Шоқты құрылыс. Сабақтың бой конусында прокамбий шоқтары жеке топтар түзген жағдайда ол флоэма мен ксилеманың арасында қалады. (83-сурет). Прокамбийден шоқ камбийі, ал алғашқы өзек сәулелерінің паренхималық жасушаларын шоқаралық камбий пайда болады. Өткізгіш шоқтағы шоқ камбийі соңғы флоэма элементгерін шетке қарай (алғашқы
флоэмаға), ал соңғы ксилема элементтерін орталыққа (алғашкы ксилемаға қарай) бөледі. Шоқты құрылысты қос жарнақтылардың дара жарнақтылардан айырмасы — шоқтар шеңбер түзіп, сабақ бетінен бірдей қашықтықта орналасады.
Сабақтың шоқты құрылысы қос жарнақты шөптесін өсімдіктердің басым көпшілігінде, мысалы, сарғалдақ, кирказон, асқабақ, сүйелшөпте, ал сүректі өсіміктерден — сексеуіл, жүзім және т. б. кездеседі.
Өтпелі құрылыс. Мұнда сабақтың алғашқы құрылысы шоқты келеді. Басты өзгерісі камбийдің қызметімен байланысты. Өтпелі құрылыста шоқаралық камбий соңғы флоэма мен соңғы ксилема элементтерін жасайды. Бұрынғы шоқтардың арасында жаңа шоқтар пайда болады. Сабақтың ескі бөлігінде шоқаралық камбий шоқ камбийімен қосылып, шеңберлік камбий түзеді. Сабақтың ұзына бойына созылып жатқан соңғы флоэма мен соңғы ксилема элементтері бір-бірімен түйісіп, көлденең кесіндісінде шеңберлі қабаттар тәрізді болып көрінеді. Ал алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема элементтерінің сақталуы — сабақ дамуының бастапқы кезеңінде шоқты болғанының дәлелі. Мұндай құрылысы күнбағыс, жер алмұрты, сары қалуен және т. б. өсімдіктердің сабағына тән (84-сурет).
Тұтас (шоқсыз) құрылыс. Прокамбий қуыс цилиндр түрінде қалыптасады. Көлденең кесіндісінің пішіні тұйық сақина тәріздес. Прокамбий жасушалары өсу немесе бөліну, жіктелу қызметін атқарады. Прокамбий жасушаларының жіктелуі нәтижесінде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема пайда болады.
Прокамбий кешікпей бір қабатты камбийге айналады. Осының нәтижесінде соңғы флоэма мен соңғы ксилеманың тұйық цилиндрлері түзіледі. Сабақтың алғашқы және соңғы құрылысында да флоэма мен ксилеманың элементтері тұтасынан қуыс жасай түзіледі.
Сабақтың мұндай тұтас құрылысы шырмауықгүл түрлеріне, зығыр және тағы басқа сол сияқты жабық тұқымдылар (қос жарнақтылар) мен ашық тұқымдыларға жататын сүректі өсімдіктердің үлкен тобына тән (85-сурет).
Шөптесін қос жарнақтылар сабағы эпидермадан, алғашқы қабықтан және орталық цилиңдрден тұрады. Бұл бөліктердің гистологиялық құрылымымен лабораториялық сабақтарда нақты объектілерді пайдалана отырын, танысқан жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |