Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет9/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)
Пластидтер өсімдіктер жасушаларында белсенді зат алмасу процесіне қатысатын органелла болып саналады. Олада көмірсулардың, белоктардың синтезделуі жүреді. Атқаратын қызметіне және түсіне қарай пластидтер үшке бөлінеді: хлоропластар (жасыл түсті), хромопластар (сары, қызғылт-сары немесе қызыл түсті), және лейкопластар (түссіз). Пластидтердің негізі строма деп аталатын белок.
Хлоропластар (грекше “хлоро” – жасыл, “пластос” – пайда болу). Оның негізгі қызметі – пигменттерінің фотосинтезге қатысуында. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, жасыл балдырлардың хлоропластарында 70 пайызға жуық хлорофилл – А пигменті (көк-жасыл түсті), 30 пайыз хлорофилл – В (сары-жасыл түсті), ал балдырлардың басқа тобында хлорофилл – С, Д, Е болады. Балдырлар жасушасындағы хлоропласты – хромотофор деп атайды.
Хлоропластарда хлорофилдерден басқа каротиноидтер тобына жататын сары – ксантофилл, қызғылт-сары – каротин пигменттері бар. Құрылымы жағынан хлоропластар белокті липоидті дене. Олардың химиялық құрамы: 35-55 пайыз белок 20-30 пайыз липидтер 9 пайыз хлорофилл, 4-5 пайыз каротиноидтер, 2-4 пайыз нуклеин қышқылдары, ал көмірсулар мөлшері құбылмалы болады.
Хромопластар (грек. “хромос” – бояу) гүлдердің, жемістердің, жапырақтардың және кейбір тамыр жемістердің сары, қызғылт-сарғыш түске боялуы, олардың жасушаларындағы әр түрлі пигменттердің болуы.
Хломопластың химиялық құрамында пигменттері – 20-30 пайыз, липидтері- 50 пайыз, белоктары – 20 пайыз шамасында, РНК – 2-3 пайыздай. Дегенмен бұл хромопластырдың физиологиялық белсенділігінің нашарлығын көрсетеді.
Лейкопластарда – (грек. “лейкос” – ақ) түсі болмайды да пластидтердің ең ұсағы болып саналады. Лейкопластарда пигмент болмайды. Лейкопласт көбінесе өсімдіктің жер астындағы және күн сәулесі бармайтын мүшелерінде басымырақ кездеседі. Лейкопластың физиологиялық мәні – крахмал, май және белоктарды қайта синтездеуінде. Сондықтан синтезделген өнімінің табиғатына орай, лейкопластар үшке: амилопластар (крахмал), олеопластар (майлар), протеопластар (белоктар) болып бөлінеді.
Лейкопластар пішіні мен құрамы өзара ұқсас пластидтерден пайда болады, олардың айырмашылығы тек мөлшерінде. Өз кезегінде хлоропластар, хромопластар лейкопластардан дамиды. Міне сондықтанда пластидтер өзара генетикалық тығыз байланыста, шығу тегі бір, ұсақ түссіз цитоплазмалық түзінділер – пластидтер дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет