121-сурет. Тұқым бүрінің типтері және құрылысы:
1- ортотропты, 2 – анатропты, 3 – гемиропты, 4 - кампилотропты;
5 – амфитрты, Ұқ - ұрық қалтасы, а — микропиле (тозаң саңылауы),
6–интегументтер, в–нуцеллус, г–тқұым трегі (фуникулюс), д–халаэа
Плацентация типтері. Жатында тұқым бүршіктерінің бекінетін жері плацента деп аталады. Жатын ішіңде плаценталардың орналасуына қарай плацентация типтері ажыратылады.
Қабырғалық плацентацияда тұқым бүршіктері жатынның ішкі қабырғасына бекінеді. Қабырғалық плаңентация париетальды және медианды деп бөлінеді. Париетальды тұқым бүршіктері жеміс жапырақшалары тігісінң ұзына бойына бекінеді, ал медианды плацентацияда тұқым бүршіктері жеміс жапырақшасының орталық жүйкесінің ұзына бойына орналасады. Қабырғалық плацентация жабық тұқымдылардың түрлері мен қатарларына тән (крестгүлділер, апиындар, шегіргүлділер, талдар).
Бағаналы плацентацияда тұқым бүршіктері плаценталардың кірігуінен пайда болып, жатынның ортасыңда орналасқан бағанаға бекінеді. Бағаналы плацентация примулаларға және орталық тұқымдыларға тән.
МЕГАСПОРОГЕНОЗ. ҰРЫҚ ҚАЛТАСЫНЫҢ ДАМУЫ (МЕГАГАМЕТОГЕНЕЗ)
Мегаспоралардың пайда болуы мегаспорогенез деп аталады. Мегаспорогенез — тұқым бүршіктерінде жүретін процесс. Тұқым бүршіктерінің жоғарыда қарастырылған құрылысы қалыптасқаннан кейін нуцеллустың субэпидермальды қабатының бір жасушасы көлемін ұлғайтын өсе бастайды. Бұл — археспориальды жасуша немесе мегаспоралардың аналық жасушасы. Диплоидты жасуша мейоз жолымен бөлініп, оның гаплоидты мегаспоралар тетрадасы пайда болады. Осыдан кейін ұрық қалтасы — аналық гаметофиттің қалыптасуы (мегагамметогенез) басталады. Одан ары төрт мегаспораның үшеуі жаншылып ыдырайды. Әдетте осылардың біреуі ғана, яғни тұқым бүршігінің халаза жағындағысы дамуын жалғастырады. Мегаспора жасушасы көлемін ұлғайтады, оның ядросы митоз жолымен кезектесіп үш peт бөлінеді. Бірінші бөліну кезінде екі ядроның ортасындағы ірі вакуоль ұзарған жасушаның екі полюсіне ығысады. Бұдан кейін бұл ядролардың әрқайсысы екіден бөлініп, өр полюсте төрттен ядро қалыптасады. Бұл — ұрық қалтасы дамуының сегіз ядролық кезеңі. Одан әрі әр полюстен бір ядро бөлініп (полюстік ядролар), ұрық қалтасының ортасына қарай жылжиды. Бұлар ұрықтануға дейін, кейде одан кейін қосылады. Қосылу нәтижесінде ұрық қалтасының диплоид хромосомалы орталығы немесе соңғы ядросы пайда болады. Полюстерде қалган ядролар цитоплазмамен қоршалып, жасушаларға айналады да, бір-біріне жанаса тығыз орналасады. Микропиле полюсіндегі көлемінің үлкеңдігімен ерекшеленетін жасушаның біреуі аналық гаметаға — жұмыртқа жасушасына айналады. Оның жанындағы көлемдері шамалас екі жасуша синергидтер деп аталады. Жұмыртқа жасушасы мен оның синергидтері жұмыртқа аппаратын түзеді. Халаза полюсіндегі үш ядро дараланып дербес жасушаларға айналады. Бұл жасушалар антиподтар деп аталады.
Сөйтіп жабық тұқымды өсімдіктің жалғыз мегаспорасы тұқым бүршігнің (мегеспорангияның) ішінде өсіп жетіліп, жеті жасушалы аналық гаметофитті өмірге әкеледі. Жабық тұқымдылардың аналық гаметофиті өте қатты редукцияланған. Сырттай қарағанда аналық гаметофит қапшыққа ұқсайды. Оның ұрық қалтасы деп аталуы да осыдан. Ұрықтанудан кейін жұмыртқа жасушасынан (аналық гамета) ұрық, орталық жасушадан эндосперм жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |