Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Құртқашаштың (ирис) жапырағының эпидермасы



бет19/73
Дата09.04.2023
өлшемі7,76 Mb.
#174032
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
Лекция Ботаника п ніне кіріспе Ботаника сімдіктер туралы ілім.

37-сурет. Құртқашаштың (ирис) жапырағының эпидермасы:
А-үстінен қарағандағы көрініс; Б-устьице аппараты; В-көлденең кесіндісі: 1-түйістіргіш жасушалар; 2-устьице саңылауы; 3-ауа қуысы; 4-эпидерманың жасушалары; 5-кутикула; 6-мезофилдің жасушалары.



38-сурет. Түктер:
А- бір жасушалы (алма); Б-көп жасушалы (темекі);
В-бұтақтанған (аюқұлақ-коровяк); Г-жұлдыз тәрізді (жиде).

Эпидермада газ алмасуды және судың булануын (транспирация) реттеп отыратын ерекше устьице аппараты болады. Ол екі маманданған түйістіргіш (көмкерме) жасушадан және олардың арасында болатын устьице саңылауынан тұрады. Түйістіргіш (көмкерме) жасушаларда хлоропластар болады. Эпидерманың жасушасы жағындағы қабықшасы, саңылау жағындағы қабықшасына қарағанда көп жұқа болады (37, Б, В-суреттері).







39-сурет. Бузина сабағының перидермасы:
1-жасымықшаның орындаушы ұлпасы; 2-эпидерманың қалдығы;
3-тоз (феллема); 4-тоздық камбий (феллоген); 5-феллодерма.

Эпидерманың түйістіргіш жасушаларға тиісіп тұратын жасушаларының формасы қалған жасушаларынан өзгеше бо­лады. Оларды қосымша (побочны) жасушалар деп атайды. Устьице аппараты жапырақ тақтасының екі бетінде де орналасады. Жер бетіндегі өсімдіктерде олар негізінен жапырақтың астыңғы бетінде, судағы өсімдіктердің жүзіп жүретін жапырақтарының тек үстіңгі бетінде орналасады. Устьице аппаратының астында ауа қуысы анық байқалады. Онда су булары, оттегі және көмір газы жиналады.


Эпиблема немесе ризодерм. Эпиблема – тамырдың бой конусының дермотеген қабатынан пайда болатын қабылдаушы қызметі басымырақ алғашқы жабындық ұлпа. Олар бір жылдық шөптесін өсімдіктердің тамыры мен көп жылдық сүректі өсімдіктердің жас тамырларларының сыртын жауып тұрады. Бұлардың устьице аппараттары, кутикуласы, балауыздары болмайды, тек эпифиттердің ауа тамырларында устьице кездеседі.
Тамыр түгінің қызметі – өсімдіктің өсіп тұрған ортасынан су және суда еріген минералдық тұздарды сорып өсімдіктің басқа мүшелеріне жылжыту.
Соңғы жабынды ұлпа. Алғашқы жабындық ұлпа өсімдіктерде мәңгі сақталмайды, жасының артуына байланысты түлеп түсіп, оның орнына соңғы жабындық ұлпалар қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет