляциялық ерекшеліктеріне сай мынадай қорытынды жасауға болады:
А) дауыс шымылдығы дауыссыздарды айтқанда пассив қатысады.
Ә) дауыссыз фонема буын жасай алмайды.
Б,г,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,ш.
Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – 5: ғ,қ,ң,у,Һ. Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в,ф,х,ц,ч.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері:
Дауыссыз дыбыстар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі. Олар:
1.Дауыстың салдырдың қатысына қарай:
А) қатаң: п,ф,к,қ,т,ш,с,х,ц,ч,Һ.
Ә) ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Б) үнді: м,н,ң,р,л,й,(у)
2.Дауыссыздарды жасалу тәсіліне қарай:
А) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п,б,т,д,к,г,қ. Жабысыңқы.
Ә) Ызың (фрекатив) дауыссыздар: ф,в,с,ш,з,ж,х,ғ. Жуысыңқы.
3.Айтылу орнына қарай:
А) Ерін дауыссыздары (лабиаль): 1.Билобиаль: п,м,б,у.
2.ф,в (лабиальденталь) тіс пен ерін.
Ә) Тіл фонемалары (лингваль): 3.Тіл арты (веляр): ғ,қ,ң,х.
4.Тіл ортасы (препалаталь): к,г.
5. Тіс (денталь): т,с,з,д,ц.
6. Тіл ұшы (альвеоляр): н,л,ч.
7. Тіл алды (палаталь): ш,ж,р,й.
8. Көмей (фрингаль) фонемасы: Һ.
Дауыс шымылдығының қызметі жағынан дауыстыларға ең таяу фонема – үнділер. Соның салдарынан кей уақыт үнді мен дауыстының дауыс шымылдығы қызметі жағынан шегін ажырату тым қиын. Мұнда бұл екеуінің айырма қызметін буын құрау қасиеті жағынан ажырата аламыз; буын жасаушы болса, дауысты болады да, буын жасай алмаса, дауыссыз болар.
«Р» фонемасы тіл ұшы альвеольға нық ттиіп, фонациялық ауа өте қарқынды шығу арқылы жасалады. Сөз ортасында «р» бір рет дірілдейді. Сондықтан бұл фонемасын вибрациялық (діріл) фонема дейміз. Бұл фонема сөз ортасы мен сөз аяғында көп ұшырайды. Р-дан басталатын сөздердің алдында (протеза) жиналып, ы, і дыбыстары кейде ұ, ү, о тәрізді дыбыстар селтиіп отырады. (Ы)рахмет, (ұ)рұқсат, (і)рет.
Ал интернационалдық сөздер орыс тіліндегі нормаға жуық айтылуда: редактор, радио.
«Л» фонемасын айтқанда тіл ұшы альвеольға бір тегіс, келе көлденеңдеп тиеді, бұл фонеманы айтқанда, имплозия басым болу себепті, фонациялық ауа тілдің екі жағын ала шығады, сондықтан л-ды элатераль (бүйір) фонема дейміз. Бұл фонема сөз аяғы, сөз ортасында көп ұшырайды. Ы(лақ), ы(лақтар).
Біздің байқауымызша, сөз басында езу қысаң дауыстының алдынан л айқын ұшырай беретін тәрізді. Мысалы: шам лып етіп енді, лық ете түсті.
Интернационалдық сөздерде л аклаут препеяда кездесе береді. Лаборатория, литр, лекерея.
«Л» фонемасы қосымшаларда д,т фонемасымен ауысып отырады. Сулы (жер), малды (ел), егісті (дала).
«Й» фонемасы тіл алды аяғы таңдайға жүйткуінен пайда болады.
«Й» фонемасы түбір сөзде де, туынды сөзде де келе береді. Сөз ортасы мен сөз аяғында жиі кездеседі. Аяқ, таяқ, кейін, ой, ей.
«У» фонемасы интервокал позицияда және ашық дауыстыдан кейін де, бұрын да тұрып таза үнді (сонор) болады. Жа-уап, ке-уіп, тау-ға.
«У» фонемасы екі еріннің азын-аулақ дөңгелене келіп, сүйірленуінен пайда болады. Сондықтан бұл – ерін үнділеріне жатады. Бұл фонема сөздің жиегінде болса айтыла береді. Сөйтіп, р,л,й,у – үнді фонемалар. Бұл төртеуіне тән ортақ қасиет мұның қай-қайсысы да ауыз артикуляциясы арқылы пайда болады.
«Н» тіл ұшы альвеольға тию арқылы жасалады. Бұл екі мүше бір-біріне нық тиеді де, фонациялық ауа мұрын арқылы шығады. Сондықтан мұрын жолды үнді дейміз. Бұл фонема көбінесе сөз ішінде, сөз аяғында кездеседі. Түн, бүгін, көну.
Аклаут (бас) пулереяда көбінесе өзге тілдерден енген сөздерде кездеседі. Нөкер, намыс, норма.
«М» фонемасын айтқанда екі ерін бір-біріне нық тиіп, жымдасады да, фонациялық ауа мұрыннан шығады. Сөздің барлық шенінде келе береді. Мал, мағына, сәлем, шам.
«Ң» фонемасы тіл арты артқы таңдайға нық тиюі арқылы жасалады. Кішкене тіл төмен түсіп, ауыз жолын кектеп тұрғандықтан, фонациялық ауа мұрыннан шығады.
Тек сөз іші мен сөз аяғында кездеседі. Мең, маңай, жаңқа. Сөйтіп, м,н,ң фонемаларының бір-біріне ортақ қасиеті: бұл үшеуін айтқанда фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан, оларды мұрын жолды үнді деп атаймыз. Солай бола тұрса да, бұлардың бір-бірінен артикуляциялық жағынан айырмасы бар:
А) м – ерін фонемасы.
Ә) н – альвеоляр фонемасы.
Б) ң – тіл арты фонемасы.
«Б,п» фонемалары екі еріннің бір-біріне нық тиіп, сосын бірден ашылып кетуінен пайда болады. Басқаша айтқанда, олар әрі имплозиялық, әрі эксплозиялық артикуляция арқылы жасалады.
«П» сөздің барлық шенінде ұшырайды, ал б сөз аяғында кездеседі. Бала, тап, кетпен. Сіздің қапыңыз – қабыңыз. Біздің көпіміз – көбіміз. Татып – тауып, жапып – жауып.
«Д,т» фонемалары тіл ұшы үстіңгі күрек тістің ішкі жағына нық тиіп (жымдасып) содан соң кілт ашылуынан пайда болады. Сондықтан бұл екеуі де имплорея және эксплозия арқылы жасалады.
«Д» сөздің басында, ортасында кездеседі, ал т сөздің барлық позициясында келе береді. Ленинград(т), Аухабад(т).
«Г,к» фонемалары тілдің орта шені таңдайдың орта шеніне нық тиіп жабылып, содан соң бірден ашылып кетуі арқылы пайда болады.
Егерде, текке, тепке тәрізді дыбыстар тіркесі болса, алғашқы к-де имплорея болады да, кейінгі к-де эксплозия болады.
«К» сөздің барлық шенінде кездесе береді: кереге, төңірек, көркем. Ал г сөз ортасында ғана жиі кездеседі. Түнгі, бүгінгі. Қазақтың төл сөздері г-ден басталады. Газ, гимн, геолп.
«Қ,ғ» фонемалары тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп жабысып, содан соң бірден ол екі мүше ажырап кетуі арқылы жасалады. Қ сөздің барлық шенінде кездесе береді. Ғ фонемасы сөз басында өте сирек кездеседі, сөз аяғында мүлде кездеспейді. Аға, таға.
Ғ-ден басталатын сөздер түгелдей Шығыс тілдерінен ауысқан сөздер. Ғалым, Ғайша.
«Ц,ч» африкат фонемалар. Өйткені, бұл екеуінің әрқайсысы екі элементтен тұрады. Ц=т+с, ч=т+ш.
Ц қазақтың айтуында тіл ұшы үстіңгі күрек тіске нық тиіп, шапшаң айтылады (екі мүше бұл фонеманы айтқанда бірден кілт ажырап кетуі арқылы жасалады), ал ч тіл ұшы альвеольға тиюі арқылы айтылады. Циркуль, цирк, чемодан.
«Ш,ж» фонемалары тіл алды таңдайға жуықтау арқылы пайда болады.
Бұл екеуі де сөздің қай шенінде болса да кездесе береді. Байырғы сөздердің соңында тым сирек кездесетіні – ж (шыж ете қалуы). Едәуір түркі тілдерінен қазақ тілінің басты ерекшеліктерінің бірі де осы фонемаларға байланысты:
А) Көп түркі тілдерінде ұ/й-ден басталатын сөздер қазақ тілінде ж-дан басталады. Яман – жаман. Юлдуз – жұлдыз.
Ә) Көп түркі тілдерінде ш-мен аяқталатын сөздер қазақ тілінде с-мен аяқталады. Таш-тас, тұташу-тұтасу.
С,з фонемалары тіл ұшы астыңғы күрек тіске жуықтаудан пайда болады.
Консонантизмдер, акустика-артикуляциялық
жағынан жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |