Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Цитоплазманың химиялық құрамы және физикалық қасиеті



бет5/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.
ЕМЛЕ (1)
Цитоплазманың химиялық құрамы және физикалық қасиеті.
Цитоплазманың құрамы көптеген химиялық қосылыстардан тұрады. Мұнда пайыздық өлшем бойынша су 70-90%, ақуыздар 10-20%, липидтер 2-3%, көмірсулар 1-2%, минералды тұздар 1 % - тін құрайды. Бұдан байқағаныңыздай ондағы жүретін зат алмасу реакцияларына байланысты оның құрамы үнемі ауытқып отырады. Цитоплазманың құрамындағы ақуыздар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай ақуыздар (протейндер) амин қышқылдарынан тұрады, ал күрделі ақуыздар (протейдтер) құрамында амин қышқылдарынан басқа көмірсулар болады. Оларға ақуызды гликопротеидтер, майлар болатын – липопротейдтер, нуклейн қышқылды – нуклеопротейдтер жатады. Жасуша құрамына кіретін нуклейн қышқылдарының жасуша үшін маңызы өте зор. Себебі олар генетикалық информацияны, яғни тұқым қуалаушылықты сақтайды және оны пайда болған жаңа жасушаларға, ал ол өз кезегінде жыныс жасушалары арқылы жаңа организмдерге береді. Сонымен қатар нуклеин қышқылдарының қатысуымен жасуша ішіндегі ақуыздың синтезделуі жүріп жатады. Ақуыздар сияқты нуклеин қышқылдары да химиялық қосылыстардың үлкен тізбегін түзеді. Бұл қосылысты нуклеотидтер деп атайды. Снымен қатар жасушаларда қор заттары ретінде туынды заттар (эргастикалық) заттар: көмірсулар, майлар, ақуыздар жиналады.
ЯДРО-Ядро тек цитоплазмалық ортада өмір сүре алатын жасушаның негізгі органойды. Олар тек көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда болмайды, онда ядроның орнына ядро заты нуклеопротейдтер жасуша ішінде шашырап орналасады.
Ядро жасушадағы тұқымқуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Ол осы жасушаның және осы организмнің белгілерін бұтіндей дерлік айқындайды. Сонымен бірге зат алмасу, өсу, даму және көбею процесін басқаратын, цитоплазманың органойдтарының қызметін бақылайтын орталық болуымен қатар ақуыздардың, ферменттердің синтезделуін реттеп отырады. Егер жасушадан ядроны бөліп алып тастар болсақ, онда ол жасуша көп кешікпей өледі.
Ядроның химиялық құрамының негізгі заты – күрделі ақуызды протейдтер. Протеидтердің ішіндегі маңыздылары – нуклеопротеидтер, яғни нуклеин қышқылдарымен қосыла алатын ақуыздар – 22,6%, қалған ақуыздар – 51,3%, ДНК – 14%, РНК – 12,1%. Сондай-ақ құрамында су және кальций, магний иондары бар.
Әдетте, жасушада бір ядро болады, бірақ балдырлардың кейбір түрлерінде және саңырауқұлақтарда көп ядролы жасушалар болады. Өсімдіктің түріне, жасына, жасушаның күйіне ұлпалардың типтеріне байланысты ядроның мөлшері өзгеріп отырады. Ал ядроның формасы алуан түрлі болады, бірақ ол әдетте жасушаның формасына сәйкес келеді: паренхималық жасушаларда ядро көп жағдайда шар төрізді, ал прозенхималық жасушаларда линза тәрізді немесе ұршық тәрізді болып келеді. Жабық тұқымды өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің жасушаларының ядросының диаметрі әдетте 10—25 мкм.-ге тең. Зең саңырауқұлақтарының ядросының диаметрі 1— 2 мкм.-ден аспайды, ал хара балдырларында ол 2,5 мкм.-ге дейін жетеді. Онтогенез процесінің барысында ядроның фор­масы, мөлшері жене жасушада орналасқан жері өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, жас жасушаларда ядроның көлемі мен протопластың жалпы арасалмағы 1:4-тен 1:5-ке дейін, ал толық жетілген және қартайған жасушаларда 1:20-дан 1:200 дейін барады. Мұндай арасалмақтың бұзылуы не жасушаның бөлінуіне, не оның өлуіне әкеліп соғады.
Оптикалық микроскоппен қарағанда ядро 1—3 қара дақтары, яғни ядрошықтары бар көпіршіктер түрінде көрінеді (1-сурет).
Ядроның құрылысы жөніндегі қазіргі кездегі көзқарас, оны фазалық контраст тәсілін қолдануға және электронды микроскоппен қарап зерттеуге негізделген. Ядроның құрылысының жалпы жоспары барлық жасуша­ларда (өсімдіктердің де, жануарлардың да) бірдей болады. Ол мынандай органойдтардан: ядро қабықшасынан (мембранасынан), нуклеоплазмалардан (ядро шырынынан), хромосомдардан жәнә ядрошықтан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет