Лекция Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы Қарастырылатын мәселе


Б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, һ, у, (щ)



бет8/15
Дата13.03.2023
өлшемі112,31 Kb.
#172266
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
lektsiyalar

Б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, һ, у, (щ)


Акустикалық ерекшелігіне қарай
Үн мен салдырдың қатысына қарай

Үнділер (сонор): л,м,н,р,й,у
Ұяңдар: б,в,г,ғ,д,ж,з
Қатаңдар: п,ф,к,қ,т,ш,с,х,һ,ц,ч


Шұғыл (эксплозив): п,б,д,т.к,г,қ Жабысыңқы (А.Байтұрсынов бойынша)
Ызың (фрикатив): ф,в,с,ш,ж,з,х,г,һ Жуысыңқы (А.Байтұрсынов бойынша)
Діріл: р
Аффрикат: ч,ц




Артикуляциялық ерекшелігіне қарай
Жасалу тәсіліне қарай


Жасалу тәсіліне қарай:
Ауыз жолды (ауыз шығысты): р,л,й,у
Мұрын жолды (мұрын шығысты): м,н,ң




Билобиаль (қос ерін): п,м,б,у
Лабиальденталь (тіс ерін): ф,в
Денталь (тіс): с,т,з,д,ц
Альвеоляр (тіл ұшы): ч,н,л
Палаталь (тіл алды): ш,ж,р,й
Препалаталь: к,г
Веляр (тіл арты): қ,ғ,ң,х
Фарингаль (көмей): һ



Артикуляциялық ерекшелігіне, Жасалу орнына қарай

Консонантизмдердің зерттелім тарихы

1860 ж.

«Материалы к изучению киргизского языка» Дауыссыздардың 19 түрін атап көрсетеді. (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына жіктеп көрсеткен)

Н.И. Ильминский

1878 ж.

«Спутник русского человека в средней Азии» (өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған).Қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген.

А.В. Старчевский

1882 ж.

«Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» Дауыссыздарды іштей қатаң, ұяң, үнді және аралық немесе у,и жарты дауысты дыбыстар деп бөлген (Жалпы6 20 дауыссыз дыбыс бар)

В.В. Радлов
(түрколог)

1894 ж.

«Краткая грамматика казах-киргизского языка»

П.М. Мелиоранский

1912 ж.

«Жазу тәртібі»
(қ.т.24 дыбыс бар: 5 дауысты (а,о,ұ,ы,е), 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты)

А.Байтұрсынов
«Айқап журналы»

1927 ж.

«Дыбыстарды жіктеу туралы»
(мақала)

А.Байтұрсынов
(қайталау)

1936 ж.

«Қазақ тілі грамматикасы»

Қ.Жұбанов
(лингвист)

1941 ж.
ақпан, наурыз

«Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» (мақала)

С. Аманжолов
«Егемен Қазақстан»
газеті

1941 ж.

«Қазақ тілінің грамматикасы»
үлкендер мектебіне арналған, 3 рет өңделіп басылды

М.Балақаев

1944 ж.

«Қазақ тілінің грамматикасы»
Педучилище оқушылары мен бастауыш мект. мұғалімдеріне арн.

Ғ.Бегалиев
Н.Сауранбаев

1953 ж.

«Қазақ тілі»
Педагогикалық училищелерге

Н.Сауранбаев

1954 ж.

«Қазіргі қазақ тілі»

І.Кеңесбаев
(көлемді еңбек)

1960 ж.

«Қазақ тілі»

Ғ.Әбуханов

1973 ж.

«Тіл біліміне кіріспе»

К.Аханов

1973 ж.

«Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері»
(180 бет «дыб.айтамыз жәнек естиміз, әріптерді көреміз және жазамыз» дейді.)

А.Исабаев

1979 ж.

«Қазақ тілі»

Ш.Бектұров
М.Серғалиев

1982 ж.

«Қазақ тілі»
3-класс

А. Исабаев

1989 ж.

«Қазақ тілі»
4-класс

А. Исабаев

1984 ж.

«Қазақ тілі»
Шетелде тұратын Отандастарымызға

М. Құлмағамбетова
С. Мұқашев

1986 ж.

«Қазақ тілі оқулығы»
1-класс

Р. Әміров
А. Бәкірова


6- лекция
Дыбыстардың үндесуі, олардың түрлері
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері
2. Ассимиляция, оның түрлері
3.Дыбыстардың спонтандық өзгерістері
Дыбыстардың үндесуі
Сингармонизм категориясын да, ассимиляция категориясы да – дыбыстар үндесуінің басты екі түрлі тарауы деп білуіміз керек. Дыбыстар өзгеруінің тілде басты екі түрлі жолы бар: бірі – комбинаторлық өзгерістер (игерулі өзгерістер), екіншісі – спонтандық өзгерістер (игерусіз өзгерістер).
Комбинаторлық өзгерістер – көршілес дыбыстардың біріне-бірі тигізген ықпалымен байланысты болады; белгілі бір дыбыстың екінші бір дыбысқа алмасуы да, кейде дыбыстың түсіп қалуы да немесе жаңадан бір дыбыстың пайда болуы да сөздегі өзге дыбыстардың әсерімен байланысты болады. Сондықтан дыбыстар үндесуі категориясы (оның ассимиляция, сингармонизм саласы) дыбыстардың комбинаторлық өзгерісіне жатады.
Ал, спонтандық өзгерістерде көршілес дыбыстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы болмайды. Мысалы, жүсіп – түсіп – нүсіп, Айша – Хайша. Демек, спонтандық өзгерістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болмайды, бір дыбысты өзге дыбыс игере алмайды. Бұндай өзгерісті игерусіз өзгеріс деп атайды.
Ассимиляция
Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буын құрылысы т.б. жақтарынан қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм – дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі. Ассимиляция:
А) Толық түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді. Мысалы, жаз+са, сүз+се (жасса, сүссе). Сол сияқты, з+ш немесе с+ш түрінде екі дауыссыз қатар тұрса, ш+ш түріне айналады: қаш+са, шаш+са. З+ш түрі ж+ж айналады: боз+жігіт.
Ә) Жартылай түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ұқсатады: қыз+ға, тас+қа. Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, басқа тілдерде де тым сирек кездеседі.
Ассимиляция (лат. – ұқсату) – морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы.
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз көлемінде тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қараған жөн:

  1. Прогрессивті ассимиляция

  2. Регрессивті ассимиляция

  3. Прогрессивті-регрессивті ассимиляция

Прогрессивті ассимиляция
Қазақ тіліндегі прогрессивті ассимиляция өте күшті. Біз сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұруын прогрессивті ассимиляция деп атайды.
Прогрессивті ассимиляцияның жиі кездесетін түрлері мынадай:

  1. Үнді дауыссыз дыбыстар сөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманың тек ұяң немесе үндіден басталуын талап етеді: мал+дың, ем+ді, ар+лы.

Ескертпе: қатаң дауыссыз ш мен с бұл заңға көнбейді: мал+шы, жан+сын, ал+сын, ем+ші.

  1. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да, көбінесе, ұяң болып келеді: қаз+дым, тұз+дық.

  2. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болуы керек. Ескертпе: б, в, г, д айтылуда қатаңдап, қатаң дыбыс жалғанады: геолог+ке, клуб+қа.

Айтылуда кездесетін прогрессивті ассимиляция:

  1. Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның басқы дыбысы с болса, айтылуда қосымшаның бұл дыбысы ш дыбысына айналады: жазуда ескерілмейді шаш+са (шашша), қаш+са (қашша).

  2. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң болып, одан кейінгі сөздің алдыңғы дыбысы қ,к болса, айтылуда ұяңдап ғ,г дыбыстарына айналады: жазуда ескерілмейді, атың кім?(атың гім?), ала көйлек (ала гөйлек). Сондай-ақ, с+д, т+д, ш+д келгенде д қатаңданып, т-ға жуықтайды: тас дәуір (тас тәуір), төрт дәптер (төрттәптер).

Регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз. Жиі кездесетін әсерлері:

  1. Қ,к, п дыбыстарының біріне біткен сөздерге жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы дауысты дыбыс болса, бұл үшеуі ұяңданып кетеді: жүрек+ім (жүрегім), қақ+у (қағу), шап+а+ды (шабады).

  2. Регрессивті ассимиляцияға ұшырайтын бұлардан басқа н дыбысы: күн+ге (күңге), кейін+ге (кейіңге), жанпейіс (жампейіс).

Ұяңдардан қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды. Ал з дыбысы одан әлдеқайда актив.
Тоғыспалы ассимиляция
Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жағынан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция деп атайды. Мысалы, қан қызыл, қайран қалды, айдын көл.

7 лекция




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет