Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Сүректі қос жарнақтылар сабағының анатомиялық құрылысы



бет53/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

Сүректі қос жарнақтылар сабағының анатомиялық құрылысы. Кең таралған сүректі өсімдіктерде (жөке немесе алма ағашының құрылысында) сырт жағынан ішке қарай ұлпалардың төмендегідей топтары орналасады: жабындық ұлпалар, алғашқы қабық, соңғы кабық, соңғы ксилема. Соңғы қабық пен соңғы ксилеманың арасыңда камбий бар. Аталған ұлпалар тобына толық тоқталайық.

85-сурет. Зығыр сабағының көлденең 86-сурет. Жөке сабағының көлденең


кесіндісі: 1-эпидерма, 2-алғашқы қа- 1-эпидерма қалдығы, 2-тоз, 3-коллен-
бық паренхимасы, 3-эндодерма, 4-тін хима, 4-қабық паренхимасы, 5- эндо-
талшықтары, 5-флоема, 6-камбий, 7- дерма, 6-алғашқы флоема, 7-соңғы
соңғы ксилема, 8-алғашқы ксилема, флоема, 8-өзек сәулесі, (6-8 соңғы қа-
9-өзек сәулесі, 10-өзек паренхимасы, қабық), 9-камбий, 10,11,12-үшінші,
11-өзек қуысы екінші, бірінші жылғы сүрек, 13-пер-
пендикулярлы аймақ, 14-өзек парен-
химасы (13-14-өзек, 6-14-орталық
цилиндр.

Жабындық ұлпа. Салыстырмалы түрде жас сабақтарда алғашқы жабындық ұлпа — эпидерма сақталады; екі-үш (бес) жылдық сабақтарда эпидерманың астыңғы жағынан тоз (феллема} пайда болады, одан да едәуір ересек өсімдіктердің сабағында үшінші жабындық ұлпа — қыртыс жетіледі. Тоздың


төменгі жағыңда оны түзуші бүйірлік (латеральды) меристема — феллоген немесе тоз камбийі жатады. Феллогеннің көктем және жаз кезіндегі қызметінің белсенді кезі және оның құрамыңда хлоропластары бар феллодерманың тірі жасушаларының жұқа қабаты анық көрінеді.
Алғашқы кабық. Сүректі өсімдіктердің басым көпшілігінде жабындық ұлпа перидермадан кейін бірден тақталы колленхиманың тірі жасушалары, одан төмен алғашқы қабықтың тірі жасушалары орналасады. Бұлардың құрамыңда протопласт және қымыздық қышқылының тұздары болады. Алғашқы қабықтың
ішкі қабаты — эндодерма немесе крахмалды қынап перициклмен шектеледі.
Соңғы қабық (тін). Эндодерманы іш жағынан астарлай перициклді (немесе алғашқы) тін талшықтары (склеренхима) жасушаларының тобы жатады. Одан әрі ішке қарай алғашқы флоэма, одан кейін соңғы флоэма орналасқан. Соңғы флоэманың ірілеу келген элементтері камбийден экзархты бағытта пай­да болады (86-сурет).
Соңғы флоэманың негізгі элементтері — сүзгілі түтік және оның серік жасушалары. Бұлардан басқа тін талшықтары мен тін паренхимасы бар. Бұл талшықтардың перициклдік талшықтардан айырмасы — камбийден пайда болуы. Флоэманың ірі топтарының арасынан өзек сәулесі радиус бойлап өтеді. Жасуша қабырғалары сүректеніп тығыз орналасқан бөлімі қатыңқы келетіңдіктен, тін деп аталады. Тін қабаттарының арасындағы флоэманың қалған элементтері жұмсақ немесе жұқа қабықшалы тін деп аталады, бұған өзек сәулелерінің паренхимасы да жа­тады.
Соңғы ксилема (сүрек) және камбий. Сүрек — өлі гистологиялық элементтердің жиынтығы. Оның кейбір элементтеріңде ғана тірі құрам бар. Сүректің негізгі элементтері: трахея (тұтікше), трахеида, сүрек талшьқтары (либриформ), сүрек паренхимасы және өзек сәулелерінің паренхимасы. Қос жарнақтылардың кейбір өкілдерінің сүрегінде трахеялар немесе трахеидалар ғана кездеседі. Мысалы, шағанда трахеялар, ал магнолиялардың кейбір өкілдерінде трахеидалар ғана болады. Сүрек — сабақтың орталық цилиңдрінің тіннен кейінгі екінші құрамды бөлігі. Тін мен сүректің арасында латералды меристе­ма — камбий жатыр. Ағаштардың көпжылдық діндерінің немесе бұталарының көлденең кесіндісінен сүректі қабаттар (жылдық сақиналар) жақсы байқалады. Жылдық сақиналардың пайда болуы камбий қызметі белсенділігінің жыл мезгілдерінде бірдей болмауына баиланысты. Көктемде пайда болған трахея­лар мен трахеидалардың диаметрі үлкен, саны көп, қабырғалары салыстырмалы түрде жұқа және радиалды бағытта көбірек созылады. Күзге қарай камбий жасушаларының меристемалық белсенділігі төмендейді, өйткені олар түзетін сүрек элементтерінің саны азаяды, көлемі де кемиді. Олар қалың қабырғалы, тығыз орналасқан, тангенциаль бағытта созылыңқырап, радиалды бағытта тарылады. Сондықтан оның жылдық сақиналары көзге айқын байқалады. Әдетте жылдық сақинаға сүректің бір вегетациялық кезеңде өсуі сәйкес келеді. Жылдық сақинаның өсу қарқынына және оның еніне жауын-шашын мөлшері, жылу және жарық әсер етеді. Өсімдіктердің тіршілік жағдайы өте қолайсыз болған: ауруға ұшыраған немесе зиянды жәндіктермен зақымданғанда жылдық сақиналары түзілмейді. Сол сияқты тропиктік табиғат аймағының жауын-шашын жыл бойына бір қалыпты түсетін жерінде (экватор боиы) өсімдіктердің жыл­дық; сақиналары айқын байқалмай, бір-біріне қосылып кетеді. Жылдық сақинаның түзілуіне түрдің тұқым қуалауы да әсерін тигізеді. Сондықтан кейбір тропиктік өсімдіктерде климаттық жағдайларға байланыссыз жылдық сақинлар пайда болады.
Қазбадан табылған бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы өсімдіктердің жас шамасын климатологтар мен палеонтологтар өткен жылдардағы жылдық сақиналар бойынша анықтайды. Сүрек жылдық сақиналарының саны бойынша ағаштардың жасын ажыратады. Құрғақ субтропика, дала, шөл шөлейтті аймақтардың кейбір жауын-шашын мол түскен жылдарында қосымша сақиналардың (жалған) пайда болуы мен өркеннің косымша өсуі байқалады. Мысалы, сексеуілде, эльдар қарағайында және т. б. Жалған сақиналар нағыз жылдық сақиналардан толық шеңбер жасамауымен ажыратылады.
Ағаштар жасының артуына байланысты сүректің ішкі бөліміне қоректік заттардың, оттегінің жеткізілуі, сол сияқты тірі паренхимада зат алмасу да қиындайды. Бұл қиындықтар түтікшелерде тилл пайда болуына және сүрек қабаттарына илік заттарының, эфир майларының, шайыр және тұздардың және т. б. заттардың сіңуіне байланысты. Осы аталған заттардың жинақталуынан және олардың тотығуынан, сүректің орта тұсының — ең ескі бөлімінің реңі өзгереді. Сүректің бұл бөлімі заттарды өткізуін тоқтатып, еңді тіректік (механикалық) қызмет атқарады. Сүректің осы орталық бөлігі ядро, ал оны қоршап, сырттай орналасқан жас бөлімі заболонь деп аталады (87-сурет).
Сүректің реңі өзгеріп боялған ядро бөлімі ағаш бұйымдарын және әр түрлі өсемдік бұйымдар жасауда жоғары бағаланады. Мысалы, грек жаңғағы және талшынның ядросы қызғылт қоңыр; емен мен қарағашта қоңыр; қызыл ағашта (тисс) күңгірт қызыл; қаңдағашта қызғылт сары; тұт және бөріқаракатта сары түсті болады. Кейбір ағаш сүректерінің заболонь мен ядросы реңі жағынан бірдей.
Сүректің — халық шаруашылығының әр түрлі саласына қажетті шикі зат жасауда маңызы зор. Оны құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады және одан ағаш спирті, сірке қышқылы, ацетон, қара май, шайыр, бояулар және т. б. заттар алынады.





87-сурет. Емен дінінің көлденең ке- 88-сурет. Қарағай сабағының көлденең


сіндісі: 1-қыртыс, 2-қабық, 2,3- кам- кесіндісі: 1-тоз, 2-алғашқы қабық парен-
бий, 4-заболонь, 5-ядро, 4,5-сүрек, химасы, 3-флоема, 4-камбий, 5-ксилема
6-өзек. 6-көктемгі трахеидтер, 7-күзгі трахеидтер
8-шайыр жолы, 9-өзек, 10-өзек сәулесі

Өзек және алғашқы сүрек. Сабақтың ортасында жұқа қабықшалы тірі, дөңгелек пішіндіпаренхималық жасушалардан тұратын өзек бөлімі орналасқан. Олардың құрамыилік заттарға бай. Сүрекке жақын өзектің майда жасушаларында (перимедулярлық аймақ) крахмал қоры жиналады. Өзекті айнала алғашқы ксилема орналасады. Өзектен басталған өзек сәулелері (алғашқы) радиус бойлап алғашқы қабыққа дейін созылын жатады.


Кылқан жапырақгылар сабағының анатомиялық құрылысы. Камбийдің тіршілж әрекетінің нәтижесінде қылқан жапырақтылар мен қос жарнақты сүректі өсмдіктер сырттай қарағаңда бір-біріне ұқсас. Алайда олардың гистологиялық элементтерінің құрамыңда үлкен айырмашылық бар (88-сурет).
Перидерма. Қылқан жапырақтыларда перидерма қос жарнақтағылардай болып келеді. Көпшілігінде қыртыс сырт жағынан жыл сайын сылынып түсіп отырады. Қарағайдың көпшілік түрлерінде, сауыр ағашта (кипарис), шыршаларда және самырсындарда қыртысы — біршама тегіс. Көптеген қарағайлардың қыртысы қабыршақты. Қытай қарағайы перидермасының ескі қабыршақтары реңінің күңгірт түсті, ал жаңадан пайда болғандарының ашық түсті болып келуі оған әсем көрініс береді.
Қабық паренхимасы ірі жасушалы, жас бұтақтарынын жасуша құрамыңда хлоропласт фотосинтезге катынасып, тірі жасушаларды оттегімен камтамасыз етеді. Қабық паренхимасында тің талшықтары жоқ, бірақ механикалық ұлпа — колленхима болады.
Көптеген қылқан жапырақтылардың қабық паренхимасына шайыр жолдары болады. Мәселен кипаристе шайыр кабық паренхимасы мен өзек сәулелерінің жасушаларында жиналады.
Флоэманың гистологиялық бөліктері. Қылқан жапырақтыларда флоэманың серік жасушаларының орнында сүзгілі түтіктері ұзына бойына дұрыс қатар түзіп жатады. Сүзгілі түтіктерінің ұшы үшкір және ұзындығы енінен оңдаған, жүздеген есе артық. Кейде сүзгілі түтіктер арасынан ірі паренхималық жасушаларын кездестіреміз: қылқан жапырақтыларда камбий көп қатарлы.
Сүректің гистологиялық элементтері. Сүректегі жылдық сақиналардың шекарасы айқын байқалады. Олардың камбийден көктемде пайда болған ашық түсті сақиналары жұқа қабықшалы, үлкен жолақты трахеидтерден тұрады, ал жаздағы және күздегі күңгірт сақиналар қалың қабықшалы, тар жолақты трахеидтерден тұрады. Трахеидтердің алғашқысы заттарды өткізу, ал кейінгісі тіректік (механикалық) қызмет атқарады. Қарағайдың және барлық ашық тұқымдылардың сүрегі гомоксилярлы, яғни радиалды қабырғаларында көптеген жиекті поралары бар трахеидтерден ғана тұрады. Трахеялары мен меха­никалық ұлпалары (либриформ) болмайды. Сүрек паренхимасын өзек сәулелері және шайыр жолдарын қоршап тұрған паренхималық жасушалар қүрайды. Сүректе шайыр жодцары жа­тады, олар бөліп шығару орындары. Шайыр жолдарын жұқа кабықшалы тірі паренхималық жасушалардан тұратын эпите­лий қабаты қоршаған.
Сабақтың орталығындағы өзек бөлігі паренхималық жасушалардан тұрады. Өзектен радиалды бағытта бір қатар тірі паренхималық жасушалардан тұратын өзек сәулелері тарайды. Олардың біразы өзектен басталып (алғашқы сәулелер), қабыққа дейін созылып жатады да, кейбіреулері сүректің жылдық сақиналарының бірінен басталып (соңғы сәулелер) қабыққа кейде жетіп, кейде жетпей аяқталады. Өзек сәулелерімен горизонталды бағытта суда еріген минералдық тұздар жылжиды. Өзек сәулелерінің жасушалары бір-бірімен жай поралар, ал трахеидалар мен жартылай жиекті поралар арқылы қатынасады және пора тек трахеидалар жағынан ғана жиектеледі.
Дара жарнақгылар сабағының анатомиялық құрылысы. Дара жарнақтылар сабағы құрылысына тән ерекшелік — онда камбийдің болмауы. Осыған байланысты өткізгіш шоқтары тұйықталып, сабақ жуандап өсуін шектейді, алғашқы қабық пен орталық цилиндр арасыңда айқын шекара байқалмайды. Дара жарнақтылар сабағының құрылымы шоқты болып келеді (89-сурет).

89-сурет. Құрғашаш сабағының көлде- 90-сурет. Қара бидай сабағының


нең кесіндісі: 1-эпидерма, 2-хлоренхима көлденең кесіндісі: 1-эпидерма, 2-
эндодерма, (2-3 алғашқы қабық), 4-пери- склеренхима, 3-хлоренхима, 4-тұй-
цикл склеренхимасы, 5-негізгі паренхи ық коллатералды шоқ, 5-негізгі
ма 6-тұйық коллетералды шоқ (4-6 орта- паренхима, 6-сабақ қуысы
лық цилиндр

Дара жарнақтыларда, қос жарнақтыларға қарағанда, сабақтың шөптесін түрі басым. Шөптесін дара жарнақты сабақтарда тіршілігінің соңына дейін алғашқы құрылыс сақталады.


Шөптесін дара жарнақтыларда анотомиялық құрылысы жағынан айырмасы бар сабақтың мыңадай екі түрін ажыратуға болады: алғашқы қабығы — жақсы жетілген сабақ және алғашқы қабығы — нашар жетілген сабақ. Сабақтың алдыңғы түріне лалагүлдер, құртқашаштар, амарилистер тұқымдасының өкілдері жатады. Бұларда алғашқы қабық хлоропластарға бай (хлоренхима) паренхималық жасушалардың бірнеше қатарлы қабатынан тұрады. Ол қабат өзінің ішкі бөлігі эндодерма арқылы перициклдік склеренхимамен жанасады.
Алғашқы қабық нашар жетілген сабақ астық тұқымдасы өкілдерінің басым көпшілігіне (бидай, қара бңдай, жүгері және т. б.) тән. Бұларда эпидермадан ішке қарай бірден сүректенген склеренхима талшықтары бірнеше қатар түзіп орналасады. Кейбір астық тұқымдастарда склеренхима талшықтарының арасында жұқа кабықшалы, құрамыңда хлоропластар бар паренхималық жасушалардың тобы сақталған. Олар фотосинтез қызметін атқарады және сабаққа серпімділк қасиет береді (90-сурет).
Дара жарнақтылардың өткізгіш шоқтарының құрылымы бірыңғай, яғни тұйық коллетералды. Шоқтағы трахея жасуша қабықшалары сақиналы серіппелі қалың болып келеді. Флоэманың сүзгілі түтігі төрт серік жасушасымен жанасады, мұнда паренхималық жасушалары болмайды. Шоқ склеренхима талшықтарынан тұратын қынаппен қоршалады.
Шоқтардың шеттен орталыққа қарай орналасуында белгілі заңдылық байқалады. Орталыққа қарай майда және жиі, шетке қарай шоқтардың көлемі ұлғайып, сиректей бастайды.
Сабан сабақты астық тұқымдастарда шоқтар екі-үш қатар түзіп, шеңбер бойыңда белгілі бір ретпен орналасқан.
Сүректі дара жарнактыларға жататын пальмалар, юккалар, драценалар, алоэ және басқаларда сабақтың жуандап өсуі — қалыңдату сақиналарының қалыптасуына байланысты. Сақина алғашқы қабықтың паренхималық жасушаларының шеткі қабаттарынан түзіледі. Ол қабат жасушалары сабақтың орталығына қарай меристемалық жасушаларды белсенді бөледі. Осыдан кейін жуандату сақинасының меристемалық жасушаларының саны артып, ол жерде жаңа тұйық шоқтар (пальмада — коллатералды, драценада — шеңберлі) пайда болады. Жуандату сақинасының біреуі өткізгіш шоқтардың бір қатарын ғана жасайды. Жаңа жуандату сақинасы шоқтардың сырт жағынан қабықтың шеткі паренхималық жасушаларынан жетіледі. Осы сияқты жуандату сақинасының бірнеше per тұзілуі нәтижесінде сабақ жуандап өседі. Жуандату сақиналарының саны табиғат жағдайларына, өсімдіктің жасына және түріне байланысты өзгеріп отырады. Сүректі дара жарнақтыларда шоқаралық паренхималар түгелдей сүректенеді. Эпидерманың перидермамен ауысуы жуандату сақиналарының пайда болуымен қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет