Лекция 7. Бөліп шығарушы ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар
БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ ҰЛПАЛАР
Барлық тірі ағзалар тәрізді өсімдіктерде де зат алмасу процессі жүріп жатады. Соның нәтижесінде әр түрлі қосылыстар түзіледі, ыдырайды, қабылданады және бөлініп шығарылып отырады.
Өсімдіктердің арнаулы бөліп шығарушы мүшелеры болмайды, бірақта экскректорлық заттар организмнен қалай-да сыртқа шығарылып отырады, немесе белгілі бір орындарда (қуыстарда) жиналады. Осыған байланысты бөліп шығарушы ұлпалардың екі тобы болады: ішкі және сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар. Олардың, біріншісіне, сүт жолдары, жекелеген бөліп шығарушы жасушалар (идиобластар), схизогендік және лизогендік қуыстар жатады. Ішкі бөліп шығаратын заттардың өнімдері илік заттар, смолалар, эфир майлары және басқалар. Екіншісіне, мүшелердің Үстінде орналасқан безді түктер мен өсімдік бездері жатады; сыртқы бөліп шығарушы заттардың өнімдеріне эфир майлары, шірнеліктер, су және басқалар жатады.
Сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар.
Безді түктер. Эпидермистің жасушаларынан пайда болады. Олар эфир майларын, шайырды, және т.б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ түрінде, сүйық және қатты күйінде өсімдік денесінен сыртқа шығарып отырады (55-сурет). Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақта өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады. Орналасуына қарай сыртқы және ішкі, құрылысына қарай жай және күрделі, бөлінетін заттарына қарай тұзды, майлы, шайырлы, шырышты безді түктер деп жіктеледі.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің мүшелерының сыртына көмірсулардың (тәтті сұйық зат – некткар немесе шірнелік) ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнелік негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозандануын қамтамасыз ететін насекомдарды өздеріне еліктіреді. Шірнелік жасушаларының цитоплазмасы қою және оларда зат алмасу белсенді жүреді. Шығу тегі алып жатқан орнына қарай – флоральді және экстрофлоральді деп бөлінеді. Флоральді гүлдерге тән, ал экстрафлоральді вегетативті мүшелерге тән.
Гидатодтар. Бұл сулы устьицелар, эпитема жасушалары, жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы-талшық шоғы. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығарады.
Гиодаттар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуаттация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су жиналған кезде (шық) байқалады. Гуаттация арқылы өсімдік өзінің денесіндегі артық судан және тұздан арылады.
Достарыңызбен бөлісу: |