Жасушадағы қор заттары. Өсімдіктің жасыл мүшелерінің (көбінесе жапырақтарында) фотосинтез нәтижесінде пайда болған органикалық заттар көмірсулар, май, белок және т.б. өсімдік денесіндегі тіршілік әрекеттеріне жұмсалып, оның өсуіне, көбеюіне, зат алмасуына қатысады. Өсімдіктің мұндай тіршілік әрекетінен артылған органикалық заттар өсімдік жасушаларында бірте-бірте қорға жиналады да, туынды немесе эргастикалық заттарға айналады. Бұған көмірсулар, белоктар, майлар жатады. Көмірсулар қоректік заттар қоры ретінде, қанттар, крахмалдар және басқада қосындылар түрінде болады. Қанттар қорға жинақталмайды, өйткені суда жақсы ериді де, сондықтан ол жасуша шырынында жинақталады. Крахмал суда ерімиеіді де, жасушада “дәндер” түрінде кездеседі. Крахмал дәндері құрылысына қарай: жәй, күрделі және жартылай күрделі болып бөлінеді. Жасушадағы бір ғана лейкопластың стромасына сіңіп, крахмал жиналатын орталық нүкте бүреу ғана болады, осындай жинақталған крахмалды – жай крахмал дәні дейді. Мысалы, мұндай крахмал – бидайда, картоп түйнегінде, бұршақ тұқымында кездеседі. Егерде кразмал бір лейкопласт строманың екі немесе үш жеріне жеке-жеке жинақталатын болса, оны күрделі крахмал дәні дейді. Бұл кезде строманың бетіндегі крахмал неше жерге жинақталатын болса – соған сәйкес нүкте көрінеді, бұлар картопта, сұлыда және т.б. болады.
Жартылай күрделі крахмал дәндерінің құрылысы күрделі крахмал дәнінің құрылысымен бірдей болады, бірақ әрбір күрделі крахмал дәнінің сыртынан қапталған бірнеше крахмал дәндерінің пішіні мен мөлшері әр түрлі болып келеді. Бидайдың крахмал дәндері дөңгелек, сұлада ұсақ көп бұрышты бұршақ тұқымдастарында сопақша келген ортасын да бұтақталған саңылаулары бар т.б. крахмал дәндерінің тұрақты пішініне қарап өсімдіктердің туыстық белгілерін анықтауға болады. Крахмал йод ерітіндісін тамызса, ол көгілдір немесе көк сүске боялады.
Белок. Өсімдік жасушаларрында болатын белок жұмсақ, қоймалжың (аморфты) және кристалл қатты күйінде болады. Өсімдіктердің тұқымдарында, жемістерінде қорға жиналған белоктарды алейрон дәндері немесе протеин дәндері деп атайды. Мысалы, олар бидай тұқымының қауызы мен жеміс серігінің астынғы жағындағы алейрон қабатын түзіп орналасады, ал асбұршақ тұқымында тұқым жарнағының әрбір жасушасында қорға жиналады. Алейрон дәндері вакуоль шырынының құрамындағы белок ерітіндісінің сусызданып, қатаюынан пайда болады.
Май. өсімідіктерде қоректік заттар қоры ретінде майлар тұқымдарда, жемістерде, спораларда кездеседі. Майлар суда ерімейді, эфирде, бензинде т.б. ериді. Қағазда дақ қалдырады. Май өсімдік жасушаларының цитоплазмасы мен пластидтердің ішінде өте ұсақ тамшы күйінде араласып жүреді. Май тамшылары кейбір өсімдік тұқымдарында өте көп болады, оларды майлы өсімдіктер деп атайды, ондай өсімдіктердің кепкен тұқымында 70 пайызға дейін май болады. Майлы өсімдіктерге зығыр, мақта, күнбағыс және тағы басқалар жатады.
Кейбір өсімдіктердің арнаулы жасушаларына эфир майы жиналады. Эфир майының өсімдік майынан айырмасы - өте тез буланғыш, спирттің және сірке қышқылының ішінде тез ерігіш, хош иісті келеді, эфир майы бар өсімдік те хош иісті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |